Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Топырақтану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2008

Полный просмотр работы

Топырақтардың классификациясы


Жоспар
1 Топырақтардың классификациясы 2
1.1 Топырақтарды классификациялаудың принциптері, таксономиялық бірліктер 2
1.2 Қазақстан топырақтарын классификациялау жүйесі 6
Әдебиеттер 11

1 Топырақтардың классификациясы
1.1 Топырақтарды классификациялаудың принциптері, таксономиялық бірліктер
Топырақтың пайда болуы, қасиеттерінің қалыптасуымен өзгеруі табиғи ортаның әсерімен тікелей байланысты болғандықтан жер бетінде алуан түрлі топырақтар кездеседі. Біздің Қазақстанның тек қана жазықтық өңірінің өзінде 700-ден аса топырақ түрі бар. Олардың морфологиялық белгілері, химиялық, физикалық-химиялық қасиеттері және құнарлылығы әр түрлі. Сондықтан топырақтардың қасиеттерін, ерекшеліктерін жақсы біліп, түсініп және оларды тиімді пайдалану үшін классификациялау қолданылады.
Топырақтарды классификациялау дегеніміз оларды басты қасиеттеріне және құнарлылығына байланысты топтарға жіктеп бөлу.

1.2 Қазақстан топырақтарын классификациялау жүйесі
Қазақстан топырақтарын классификациялау жұмыстарын белгілі ғылымдар К.Д. Глинка (1923), Е.В. Лобова (1948), Ө.О. Оспанов (1976), С.И. Соколов, М.А. Глазовская (1948, 1952), А.А. Соколов (1977, 1980, 1987), А. Мамытов (1982) т.б. жүргізді.
«Қазақ Республикасы топырақтары» атты 1960-1983 жылдары басылып шыққан 14 томдық монографияларда және 1981 жылы жарық көрген «Қазақстанның жазықтық жерінің топырақтарының тізімі және диагностикалық белгілері» атты кітапта топырақтанушы ғылымдарымыздың Қазақстан топырақтарының классификациясы және систематикасы саласындағы еңбектері қорытындыланды. Сөйтіп еліміздің топырақтарын классификациялаудың және топырақ номенклатурасының ғылыми негізі орнықты түрде қалыптасты. Елімізде топырақтардың аймақтық таралу заңдылықтары, топырақ жамылғысының ерекшеліктері анықталды.