Дәріс Жазаны қоғамнан оқшауламай атқару
Жоспар
1. Дәріс Жазаны қоғамнан оқшауламай атқару 3
2. Дәріс Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару 13
3. Дәріс Түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырушылық негіздері мен бас бостандығынан айыруды атқарудың ерекшеліктері 18
Негізгі әдебиеттер 39
1. ДәрісЖазанықоғамнаноқшауламайатқару
Осы жаза санаттарына Айыппұл, белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы немесе қүрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградан айыру, мүлікті тәркілеу, қоғамдық жұмыстарға тарту, бас бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары түріндегі жазалар жатады. Бұл жазалардың бас бостандығынан айыру жазасынан басты ерекшелігі сол, бұнда сотталғандарға тәрбиелік әсер ету шаралары жиі қолданылмайды.
Айыппұл ҚР қылмыстық заңында көрсетілген реттерде және жаза тағайындау кезінде қолданылып жүрген айлық есеп көрсеткіштің белгілі бір мөлшерінде, не сотталушы адамның жалақысының немесе белгілі бір кезеңдегі басқа да табыстары көлемінде тағайындалатын ақша өндіру болып табылады.
Сотталушының айыппұлды төлеуге мүмкіндігі бола тұрып, сот орындаушысының ескертуіне қарамай төлемесе, оны айыппұл телеуден қасақана жалтарушы деп тану керек. Мысалы, сотталушының мүлікті тізімге тіркеуден жасыруы, жүмыстан шығып кетуі, тізімге алынған мүліктерін немесе белгілі үлестерін жасыруы тәрізді, т.б. әрекеттер.
Айыппұл жазаның негізгі түрі ретінде тағайындальш оны төлеуден әдейі жалтарған жағдайда, қылмыстық заңда көзделген ережелерге сәйкес, айлық есеп көрсеткіштің үш еселенген мөлшерімені немесе, айыппұл сомасы үшін тиісінше бір ай түзеу жүмыстарына немесе 80 сағат қоғамдық жүмыстарға тартумен немесе 10 күнге қамаумен ауыстырылады.
Негізгі жаза шартты түрде тағайындалған жағдайда, қосымша жаза да тағайындаса, онда қосымша жазаның мерзімі есептеле береді. Егер негізгі жазаға шартты түрде сотталған адам сол мерзім ішінде қайтадан қылмыс жасаса, онда сот шартты соттаудың күшін жойып, ол адамды жазаны өтеуге міндеттейді, бірақ қосымша жазаның мерзімі өтіп кетсе, онда қосымша жаза есептелмейді. Ол өтелінген болып саналады.
Белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде де, қосымша жаза ретінде де шартты соттау түрінде белгіленбейді, бұл жағдай заңда қарастырылмаған.
2. Дәріс Қоғамнан оқшаулаумен байланысты жазаларды атқару
Қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы сотталған адамның нсгізгі тұрғылықты мекені бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының жергілікті атқару органдарымен бірлесіп анықталған өндіріс орындарында өтіледі.
"Қоғамдық жұмыстар"деген атаудың өзінде жазаның тәрбиелік ролін көрсететін мағына жатыр, яғни "қоғамдық жұмыстар" ретінде, арнайы мамандықты қажет етпейтін, барлық адамдардың қолынан келетін (мысалы, үй-жайларды жөндеу, ағаш отырғызу, тазалык жүргізу, т.б.) жұмыстар ескеріледі. Мұндай жүмыстардың орындалуы — осы жазаның ең төменгі талабы болып табылады. Ал қажетті жағдайлар болғанда, сотталғандар өз мамандығы бойынша да жазаны өтей алады. Себебі сотталған адамға жұмыс беруші мекемелер, кәсіпорын атқарылатын жұмыстың түрін өздері анықтайды. Қоғамдық жұмыстарды орындау жазасында сотталған адамдарға еңбегі үшін ақы төленбейді. Бұл дүрыс. Себебі осы жазаны өтеп жүргенадамның негізгі жұмыс орнында айтарлықтай оған қатысты өзгерістер болмайды. Ал қоғамдық жұмысттарды орындаудан түскен қаражат жергілікті бюджетке аударылады.
