Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 12 стр.

Полный просмотр работы

Сыр бойы батырлары тәуелсіздік жолында

Жоспар
Кіріспе 3
Ел бiрлiгiн нығайтқан майдан 3
«Келте тонды Келмембет» 3
«Ақтабан шұбырынды» 5
Бостандықтан - бодандыққа 6
Қоқаңдаған Қоқан 8
Азаттық үшiн күрес 9
Отарлық кезең 11

Кіріспе
Қазақ хандығы тұсында Сырдария өзенінің бойын иелену мақсатындағы соғыстар бір-екі ғасырға созылды. Әсіресе, Бұрандық ханның тұсында дария бойындағы қалалар Шайбанилер хандығымен екі арада кезек-кезек қолдан-қолға өтті. Сондай-ақ XVI ғасырдың екінші жартысында Сыр өңірі қалалары үшін күрес қызды. XVI ғасырдың аяғы мен XVIІ ғасырдың басында қарақалпақтар сыртқы саяси әрекеттерінде белсенділік танытып, Сырдария аймағы мен Ташкентті уақытша басып алды.

Ел бiрлiгiн нығайтқан майдан
Тәуке ханның Сырдарияның орта ағысындағы отырықшы аудандарды қосып алуы, қазақ хандығының экономикасына, қоғамдық-саяси құрылысына ықпал жасағаны белгiлi.

«Келте тонды Келмембет»
Ел қорғау мәселесi бiрiншi орынға қойылғандықтан, осы кезеңнен бастап қазақ батырларының тұлғалары дараланып, рөлi күшейе түстi. Олардың зор құрметке бөленуi де сондықтан.

«Ақтабан шұбырынды»
Iргесiне тықыр таянған қазақ 1710 жылы Қарақұмда үш жүздiң басы қосылған үлкен жиын шақырды. Қалмақ қатерiне қарсы не iстеймiз деген әңгiме қозғалды. Әркiм әр түрлi пiкiр айтты. Қопарыла көшiп қалмақтан қашып құтылайық деушiлер де болды. Батырлар мен билер, сұлтандар ақыры бiр уәжге тоқтады. Елдi бiрiктiрiп ортақ жауға қарсы тұрмаса, кешiгедi. Сондықтан, қол жию керек. Осы сөзге тоқтаған ел қолбасы Әбiлхайыр сұлтан мен Бөкенбай батырға бата бердi. Сондықтан да 1723 жылдың көктемiнде мал төлдеп жатқанда, жоңғар қалмақтары қазақ жерiне андыздап лап қойды. Мұны күтпеген қазақтар мал-жаннан күдер үзiп, босып кеттi. Тарихта бұл «Ақтабан-шұбырынды» деген атпен қалды.

Әбiлхайыр хан Табын Бөкенбай батырға үш жүзге сауын айтқызады. Қарақұмға иiсi Алаштың атқа мiнiп, қару ұстай алатын азаматтары ағылды. Халық батырларға қарап, соңдарынан ердi.
Қарақұмның терiскей шығысындағы екi-үш көштiк Бiлеутi, Бұланты өзендерiнiң жағасында Қарасиыр (Қара серi) деген жерде үлкен соғыс болды. Әбiлхайыр, Бөкенбай, Саурық (Саңырық), Тайлақ батырлар бастаған қазақ қолы қалмақтарды күйрете жеңдi. Бұл «Ақтабан-шұбырындыдан» кейiнгi алғашқы жеңiс едi. Мұның маңызы орасан зор болды.

Бостандықтан - бодандыққа
Қазақ елiнiң сыртқы саясаттағы ахуалы таңдау жасауға мәжбүр еттi. Батыстан Ресей, шығыстан Қытай мысықтабандап жылжып, тынысты тарылтып келе жатты. Кейiнгi жылдары сан-саққа жүгiртiп, әдiл бағасы берiлмей жүрген Әбiлхайыр ханның сыртқы саясаттағы көрегендiгiне қол қоятын уақыт жеттi. Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алып, Орал тауынан асып жылжып келе жатқан Ресей шекарасы қазақ даласын үш жағынан қаусырмалады. I Петр аманат етiп кеткен тапсырма - Қазақстанды қандай жолмен болса да қолына алуға кiрiсiп жатқан. Ерте ме, кеш пе отарлық қамыты мойынға iлiнетiнi анық едi. Әбiлхайырдың Ресейге қосылу идеясына түсiнiкпен қараған жөн дейтiнiмiз де сондықтан.

Қоқаңдаған Қоқан
Абылай хан қайтыс болғаннан кейiн Ташкент қаласын 1784 жылдан Жүнiс қожа билеп, қазақ хандығынан iргесiн ажыратты. XVIII ғасырдың соңына қарай Шымкент, Түркiстан қалалары Жүнiстiң билiгiне көштi. Ол 1799 жылы Қоқан ханына қарсы соғыс жариялап, жеңiлдi де, Ташкент пен Шымкент Қоқанға қарады. 1815 жылы Қоқан ханы Омар Түркiстанды алып Сырдарияны бойлай төмен жылжыды. Жаңақорған, Жөлек, Ақмешiт, Шымқорған, Қосқорған бекiнiстерi салынды.

Азаттық үшiн күрес
Орталық езгiге қарсы қазақ даласында ұлт-азаттық көтерiлiстер басталды. XVIII ғасырда Әбiлхайыр ханмен бiрге Қарақұмда қол бастаған, 1726 жылы Сәрке батырмен бiрге Бiлеутi, Бұланты бойындағы қалмақтарды жеңген Бөкенбай батырдың немересi Жоламан батыр Тiленiшұлы 1823 жылы Ресейге қарсы көтерiлiске шықты.

Отарлық кезең
1852 жылдың күзi мен 1853 жылдың көктемi аралығында Қыпшақ, Табын, Шөмекей рулары орыс иелiгiндегi жерлерге көштi. 1853 жылдың шiлдесiнде орыс әскерлерi Ақмешiт қамалын шабуыл жасап алды, қоқандықтарды Жөлектен асырып тастады. Сонымен, Сырдың төменгi ағысы орыс отаршыларының иелiгiне қарады. Арал, Қазалы, Қармақшы, Перовск порттары жүйесiнде Сырдария әскери желiсi (линиясы) құрылды. Ұзақ жылдарға созылған отарлық кезең басталды.
Қазақ ауылдарын орыс өкiметiне құлақ қақтырмай бағындыру мақсатында түрлi әкiмшiлiк реформалары жүргiзiлдi. 1867 жылы Түркiстан генерал-губернаторлығы құрылды. Перовск уезi осы губернаторлықтың Сырдария облысына қарады.