Ақша және инфляция
Жоспар
1. Ақшаның пайда болуы және мәні 3
2 Ақша қызметі 4
3.Ақшаның қысқаша тарихы 5
4.Акша және инфляция 7
Пайдаланылған әдебиет 12
1. Ақшаның пайда болуы және мәні
Ақша- адамзаттың ұлы жаңалық тарихының бірі. Әрбір өркениет ақшаның өз түрін шығарған еді. Ақшаның рөлін айырбастауға ең тиімді тауар атқарды. Әлем халықтарында ақшаның рөлін әртүрлі тауарлар атқарды: тұз, мақта маталар, мыс білезіктер, алтын топырақ, жылқылар, сонымен бірге кептірілген балық та. Мысалы, ХV ғасырда Исландияда ақша ретінде кептірілген балық пайдаланды және бағалар осындай болды:
2 Ақша қызметі
Ақша экономикада бірнеше қызмет атқарады:
1. Ақша – төлем құралы. Ақша ең алдымен, тауар айырбастауды жеңілдету үшін ойлап шығарылған еді. Ақша – бұл айырбастауға қатысатын адамдарға қажетті ерекшк тауар.
2. Ақша арқылы әртүрлі қажеттіліктер қанағаттандыры-лады, сондықтан ақша саудаға қатысушылардың арасында тауар айналымын жеңілдетеді. Ақша – айналым құралы.
3.Ақшаның қысқаша тарихы
а) Ежелгі ақшалар.
Ең алғашқы ақшалар Қытай және Индия патшалығында б.э.д. 7- ші ғасырда пайда болды. Б.э.д. I Дарий қарсы патшасы айналымға шақаларды енгізді.
Қағаздан жасалған ақшалар б.э.д. 8-ші ғасырда Қытайда пайда болды. Қағаз ақша 7-8 ғасырларда Қытайға келген саяхатшыларға үлкен әсер етті. Марко Поло қағаз шығару – бұл алхимиктер тырысқан мақсатқа жетудін жаңа әдісі деп жазды. 13- ші ғасырда Шыңғысхан мемлекетінде қағаз ақша алтынға еркін ауыстырылды, сондықтан қағаз ақшаны қолдан жасау үлкен кіріс әкелді және ауыр қылмыс деп саналды.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деген түсінік жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән «ғажайып» құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Пайдаланылған әдебиет
1. Кәсіпкерлік іс - әрекеттің негіздері. Экономикалық теория. В. М. Власова ред. М., 1999 ж.
2. Эдвин Дж. Долан, Дэвид Е. Линдсей. Макроэкономика. СПб., 1994 ж.
3. Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов У. С., Комягин Б. И. Жалпы экономиялық теория. Ақтөбе., 2004 ж.
4. Я. Әубәкіров., К Нәрібаев. Эономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алмты – «Санат» 1998 ж. – 479б.