Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 43 стр.

Полный просмотр работы

Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын ұйымдастыру принциптері

Мазмұны
Кіріспе 3

1 Активті және пассивті операциялар, олардың банктің
қызметіндегі ролі мен орны 6
1.1 Активті және пассивті операциялардың экономикалық мәні, ролі мен орны 6
1.2 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының түрлері мен формалары 11
1.3 Шетелдік тәжірибедегі коммерциялық банктердің активті және
пассивті операцияларының қызметі 13

2 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын ұйымдастыру принциптері 15
2.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларын ұйымдастыру 15
2.2 Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын ұйымдастыру 23
2.3 2004 – 2006 жылдардағы бір банктің негізіндегі активті және пассивті операцияларын талдау 33

3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын ұйымдастыруды жетілдіру 35
3.1 Активті және пассивті операцияларды ұйымдастырудағы
келеңсіздіктер 35
3.2 Банкті операцияларды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары 36

Қорытынды 40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 42
Қосымша 43

Кіріспе

Банктер өздерінің жұмысын жасау үшін банктік операциялар деп аталатын іс-әрекеттерді жүргізу керек. бұл операциялар тек банктің жұмыс істеуіне ғана әсер етіп қана қоймайды, сонымен қатар өндіріс пен ауылшаруашылықтың және экономиканың басқа да салаларының дамуына әсерін тигізеді. Банктердің екі басты мәселесі бар:
1. олар мемлекетте таралған барлық дербес жинақтар мен ақша капиталдарды өзіне тартуы керек;
2. олар осы қаражаттарды тиімді пайдалана алатын адамдарға беруі керек.[1, 37 ]
Банктердің қызметі өте кең. Бір банктік холдингтік компаниялардың пайда болуымен байланысты кейбір әртүрлі қызметтерді көрсететін шағын жойыла бастады, соған байланысты коммерциялық банктердің филиалдары көбейе түсті. Банктік істегі соңғы жаңалықтарды енгізуге кредиттік карточкалар, іскер фирмаларға бухгалтерлік қызметтер көрсету, факторингтік операциялар, жалға алуды қаржыландыру, евродолларлық операцияларға қатысу, ақшалы құжаттарды кезекті инкассациялау үшін абонементтік ұяшықтардың жүйесін пайдалану және т.б. жатады. Сонымен қатар, банктер өздерінің қызметтерін жүзеге асыру үшін басқару облысындағы ғылыми нұсқауларды пайдаланады. Банктердің ең көп тараған қызметтерінің ішінен төмендегілерді атауға болады:[2, 25]
1. кредиттік және инвестициялық операциялардың көмегімен ақшаларды жасау және жою қабілеті;
2. қаражаттарды тасымалдау мүмкіндігі;
3. экономикалық және әлеуметтік қажеттіліктерге болашақта пайдалануға болатындай етіп, жинақтарды акумуляция жасау қабілеті;
4. халықаралық есеп-айырысуды жүзеге асыруға болатын ерекше банктік қызметтер көрсету;
5. сенімділік операциялары;
6. бағалы мүліктерді сейфтарда сақтау.

1 Активті және пассивті операциялар, олардың банктің
қызметіндегі ролі мен орны
1.1 Активті және пассивті операциялардың экономикалық мәні, ролі мен орны
Қазіргі коммерциялық банктер — бұл тікелей кәсіпорындарға, ұйымдарға, сондай-ақ, халыққа қызмет ететін банктерді білдіреді. Коммерциялық банктер деп бұл жерде ҚР-дағы екінші деңгейдегі банктер туралы айтылып отыр.
Коммерциялық банктер мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
1. Жарғылық капиталдын қалыптасуына қарай:

1 – сурет – Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Акционерлік коммерциялық банктің ең жоғарғы органы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.
Акционерлердің жалпы жиналысы жылына бір рет шақырылып отырады. Бұл жиналыста мынадай міндеттер шешіледі:

1.2 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларының түрлері мен формалары
Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

1.3 Шетелдік тәжірибедегі коммерциялық банктердің активті және
пассивті операцияларының қызметі
Қазіргі уақытта АҚШ-та 15000-нан астам коммерциялық банктер бар, олардың көбе филиалы жоқ банктер. Сондықтан АҚШ коммерциялық банктері көп мемлекет болып табылады. Мысалы, Канада да банктердің барлық қызметі филиалдар жүйесі өте көп 20 банктің көлемінде орындалады.
Коммерциялық банктер қарыздық капитал нарығындағы әртүрлі операцияларды орындайтын әмбебеап орын. АҚШ-та барлық қаржылық бөлімшелерінің активтардың барлық қосындысының 35% коммерциялық банктердің үлесінде. Үлкен банктер қаржылық қызмет етудің толық комплексін ұсына алады, оның ішінде несие беру, депозиттерді қабылдау, есеп-айырысу және т.б.

