«Салауатты өмір салты» жайлы жалпы түсінік
Жоспар
Кіріспе 3
I-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі 5
1.1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз? 5
1.2 Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері 6
1.3 Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері 7
II-тарау. Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру 12
2.1 Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер 12
2.2 Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік - денсаулыққа қатер 13
Қорытынды 17
Оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбына байланысты глоссарийлер 20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 21
Кіріспе
Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы күрделі кезеңді басынан кешіріп отыр. Кеңестік дәуір тоқырауға душар етті. Қалыптасқан әкімшілік жүйе қоғам мүшелеріне енжарлықты, селқостықты, жауапсыздықты дамытты. Осы империяның көлеңкесіндегі өмірден Қазақстан кеңестік жүйеден түбегейлі және түпкілікті бас тартып, жаңа принциптерге негізделген егеменді мемлекет құру үстінде. Бұл үкімет білім беру мен тәрбиелеуді тәуелсіз мемлекеттің талабына үйлесімді құрып, жастарға сапалық жаңа қасиеттерді сіңіруді қолға алып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға батыл кірісті, Тұлғаның өз болмысын тануға көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін дамытып толыққанды өмір сүру үшін рухани күш-жігер беру оқу орындарының басты міндетіне айналды.
I-тарау. Салауатты өмір салтын қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
1.1. Денсаулық дегенді қалай түсінесіз?
Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз - организмде аурудың не болмаса физикалық кемістіктің жоқтығы ғана емес, ол табиғи (физикалық), рухани және әлеуметтік толық аман-есендік. Академик В.П.Казначевтің жеке бас денсаулығы анықтамасы бұдан да толығырақ: «денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында биологиялық және психалогилялық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас ерекшеліктеріне сәйкес дені сау ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
Денсаулық - физикалық, рухани және әлеуметтік болып бөлінеді.
1.2 Дене жаттығуларының түрлі ағзалар мен жүйелердің функцияналдық жағдайына деген әсері
Ден жаттығуларының әсерінен бұлшық еттерде едәуір өзгерістер болады. Егер де бұлшық еттер ұзақ уақыт қимылсыз күйде тұратын болса, онда олар әлсіздене бастайды, көлемі кішірейеді. Дене жаттығулары, олардың көлемін ұлғайтады, нығаюына ыңғайлайды. Мұнымен қатар бұлшық еттердің өсуі, олардың талшықтар санының көбеюінен, ұзаруынан емес жуандауы әсерінен болмақ. Бұлшық ет созылуы жақсарады , тонусы, қан айналым және бұлшық ет қоректенуі жақсарады.
1.3 Дене тәрбиесінің мәні, мақсаты және міндеттері
Дене тәрбиесі - тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастырып, дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуін, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, Отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады.
Дене тәрбиесі - адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы қимыл - әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігерін жетілдіретін негізгі тәрбие бағытының бірі.
II-тарау. Оқушылар арасында «Салауатты өмір салтын» қалыптастыру
2.1 Психологиялық саулық пен тән саулығы туралы кейбір мәліметтер
Денсаулық - физикалық, психологиялық және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.
2.2 Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік - денсаулыққа қатер
Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық «апат» деп таниды. Адамзат үшін бұл дегеніміз «заманарық» зілзаласымен бірдей.
Бұл бел алған көпшілік кемістігін «өркениет ауруы» деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.
Қорытынды
Жалпы тақырыпты қорытындылай келетін болсақ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ең алдымен залалды дағдылардан (арақ-шарап, темекі , есірткі, қолдану) аулақ болумен байланысты болады.Ақпарат арақ-шарап, темекі, есірткіні ауызға алудың кез келген түрлерінің жалпы адам және қоғам денсаулығына кесел келтіретіні жайында болуы қажет.