Кәсіпорындардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруын қамтамасыз ету
Жоспар
Кіріспе 3
1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны 5
2 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан Республикасының тәжірибелері 10
3 Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде 16
4 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері 19
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26
Кіріспе
«Қазақстан-2030» Стратегиясында дамудың ұзақ мерзімді басым мақсаттарына ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын дағдарысқа қарсы басқаруының, шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу жатады. Стратегия түйінді міндеттердің бірі ретінде республикада индустриалдық әлеуетке негізделген, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, көп салалық, бәсеке қабілетті өнеркәсіптік кешенді қалыптастыруды қарастырады.
Мемлекеттің ұлттық дағдарысқа қарсы басқаруының ұлттық мүдделерінің нақты, өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т.б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ұлттық экономикалық қауіпсіздік салалардың, жеке кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың экономикалық дағдарысқа қарсы басқару бағыттары ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің экономикалық кәсіпорындарының дағдарысқа қарсы басқару импортты алмастыру арқылы ішкі өндірісті дамыту есебінен жүргізілетіні белгілі.
Кәсіпорындарды дағдарысқа қарсы қамтамасыз ету мақсатында қалыптасқан көзқарастар мен сараптауларды, экономикалық қатерлерді талдауды, дағдарысқа қарсы басқаруды, ғаламдану жағдайындағы қолдауды ғылыми негіздеу зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және ғылыми-тәжірибелік құндылығын анықтайды.
1 Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқаруының мәні мен мазмұны
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынға қоршаған орта тарапынан көптеген дағдарыс төнуі мүмкін. Бұл дағдарыс бәсекелестік күрестің шиеленісуі, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық тұрақтылықтың болмауымен байланысты. Сондықтан, кәсіпорын менеджеріне негізгі қызметінен, яғни кәсіпорынды басқарудан басқа да, дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету сұрақтары жүктелетіні сөзсіз. Бұл мәселе терең және көп қырлы болғандықтан, біз зерттеу жұмысымызда кәсіпорынның тек экономикалық дағдарысқа қарсы басқарудың қаматамасыз ету сұрақтарына тоқталамыз.
Қаржылық-экономикалық дағдарыстар, әдетте, өнеркәсіп кәсіпорындарға кері әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек өнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар өндірістен кетеді.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты өзінің жағдайын бағалау мен болжау сияқты, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды, өзекті мәселе туады.
2 Дағдарыстарды мемлекеттік реттеу: шетел және Қазақстан Республикасының тәжірибелері
Мемлекет нарықтық экономиканың сыртқы жүйесі емес, оның құрамдас бөлігі болып табылғандықтан, ұдайы өндіріс үрдірісінің әр түрлі сфераларына өз әсерін тигізеді. Экономиканы мемлекеттік реттеу-мемлекеттің макроэкономикалық тұрғыдан жасалатын қызметі, мемлекеттік құқылы мекемелердің және қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік-экономикалық жүйелерді өзгеретін жағдайларға сәйкес, әртүрлі және өзара байланысты экономикалық реттегіштерді қолдана отырып, зандылық, атқарушы және бақылау сипатындағы жүргізетін типтік шаралардың жүйесі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің бірі болып, кәсіпорын қызметіндегі дағдарыстық құбылыстардан өтуге жағдайлар жасау табылады. Бұл міндет дағдарысты мемлекеттік реттеу шараларын жасау мен өткізу арқылы шешіледі.
3 Дағдарысқа қарсы басқару - кәсіпорынның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі ретінде
Нарық қатынастарының қазіргі кезеңінде отандық фирмалардың көріп отырған қаржы тапшылықтарына қарамай-ақ, нарықтағы орындарын бекітуге, өз бизнесіне тұрақты нысан беруге деген талпынысын байқаймыз. Бұл шиеленіскен бәсеке жағдайында өміршеңдікке ұмтылуды қажет ететін уақыт талабы.
Дағдарыстық жағдайлар көптеген себептердің әсерінен пайда болады. Олардың ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық, қаржы, азаматтық немесе құқықтық дағдарыстар атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай жалғастыруға болады, бірақ шет елдердегі, айрықша, біздің елдегі дағдарыстардың басты себебі- қанағаттанарлықсыз менеджмент. Қазіргі қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде зерттеуге мүмкіндік туғызады. Әр дағдарыстың өзіндік ерекшелігі бар болғандықтан, олармен күресудің бірдей жолы жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын болу жағдайында қолданылатын іс-шаралардың қалыптасқан жүйесі бар. Ол жоспарлау құралдарының көмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды жоспарлау- сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бірізділігін алдын ала анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды.
Шарықтаған бәсекелестік жағдайында, нарықта өз орнын табу үшін уақыт талабы отандық экономикалық қызметте келесідей шешімдерде дұрыс жауап іздеуді талап етеді:
4 Кәсіпорындағы дағдарыстарды айқындау диагностикасының әдістемелік негіздері
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасы мәселелері отандық экономикалық және басқару ғылымдарындағы аз зерттелген сұрақтардың біріне жатады.
Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесі басқаруға ерекшелік беретін қасиеттерге ие: икемділік және бейімделу, өзгеру және өз уақытында жағдайға назар аудару қажеттілігі, сондай - ақ, кәсіпорын әлеуеті мен басқарудың ресми емес әдістерін тиімді пайдалану мүмкіндігі. Бұл туралы біз жоғарырақта айтқан болатынбыз. Кәсіпорынның экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз ету жүйесінің бұл ерекшеліктері диагностика шешетін міндеттермен негізделген: болуы мүмкін қатердің себептерін, факторларын және алғышарттарын өз уақытында біліп отыру, оларды жіктеу және қабылдауға қажетті шаралар жүйесін жасап шығару.