Оңтүстік өңірдегі мақта талшығынан алынатын өнім саласына негізделген
Жоспар
Кіріспе 3
І Негізгі бөлім 4
2.1 Биологиялық ерекшеліктері 4
2.2 Мақта – химия саласындағы шикізат көзі 6
2.3 Салыстырмалы майлы дақылдар 7
2.3.1 Күнбағыс 8
2.3.2 Майлы зығыр 10
2.3.3 Қыша 10
2.4 Мақтаны өнеркәсіпте қолдану жолдары 11
ІІ Зерттеу бөлімі 13
3.1 Мақта майын адсорбциялық әдісімен ағарту 13
3.2 Оңтүстік Қазақстанның Оңтүстік бөлігіндегі балшықтарды мақта майын ағартуда пайдалану туралы 14
3.3 Мақта майының адсорбциялау процесінің механизімі туралы 15
Қорытынды 17
Қолданылған әдебиеттер тізімі 19
Кіріспе
Мақта техникалық мәдени өсімдік, талшық алу үшін өсіріледі. Мақта өсіру - тоқыма өнеркәсібі мен басқа өндіріс салалары үшін құнды техникалық шикізат беретін өсімдік шаруашылығының бір саласы. Заводтарда шитті мақтаны өңдегенде шитті мақтаның жалпы салмағынан 29 - 40 % (кейде бұдан да көп) таза мақта, 24 - 26 % май болатын тұқым және бұдан басқа мақта мамығы алынады.
Бір тонна мақта тұқымынан 170 кг мақта майы, 400 кг күнжара, 300 кг қауыз, ондаған килограмм мақта мамығы, олифа, стеарин, глицерин және тағы басқа құнды заттар алынады. Соның барлығын санап есептегенде мақтадан 1200 аса әр - түрлі зат алынады.
І Негізгі бөлім
2.1 Биологиялық ерекшеліктері
Мақта көп жылдық өсімдік болып саналады, алайда СССР-де ол бір жылдық дақыл ретінде егіледі. Гүл түйінінен ұрық - қауашақ өсіп шығады, Оның ішіндегі дәнді талшық жауып тұрады.
Мақтаның советтік орташа талшықты сортының пісіп жетілген қауашақтарынан алынатын таза талшықтың мөлшері шитті мақтаның кептірілгендегі салмағының 34-39 проценті шамасында ауытқып отырады.
Мақтаның білеу тамыры топыраққа 1,5-2 м тереңдікке дейін бойлап кетеді. Оның жан-жағындағы тамырлары топырақтың жоғары 40-50 см қабатына орналасады да бүйірге қарай 1,5-2 метрге дейін жайылып кетеді.
Өсімдік сабағының ұзындығы сортына және өсу жағдайына қарай 70-80, тіпті 120-140 сантиметрге дейін жетеді. Сабақтарда әуелі жапырақ бүршіктері өседі, олардан бірінші нағыз жапырақ, оның соңынан сабақты айнала екінші жапырақ тағы басқа жапырақтар пайда бола береді.
2.2 Мақта – химия саласындағы шикізат көзі
Мақта химия саласы үшін таптырмас шикізат болып табылады. Мақтадан және оның өнімдерінен 1200 - ден аса әр - түрлі зат алынады. Бір тонна мақта шикізатынан 340-350 кг талшық, 620 кг тұқым алынады. 340 кг талшықтан 3500 кв.метр мата немесе 140.000 каток жіп өндіріледі. 620 кг тұқымнан 110 кг мақта майы, 10 кг сабын, 270 кг жмыха, 170 кг шұлқа (щелуха) және 8 кг шыт алынады.
Шыт - бұл қысқа талшықша мақта тұқымынан шикізат алынып болғаннан кейінгі өнім.
2.3 Салыстырмалы майлы дақылдар
Қазақстанда майлы дақылдардан күнбағыс, бұйра зығыр, қыша, рыжик (саңырауқұлақтың бір түрі), сафлор және оның басқа кейбір түрі егіледі. Бұл өсімдіктердің барлығының тұқымында, өздерінің түріне және сортына қарай, 32-51 процент май болады.
