Қоршаған орта экологиясы
Жоспар
Кіріспе 3
I-Тарау. Қоршаған орта экологиясы 5
1.1 Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру 5
1.2 Экология нашар болса, экономика көтерілмейді 9
1.3 Экологияның нарық жағдайындағы экономикалық нысандары 11
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 17
Кіріспе
Табиғат – бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғат өлі және тірі табиғат болып екіге бөлінеді.
Өлі табиғатқа – ауа, су, пайдалы қазбалар, топырақ құрайтын аналық жыныстар жатады.
Тірі табиғатқа - өсімдік дүниесі, майда ағзалар, насеком, құс, балық, аң мен біздер, адамдар жатамыз.
I-Тарау. Қоршаған орта экологиясы
1.1 Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру
Қазақта бұрыннан келе жатқан « Адам мен табиғат егіз » деген қағида бар болса, қазіргі күні сол адам мен қоғамның табиғатпен, қоршаған ортамен қарым-қатынасы ерекше күрделене түсті. Адамдардың табиғатқа ұмтылуын арнаулы ұйымдастыру мәселесі толықтай зерттелмеген. Сонда да төмендегідей заңдылықтарды атап өтуге болады:
1) Қалада тұратын адамдардың табиғи ортада демалуға ұмтылуы соңғы жылдары күрт өсіп, қала маңының жер бедеріне теріс әсерін тигізе бастады.
1.2 Экология нашар болса, экономика көтерілмейді
Қоғам мен табиғат арасындағы қарым-қатынастық проблеманы шешу үшін барлың елдердің бірігіп жұмыс жүргізуі керек. Өйткені табиғат бір тұтас, оны бөліп, жекелеген бір ел шеңберінде қарау мүмкін емес. Экологияда мемлекеттің бір өзі де ештеңе жасай алмайтын мәселелер бар. Экология мәселесі жетілген кезде ғана біз тұрақты дамуға қол жеткіземіз. Жалпы, экология мен экономика және әлеуметтік қорғау – осы үш сала бір-бірімен тығыз байланысты. Егер экология нашар болса, экономика көтерілмейді. Елдің экономикасы дамымаса, әлеуметтік қорғау шараларына қаржы жеткізе алмайды. Демек, осы үш саланы біртұтас алып қарау керек. Осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылады. Мысалы, Байқоңыр ғарыш аймағының құлау зонасы 4 миллион 100мың гектар жерді құрайды. Бұл мәліметті жұрттың бәрі біле бермейді. 2000 жылы ғарыш кемесінің қалдықтары екі рет сол аумақтан тыс жерге құлағаны белгілі.
Қорытынды
Табиғатты қорғау бір күндік шаруа емес, ол ұзақ мерзімді қажет етеді. Қалың бұқараның экологиялық сауатын көтеруге тек экологтардың шамасы келмейді. Ол үшін орта мектеп терде, лицей, колледж, жоғары оқу орындарында экология пәні жоғары сапада, терең оқытылуы міндетті керек. Экологиялық білім беру – ұлттық педагогиканың негізгі арқауы. Ұлы Абай табиғаттың ерекше құбылыстарын өз туындыларына арқау етті. Ал ұлттық білімнің негізін салушылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов қоршаған ортаны аялау, салауатты өмір сүру салтын құрудың ғылыми алғы шарттарын жасады. Табиғат дегеніміз – құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным пәні. Нақты білім – ұлан-ғайыр әлем тынысының бүкіл логикалық жүйесін мейлінше дәл бейнелеу. Адамзат ұрпағының парызы, берекелі еңбегі осы заңдылықты ашып, тіршілік тынысының тереңіне бойлау, қамқорлық жасау. Табиғат дауыс – дыбысын, үнін ата-аналар да, тәрбиешілер де, заң шығарушылар да көңіл қойып тыңдауы тиіс.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1) Қасымбекова Қ.Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттық міндет.
Заман – Қазақстан. 2002ж. 4 қазан. №40. 6-бет
2) Шоқпытов А.Су мөлдір, ауа таза, көк шалғын мен орман – тоғай жайқалсын десек...Атамекен. 2002 ж. 10 шілде.
3) Қараева Ш. Қоршаған орта – қамқорлыққа зәру. Сақшы. 2002 ж. 19 қыркүйек. 5-бет
4) Жұмалиева Б. Экологиялық сақтандыру туралы заң керек. Бірақ, сақтауды ойлап жатқан ешкім жоқ. Алтын Орда. 2004 ж. 5-7 тамыз 7-бет.