Несие туралы жалпы ұғым
Жоспар
Кіріспе 3
I – бөлім. Несие туралы жалпы ұғым 4
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі 4
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері 5
1.3 Несиенің формалары және олардың жіктелуі 6
II – бөлім. Несиелік процесс 11
2.1 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері және несиелеу әдістері 11
2.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс 13
2.3 Несиелік тәуекелді басқару 18
2.4 Қарыз алушының (жеке тұлғаның) несиелік қабілетін бағалау 19
III – бөлім. Шетел тәжірибесі 21
3.1 Ипотекалық несиелеудің үлгілері 21
Қорытынды 24
Глоссарий 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді.Ал қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие төңірегінде алуан түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономисттерге несиенің арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Оның үстіне әр түрлі деректерде несие ұғымы әр түрлі түсіндіріледі.
I – бөлім. Несие туралы жалпы ұғым
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізінде капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері
Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыларды несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынас субъектілері деп атауға болады. Осы тараптың біреуі болмаса несиелік мәміле жасалмайды. Несие берушілерге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады. Кейбір жағдайларда, несиенің коммерциялық формада берілуіне байланысты несие берушіге өнім өндіруші кәсіпкерлер де жатуы мүмкін. Ал қарыз алушыларға қаражатқа деген уақытша қажеттілігі бар кез келген заңды және жеке тұлғалар жатады.
Несиелеу объектісі – бұл несиенің пайдалану заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
1.3 Несиенің формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай. Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені – коммерциялық, ақ ақша түріндегі несиені банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы форманың тәжірибеде қолдануынан туындайды.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
II – бөлім. Несиелік процесс
2.1 Несиелеуді ұйымдастыру принциптері және несиелеу әдістері
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа бөлінеді:
2.2 Несиелеу механизмі және несиелік процесс
Несиелеу механизмі – несиенің берілу және қайтарылу әдіс-тәсілдерін және несиелеу процесін, сондай-ақ несиенің қозғалысына бақылауды қамтитын несиелік механизмнің құрамдас бөлігі.
Басқаша айтқанда, несиелеу механизмі бұл несиені пайдалану механизмін білдіреді. Несиелеу механизмі – бұл несиені ғылыми тұрғыда тану механизмін сипаттайды. Бұл механизм практикада нақты әрекет ететін, өзінің субъективтік сипаты бар механизм. Несиелеу механизмі өзінің мәні жағынан несиелік процесс технологиясын бейнелейді.
Несиелеу процесі келесідей кезеңдерді қамтиды:
2.3 Несиелік тәуекелді басқару
Кез келген банктің қызметінің табыстылығы банктің берген несиелерінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне тікелей байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді. Сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытылы айналысып отыруға тиіс.
Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің негізгі элементтеріне жататындар:
2.4 Қарыз алушының (жеке тұлғаның) несиелік қабілетін бағалау
Қазіргі кезде екінші деңгейдегі банктердің жеке тұлғаларға беретін несиелеріне тұтыну және ипотекалық несиелер жатады.
Тұтыну несиесінің мынандай түрлері қолданылуда:
• автомобильдік несие;
• ұзақ мерзімде пайдаланылатын тауарлар сатып алуға берілетін несие;
• тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
• кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емделу, демалу) берілетін несие.
Қорытынды
Несиенің рөлін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын нәтижемен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс процесіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін.
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын рөлі зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Несиенің (ипотекалық, тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құрылысы, пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.