Қылмыстық-атқару инспекциясы бұл жазаны атқаруға байланысты мынандай әрекеттерді атқаруға тиісті. Олар сотталғандардың есебін жүргізеді, жазаны өтеушілерге жаза өтеудің тәртібі мсн ережелерін түсіндіреді, жергілікті атқарушы органдарымен немссе жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қоғамдық жұмыстарды орындау объектілерін анықтайды. Сондай-ақ инспекция, сотталған адамдардың мінез-құлқын бақылап, жазаны өтеуден бұлтарған сотталғандарды ұстау туралы шешім қабылдайды және олардың атқарған жұмысы мен уақытының есебін жүргізіп, орындалған жұмыстар-дан түскен қаражаттың бюджетке түсуін бақылайды.
3. Дәріс Түзеу мекемелерінің қызметін ұйымдастырушылық негіздері мен бас бостандығынан айыруды атқарудың ерекшеліктері
Сотталушыны түзеу жұмыстарына тарту туралы сот үкімініңкөшірмесі қылмыстық-атқару инспекциясына келіп түскеннен кейін, жаза 15 күннің ішінде басталуы тиіс. Бұл уақыттың ішінде қылмыстық-атқару инспекциясы сотталушыны есепке алып, оның жаза өтеуі туралы ісін жүргізеді және сотталған адам жұмыс жасайтын орынға хабарлама (үкім көшірмесін жібереуі) жасайды. Сонымен қатар, осы уақыт ішінде сотталушы да қылмыстық-атқару инспекциясына келіп, жаза өтеудің тәртібі мен жағдайларынан хабардар болуы керек.
Сотталушының негізгі жұмыс орны болмаса, бұл жаза тағайындалмайды және қылмыстық-атқару инспекциясының міндетіне сотталушыны жұмысқа орналастыру кірмейді.
Сот орындаушысы өз міндеттерін орындау үшін, жазаны атқару мәселесіне байланысты мәліметтер мен анықтамалар ала алады, керекті лауазымды адамдар мен басқа да азаматтарды шақыртады және үкімді орындау мақсатында қаржылық құжаттарды тексертіп, мүліктің орны белгісіз болғанда іздестіру шараларын жүргізеді. Тәркілеуге жататын мүліктерді іздестіру мақсатында, сот орындаушысы сотталушының үйіне немесе басқа да меншікті қоймаларына тінту әрекеттерін жүргізе алады. Мұндай тінту әрекеттерін жүргізу кезінде айғақтардың қатысуы міндетті, олар мүліктің табылғанығ, тізімге алынғанын және басқа біреулерге уақытша берілгенің растайтын тұлғалар ретінде қатысады.
Нормативтік актілер
1.ҚР Заңы « Атқару өндірісі мен сот орындаушысының статуты » 30.06.1998 ж. // Егемендік Қазақстан. 10.07.1998 ж.
2.Жазаны орындау инструкциясы, не связанных сизоляцией осужденного от общества. Утв. Приказом Министра юстиции РК№151от11.12.2001 г.
3.Инструкция по организации исполнения наказания в виде ограничения свободы. Утв. ПриказомМинистраюстиции РКот 26.11.2004 г.№343.
Негізгі әдебиеттер
1.Богалева О.Г., Сизякин В.М. Правовое регулирование труда лиц, отбывающих условное наказание без лишения свободы и меры административно – медицинского характера.М., МФ ЮЗИ МВД СССР, 1979.
2.Богданов В.Я.Деятельность инспекции исправительных работ по трудоустройству и перевоспитанию осужденных.М., 1988.
3.Бушуев И.А.Исправительные работы. М., Юрид.,лит., 1968.
4.Потемкина А.Г. Условия отбывания исправительных работ без лишения свободы.М., 1978.
5.Журавлев М.Н., Никулин С.Л., Романов А.К. Наказания, не связанные с мерами исправительно – трудового воздействия на осужденных и их исполнение. М., ВНИИ, 1986.
6.Жұмағұлов Т. Еңбек түзулердің тура жолы //Заң газеті 12 қараша, 1997 ж