Майлы дақылдардың басым көпшілігін өсіру үшін солтүстік шығыс облыстарда барлық жағдай бар; сондықтан бұл облыстардың жеріне майлы дақылдардың 85 проценті егіледі де, техникалық мақсатқа да кеңінен пайдаланылады. Майдың құрамы мен сапасының қандай болатыны дақылына және оның сортына, ауа райы және топырақ жағдайы мен агротехникалық тәсілдерге байланысты. Күнбағыстың майлылығы оңтүстікке және шығысқа жақындаған сайын арта түседі. Қуаң аудандарда жерді суландыру өсімдіктің тұқымында майдың жиналуына жағдай жасайды. Ал өсімдік тұқымында майдың жиналуына құрғақшылық кедергі жасайды, бірақ оның белогын молайтады.
Егіс егу мерзімі де майдың сапасы өзгеруіне ықпалын тигізеді. Күнбағысты ерте еккенде тұқымдағы майдың мөлшері де арта түседі. Фосфор және калий тыңайтқыштары енгізілсе, көптеген майлы дақылдардың тұқымында май көбірек жиналады. Мұның керісінше топырақта азоттың шамадан тыс көп болуы майдың жиналуына кедергі жасайды.
2.3.1 Күнбағыс
Күнбағыс - тоғыса тозаңданатын күрделі гүлдірлердің тұқымына жатады. Ұрығы, тұқымы сопақша болып келеді. Морфологиялық белгілері бойынша тұқымы үш топқа бөлінеді: шағатын, май тартатын және екі аралық жалпақ дәнді. Май тартатын топқа дәнінің ұзындығы 1,4 сантиметрге дейін жететін, шағылатын топқа дәнінің ұзындығы 1,4 см келетін және одан да ұзынырақ күнбағыс тұқымы жатады. Оның аралық тобына, әдетте шағатын, дәні жалпақ, майда күнбағыс жатады.
Майлы күнбағыстың биіктігі 2-2,5 м сабағы жапырақты, күнқағарының диаметрі 15-20 см болады.
2.4 Мақтаны өнеркәсіпте қолдану жолдары
Мақта - тоқымалық (техникалық) дақыл, СССР-дің халық шаруашылығында оның зор маңызы бар. Мақта талшығы өнеркәсіптің көптеген салаларында кеңінен және әр алуан мақсатқа қолданылады. Мақтадан кәдімгі тоқыма бұйымдар мен әр түрлі мата (сырт және іш киімдік) тоқып шығарумен қатар, автомобиль және авиация өнеркәсібіне керекті техникалық мата, сондай-ақ әр түрлі сүзгі, белбеу, балық аулайтын тор, қағаз, жарылғыш заттар т. б. әзірленеді.
ІІ Зерттеу бөлімі
3.1 Мақта майын адсорбциялық әдісімен ағарту
Нарықтық экономика заңы бойынша, май өндіріс саласында да сұраныс талаптарына жауап бере алатын, ұсынысы бар кәсіпорындар ғана өз тауарларын сата алады.
3.2 Оңтүстік Қазақстанның Оңтүстік бөлігіндегі балшықтарды мақта майын ағартуда пайдалану туралы
Егерде өсімдік майларын адсорбциялау мақсатында пайдаланған адсорбенттер тарихына шолу жасасақ, бірінші рет осыдан 200 жылдан астам бұрын табиғи балшықтар пайдаланылғандығы анықталады, кейінірек минералды балшықтардың арасында адсорбциялық қасиетімен ерекшелігі және оларды эффективті адсорбенттер ретінде әр-түрлі салада пайдалануға болатындығы ғылыми дәлелденген.
Қорытынды
Өсімдік майларын ағарту процесіне байланысты теориялармен эксперименталдық жұмыстарды талдау нәтижесінде келесі қорытындыларға келдік: