Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Реферат

Объем: 8 стр.

Полный просмотр работы

Біртұтас алаш идеясы және шығыс түркістан ұлт-азаттық қозғалысы

Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады.

Милллиондаған адамның тағдырын тезге салған бұл оқиға туралы қарама-қарсы мүдделер мен пікірлерді зейін қойып зерделеу – тек қана қазақтың ғана емес, сонымен қатар орыс, қытай, монғол, қырғыз тарихшыларының міндеті боп саналмақ.

Демек, біз бүгін «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің құрбандарын қалай қасиеттесек, оларды да солай құрмет тұтуымыз керек. Кеше, қызыл жауынгерлер мен қарт коммунистерді ардагер деп қалай әспеттесек, оларды да солай қадірлеу – парызымыз.

Егерде біз өзіміздің ұлттық тұтастығымызды дүние қауымдастығы алдында дәлелдеп, мойындатқымыз келсе, онда бұл мәселе ерекше назарға ілінуі тиіс. Бұл мәселеге тұсауы енді ғана кесілген талантты да батыл, көзқарақты тарихшы Бүркіт Аяғанов басқарған Президенттік Мемлекет тарихы институты ерекше ықылас білдіреді деп сенеміз.

Бұл да біздің біртұтас Алаш идеясына, біртұтас ұлт-азаттық көтерілісінің құрбандарына, тәуелсіздігіміздің тарихына деген ұлттық тағзым болары сөзсіз.