Кәсіптік одақтар.
Жоспар
1 Кәсіптік одақтардың түсінігі 3
2 Кәсіподақтардың функциялары 6
3 Кәсіподақтар қызметінің кепілдіктері 12
Әдебиеттер 14
1 Кәсіптік одақтардың түсінігі
Алғаш рет кәсіптік одақтар Англияда ХVІІІ ғасырдың соңына қарай пайда болды. Олар өз мүшелерінің кәсіби мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Кәсіптік одақтардың пайда болуы мемлекет пен кәсіпкерлердің күшті қарсылығын тудырды. Тіпті, кәсіподақтарды басу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделді, ал кәсіподақтарға бірігу қылмыстық топ ретінде қарастырылды. Алайда, кейінірек жұмысшылар қозғалыстарының қысымының нәтижесінде кәсіподақтар заңды тұрғыда танылды. Кәсіподақтарды қылмыстық қудалау Англияда 1824-1825 жылдары, Францияда – 1864 жылы, Италияда – 1896 жылы тоқтатылды.
1871 жылы Англияда, содан кейін өзге де мемлекеттерде кәсіподақтар туралы заңдар қабылданды. Бұл заң кәсіподақтарға анықтама берді, оларды тіркелген (заңды) және тіркелмеген (заңсыз) деп бөлді.
Аталған заң ағылшындық тіркелген кәсіподақтарға бірқатар құқықтар берді, ол әлі күнге дейін күшіне ие.
Кәсіподақтарды құруға қарсылық білдіру және оладың қызметіне қарсы әрекеттер жасау заңдармен қудаланады.
Сонымен қатар, заңдарда азаматтарды кәсіподақтарға тиістілігі бойынша кемсітуге тыйымдар көзделген. Қандай да бір кәсіподаққа мүшелік қандай да бір құқықтардың немесе бостандықтардың шектелуіне әкелмейді. Қызметкерлердің жұмысқа қабылдануын, жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыстан босатылуын олардың белгілі бір кәсіподақта болу, оған кіру немесе одан шығу себебімен байланыстыруға тыйым салынады (ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңның 7-бабы).
2 Кәсіподақтардың функциялары
Кәсіподақтар жұмыс істейтін тұлғалардың мүдделерін қорғау үшін құрылды, сондықтан олардың негізгі функциясы – бұл қорғау функциясы. Кәсіподақтар меншік иесінің, мемлекеттік және шаруашылық органдарының алдында қызметкерлердің еңбекті қорғауға қатысты құқығын қорғайды, еңбекті қорғауға қатысты бағдарламаларды, заң шығарушылық және заңға сәйкес нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысады.
3 Кәсіподақтар қызметінің кепілдіктері
Кәсіподақтар өздерінің құқықтарын нәтижелі жүзеге асыруы және қызметкерлердің мүдделерін қорғауға қатысты міндеттерді шешуі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында оларға қатысты бірқатар материалдық және заңды кепілдіктер, сонымен қатар, кәсіподақтардың сайланбалы қызметкерлерінің еңбекке құқығын қорғаудың қосымша кепілдіктері белгіленген.
Мұндай кепілдіктер ҚР «Кәсіподақтар туралы» заңының 18-19 баптарында бекітілген: