Айып қорытындысын түзу
Мазмұны
Кіріспе 3
I ТАРАУ 5
1.1 Айыптау қорытындысының маңызы 5
1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу 6
1.3 Айыптау қорытындысының мазмұны 28
II ТАРАУ 58
2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме 58
Қорытынды 62
Қолданылған әдебиеттер тізімі 70
РЕЦЕНЗИЯ 71
ПІКІР 72
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексі (ары қарай -ҚІЖК) алдын ала тергеу орындарының алдына бірқатар күрделі міндеттер қойды.
Оның алғашқысы - ҚІЖК-нің қылмыстық сот істі жүргізудің сотқа дейінгі сатысына қатысты талаптарды мұқият зерттеу. Оны шешу тергеу бөлімдері басшыларының алдағы маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Біріншімен тығыз байланысты екінші міндет - практиканың әдістемелік материалдарға мұқтаждығын қанағаттандыру, онда ҚІЖК-нің ережелері ескеріліп, қылмысты сапалы тергеу және қылмыстық істер бойынша заңды шешімдер қабылдау жөнінде ұсыныстар баяндалуы керек.
Құқық қорғау органдарына жас мамандар көптеп келіп жатыр, соңдықтан бұл өзекті мәселелер шешімін табуы керек.
Дипломдық жұмыста тергеушілер назарын негізгі екі тұсқа аударып отырмын.
Адамды айыпталушы ретінде тарту туралы қаулыны дайындау барысында, олар ҚІЖК-нің 206-бабының талаптарына сәйкес, жасалған қылмыстың сипатын баяндауға және ҚК-де сол іс-әрекет үшін жауапкершілік көзделген тармақты, бөлікті және бапты көрсетуі тиіс.
I ТАРАУ
1.1 Айыптау қорытындысының маңызы
Айыптау қорытындысын жасауға кіріскенде тергеуші алдын ала тергеу сатысында қылмысты ашу және тергеу жөніндегі іс жүргізу қызметінің «арқауы» болып табылатын ең басты құжатты дайындайтынын ұғынуы тиіс.
Онда тергеуші расталмаған болжауларды алып тастап, жасалған қылмыс және оған қатысты адамдар жайында анық түсінік беретін барлық маңызды және расталған дәлелдемелерді бір жүйеге келтіреді. Айыптау формуласы және жасалған әрекетті заңдық сараптау бұл жүйенің 5 өзегі болып табылады.
Іс материалдарын айыптау қорытындысында жүйелі баяндаудың да техникалық маңызы зор: ол прокурор мен соттың іспен танысуын жеңілдетеді, олардың тергеу затын дұрыс түсінуіне көмектеседі.
Айыптау қорытындысын жасауға дайындық, бір жағынан, алдын ала жүргізілген тергеудің толықтығын тексерудің сенімді тәсілі болып табылады. Бұл процесте тергеуші жүргізілген тергеудің барлық олқылықтарын табады, оны уақтылы түзетуге мүмкіндігі болады.
1.2 Айыптау қорытындысын түзуге дайындалу
Тергеуші айыптау қорытындысын жазуға мұқият дайындалуға тиіс. Мынаны естен шығармау керек сауатты айыптау қорытындысы асығыс жазылмайды.
Айыптау қорытындысын жазудағы алғашқы қадам - істің барлық материалдарды терең білу.
Кішігірім істер бойынша айыптау қорытындысын жазар алдында тергеуші істегі бар барлық құжаттарды қарап шығады. Мұндай жұмыстың мұқияттығы, әрине, оның жадында қандай да бір дәлелдеменің немесе мәліметтің қаншалықты жақсы сақталғандығына байланысты. Бірақ оның жадында қаншалықты қалғанмен, ол материалдарды толықтай қайта қарап шығуға тиіс. Көлемі жағынан шағын істердің қайталап оқылуы онша қиынға соқпайтын болса, күрделі, көлемі жағынан аумақты, көп эпизодты істерді қарап шығу өзінше процесс, оның негізі алдын ала тергеу барысында қаланады.
1.3 Айыптау қорытындысының мазмұны
Айыптау қорытындысының мәтіні айыпталушының тегін, есімін, әкесінің есімін көрсетуден басталады. Сонан кейін олардың әрқайсысына қатысты анкеталық мәліметтер келтіреді (туған күні мен жері, тұратын және тіркелген жері, азаматтығы, білімі, отбасы жағдайы және отбасы құрамы, жұмыс немесе оқу орны, әскери қызметке қатыстығы, соттылығының бар-жоғы, өзін куәлендіретін құжат).