2 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын ұйымдастыру принциптері
2.1 Коммерциялық банктердің активті операцияларын ұйымдастыру
Активтік операциялар — бұл банктердің табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында, иелігінде бар ресурстарды орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді.
Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.
Активтік банктік операциялар өзінің формасына және тағайындалуына қарай әр түрлі болып келеді. Банктердің активтік операцияларының ең көп тараған түрлеріне мыналар жатады:

2-сурет. Лизинг операциясының сызбасы.
1 — банк мен лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып, несие беріледі; 2 — лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 — жабдыктаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 — лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 — жабдыктаушы құрал-жабдықпен жабдыктайды; 6 — лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 — лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Коммерциялык банктердің ең көп таралған делдалдық қызметінің бір түрі — факторинг.

2-сурет. Форфейтинг мәмілесінің техникасы.
1 — мәмілеге қатысушылар арасында келісімшарт жасалады; 2 — тауарын несиеге береді; 3 — аудармалы вексельді (5—7 жылға) жазып береді; 4 — аудармалы вексельді қайта сатады; 5 — аудармалы вексельді есепке алып, оның 70%-дай мөлшерінде банк ссуда береді; 6 — мерзімі жеткенде төлеуге үсынылады; 7 — вексель бойынша міндеттемесін өтейді.

2.2 Коммерциялық банктердің пассивті операцияларын ұйымдастыру
Пассивтік операциялар негізінде банктің ресурстары жинақталады. Сондықтан да пассивтік операциялардың коммерциялық банктер қызметіндегі рөлі жоғары.
Банк ресурстары пассивтік операциялар нәтижесінде құрылатындықтан, оған анықтама берген дұрыс. Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар — бұл несиелік және активтік операцияларды жүзеге асыруға арналган банктін өз ресурсын құру операциялары», — делінеді.

2.3 2004 – 2006 жылдардағы бір банктің негізіндегі активті және пассивті операцияларын талдау
2006 жылғы қаңтар-ақпанында халықтың нақты ақшалай табысы бағалау бойынша 16,5%-ға өсті. Нақты табыстың өсуі, негізінен нақты жалақының 16,3%-ға өсуі есебінен болды. Бір жұмыскердің орташа айлық номиналды жалақысы 2006 жылғы қаңтар-ақпанда 36238 теңге құрады.
2006 жылғы 1 наурыз айына депозиттердің жалпы көлемінің 34,5%-ын (немесе 610,3 млрд. теңге) халық салымдары құрады, 2005 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда өсім 35,6%-ды (450,2 млрд.теңге) құрады.
Экономика саласындағы екінші деңгейдегі банктердің кредиттік салымдары, 2006 жылғы 1 наурыз айына 2665,3 млрд. теңге құрап, 2005 жылғы 1 наурызбен салыстырғанда 71,8%-ға өсті. Екінші деңгейдегі банктер кредиттерінің көлеміндегі ұзақ мерзімді кредиттердің үлесі қысқа мерзімді кредиттердің үлесінен асып түсіп, 31%-дың орнына 69%-ды құрады (тиісінше 826,9 млрд. теңге және 1838,3 млрд. теңге).

3 Коммерциялық банктердің активті және пассивті операцияларын ұйымдастыруды жетілдіру
3.1 Активті және пассивті операцияларды ұйымдастырудағы
келеңсіздіктер
Ұлттық қордың ақшасын (9,8 млрд. АҚШ долл.) қоса алғанда, елдің халықаралық резервтері 22,9 млрд. АҚШ долл. құрады.
2006 жылғы бірінші жарты жылдықта теңгенің орташа айырбас бағамы 126,82 теңге құрады.

3.2 Банкті операцияларды ұйымдастыруды жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк -экономикалық дамуының 2007 – 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әр i – Жоспар ) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтiк дамуының орта мерзімді жоспарларын әзiрлеудiң ережесiне сәйкес әзiрлендi.
Жоспарда сыртқы және i шк i факторларға қарай 2007-2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негізделед i және орталық және жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы iс -қимылы айқындалады.

Қорытынды
Қазіргі банк 100 түрлі операциялар мен қызметтер көрсете алады. Олардың барлығы өзара бір-бірімен байланысқан. Ең біріншіден активті және пассивті операциялардың арасында өте тығыз байланыс бар. Банктер көбінесе басқалардың капиталымен жұмыс істейді, сондықтан олардың несиелендіру және инвестиция жасау мүмкндіктері өздеріне тартқан ақша қаражаттарына тәуелді. Осыдан банктік жүйенің дамуына байланысты активті операциялар поассивті операцияларға қарағанда тәуелділік әлсіреуде. Қарыздық капиталы нарығыныдағы қатты бәсеке банктерді жаңа қызмет көрсету түрлерін енгізуді мәжбүрлейді. Қарыз алушы мен банктердің арасындағы жиі болатын несиелік байланыстар, банктерді кленттің капиталын бағалы қағаздарға инвестиция жасауға, ол үшін коммисиондың және делдалдық қызмет көрсетуге итермелейді.