Айыпталушының жеке басы туралы дәлелдемелерге негізделген болуы керек. Тегі, есімі, әкесінің есімі, жасы және басқа да анкеталық мәліметтер айыптау қорытындысында істе бар материалдар негізінде келтіріледі. Бұл бір жағдайларда - төлқұжат немесе жеке басты куәлендіретін басқа құжаттар, басқа жағдайларда - тану хаттамалары, дактилоскопиялық және сот-медициналық сараптаманың қорытындылары.
Соттылық туралы мәліметтер арнаулы тексерудің анықтамаларына ғана емес, іске тіркелген үкім көшірмелеріне де негізделуі тиіс. Бұл сотта қылмыстың рецидивтік сипаты бар ма деген мәселе шешілетін болғанда маңызды (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 18-бабы). Соттылық туралы мәліметте бұрын қасақана жасалған қылмыс қана, соттылық ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық актісіне және т.б. байланысты жабылмаған жағдайда ғана көрсетіледі.
II ТАРАУ
2.1 Айыптау қорытындысына тіркеме. Тіркеме
ҚІЖК-нің 279-бабында айыптау қорытындысына тіркемелер анықталған, олардың ішіңде сот мәжілісіне айыптау және қорғау жағынан шақыруға жататындардың тізімі бірінші аталған. Бұл тізімге тергеушінің пікірі бойынша сотқа шақырылуы тиіс адамдардың фамилиялары кіреді. Сондықтан да тергеуші айыптау қорытындысында сілтеме жасаған адамдардың барлығы сотқа шақырылуы тиіс;
Осы тұста артық кететін екі жағдай жайында айтпауға болмайды. Біріншісі, тізімге іс бойынша сұралған адамдардың бәрін кіргізеді. Мұндай қателікті көбіне жас, тәжірибесі жоқ тергеушілер жібереді. Берген жауаптары сотталушылардың айыпты екендігін анықтауда едәуір маңызды болып саналатын адамдарды ғана тізімге іріктеп жазуды олар үйренуі тиіс.
Қорытынды
Айып тағылғаннан кейін тергеу жалғаса береді, ал бұл кезде жинақталған дәлелдемелер айыптауды өзгерту немесе қылмыстық ізге түсуді ішінара тоқтату қажет екендігіне әкеп соғуы мүмкін (ҚІЖК-нің 210-бабы).
Айыптауды өзгертуде әр түрлі сипат болуы мүмкін: тағылған айыптың мазмұнын құрайтын нақты мән-жайларға, оны заң тұрғысынан бағалауға қатысты болуы, айыпталушының әрекеттерін саралауға ықпал етуі мүмкін. Алдын ала тергеу кезіңде айыптауды өзгерту қылмыстық жауапкершілікті жеңілдету бағытында да және ауырлық немесе нақты мән-жайлары едәуір басқаша қылмысты жасағандық үшін айып тағуды қолдану бағытында да болуы мүмкін.
ПІКІР
Студенттің «Айып қорытындысын түзу» дипломдық жұмысы айып қорытындысын жасау тақырыбында тергеушілердің назарын айыпталушы ретінде тарту туралы қалуына дайындау барысындағы қылмыстың сипатын, жауапкершілік көзделген тармақты, бөлікті және бапты көрсете келе, айыптау қорытындысы сотқа дейінгі іс жүргізу сатысының бірден - бір құжаты ретінде әдістемелік ұсыныстар жаңа қылмыстық іс - жүргізу заңына және бүгінгі тергеу практикасына сәйкес пайдаланылған.
Дипломдық жұмыста - айыптау қорытындысының маңызы, айыптау қорытындысының түзуге дайындау, айыптау қорытындысын тіркеу тараулары қарастырылған.
Сонымен қатар айыптауға тиісті өзгертулер енгізу тәртібін анықтауға жекелеп қараудың негіздерін қылмыстық іс жүргізу заңының өзінен табуға, саралау өзгергенде айыптау ауырырақ жағына да, жеңілірек жағына да өзгеруі мүмкіншіліктері қарастырылған.
Жалпы дипломдық жұмысты қорытындылай келе, көрсетілген талаптарға сай орындалған, әдебиеттер тізімі кең көлемде пайдаланылған, қорғауға жіберуге болады деп есептеймін.