Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттарын айқындау және оны жүзеге асырудың жолдарын қарастыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7
1.1 Эстетикалық тәрбие туралы түсінік 7
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттары 15
2-ТАРАУ. 2-СЫНЫПТА «АНА ТІЛІ» ПӘНІ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ 26
2.1 Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты 26
2.2 Оқу сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу тәжірибесі 45
ҚОРЫТЫНДЫ 61
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 63
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жалпы адамзаттық тұрғыдан қарағанда - жас ұрпақты өмірдің барлық салаларындағы адамның өмірі мен тұрмысындағы, еңбектегі, көркемөнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдекті көре білетін, ұға білетін, бақылай алатын және соларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу қай кезеңнің болса да келелі мәселелерінің бірі болған.
Жас ұрпақты туған жерін, өскен елін жанындай сүйетін, өлкенің келешегі үшін аянбай тер төгіп қызмет атқаратын азамат етіп тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің алатын орны зор.
Біздің заманымыздың сипатты белгісі ғылыми - техникалық ревалюция болып табылады. Ғылым мен техникаға деген барған сайын өсіп отырған мүдде эстетикалық тәрбие мәселелерін екінші кезекке ысырып тастауға тиісті сықылды болып көрінеді. Алайда бұлай болмай шықты. Эстетикалық тәрбие мәселелеріне деген ынта - ықыластың өрши түскеніне куә болып отыр.
Эстетикалық тәрбиенің тұтас процесінде бүтіннің ең маңызды бір буыны мен элементі бөлінуі мүмкін. Олардың біреуін табиғаттағы, еңбектегі, қоғамдық өмірдегі және де адамның мінез - құлқындағы әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалай білудегі қабілеттілік, эстетикалық сезімнің қалыптасуы деп есептеу қажет.
Тамаша әсемдікті дұрыс қабылдап, бағалау өнер мен өмірде терең де жан-жақты білу негізінде қалыптасады. Білім эстетикалық көзқарасты, талғамдық қалыптастырудағы алғы шарты болып табылады.
Адамдардың әсемдікті жасауға белсене қатысуынсыз шын мәніндегі эстетикалық тәрбиені көзге елестетіп те болмайды. Сондықтан эстетикалық тәрбиенің жүйесі өзінің сапалық құрамына балалар мен ересектердің эстетикалық іс-әрекетінің элементін қамтиды. Эстетикалық тәрбие процесінде пайдалы (ақылға сыйымды) және эмоциалы (сезімді) элементтерді дұрыс түсінудің аса зор маңызы. Педагогика бұл мәселені шешуде адамның жан-жағдаятының бөлшектенбес бір тұтас екендігін, оның өмірінің барлық жағынан: ақыл-ойы, идеясы, адамгершілігі және эстетикалық жағынан өзара байланысты екендігін негізге алады. Осының барлық жағынан үндестікпен дамуы- жеке адамның гүлденіп өсуінің маңызды шарты.
Зерттеудің міндеттері:
2. Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мән-мағынасын сипаттау.
3. Ана тілі сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің жолдарын қарастыру.
Зерттеудің объектісі: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: Ана тілі сабақтарында оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Зерттеудің әдістері:
1. Педагогикалық әдістемелік әдебиеттермен танысу, пайдалану.
2. Озат педагогикалық тәжірибені жинақтау, талдау.
3. Бақылау, әңгіме.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ТАРАУ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Эстетикалық тәрбие туралы түсінік
Қазақстан Республикасы бастауыш білімнің мемлекеттік стандартында білім берудің басты міндеттерінің бірі оқушының «айналадағы дүниемен дара тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық адамгершілік нормаларын меңгеруін» қамтамасыз ету кендігін атап көрсетілген.
Қазіргі кезеңде оқушылардың эстетикалық қызығушылықтары мен қажеттіліктерін дамытудың маңызы ерекше. Эстетикалық қызығу - адамға қажетті эстетикалық құндылықтар мен құбылыстары танып-білу мақсатымен өз қалауы бойынша өмірде, болмыста жасалатын нысаналы іс-әрекет. Эстетикалық қызығушылықтың негізі эстетикалық қажеттілік болып табылады, ал бұл екеуінің бір-біріне ауысуы кезінде эстетикалық ляззаттану жатады. Адам ляззатталған соң ол үшін қызығу объектісі маңызды эстетикалық құндылыққа ие болады да, онымен қайта кездесуге асығады, қызығушылығы артта түседі.
1.2 Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің мүмкіндіктері мен шарттары
Тәрбиенің қай саласы болса да негізінен ол балаларға, жасөспірімдерге арналады. Ал оларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие жүргізу арқылы іске асырылады.
Эстетикалық тәрбие болмыстығы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау және өнердегі сұлулықпен әсемдікті эстетикалық түсінікті, сезім мен талғамды тәрбиелейтін, өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін, қажетсінуін қалыптастыратын тәрбиенің ең басты салаларының бірі.
Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:
- Әр түрлі өнер адамдарының іс-әрекеті арқылы баланың тәртібіне, өмірге көзқарасына, түсінік - құлықтарына игі әсер ету.
- Қоғамды, табиғаттағы, өнердегі әсемдікті түсіне, байқай білу қабілеттерін дамыту.
- Эстетикалық талғамын дамыту, дұрыс пікір айта білуге, бағалай білуге тәрбиелеу, оның дамуына көмектесу.
- Баланың көркем өнерге деген қабілетінің шығармашылықпен ұштасуына көмектесу. Ал, адам өмірі мен табиғаттағы әдемілікті түсіну, бақылау, пайдалану үшін жастардың сауатты терің білімді болуы қажет, тіпті көркемөнер салалар: әдебиетті, музыканы, сәулет өнерін, живописьті, кино мен театр түсініп, олардан жанға рухани азық, ляззат ала білу үшін де сезім –түйсігі ұшқыр, ақыл-ойы алғыр білімді адам болуы керек.
Балалардың эстетикалық сезімдері олардың өміріне зор рөл атқарады. Әседікті көре, түсіне жасай білу олардың рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді. Біз әр адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан да, әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдігін, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттік және ұждансыздықты, қуаныш пен қайғыны түсінуге байланысты, оның салалы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп әсемдікке шынайы көзқарасты мен мұраттарының болуы керек екендігі шығады.
Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамның тек қана көзқарасы емес, еңбек, қоғамдық қатыстар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары әсер етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа көзқарасын анықтайды.
2-ТАРАУ. 2-СЫНЫПТА «АНА ТІЛІ» ПӘНІ МАТЕРИАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Көркем шығармалардың эстетикалық табиғаты
Әдебиет сабағында оқушылардың қиялын дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Егер біз әдебиетті көркем өнермен, музыкамен, табиғаттың тікелей өзімен интеграциялау арқылы бере білсек, бала олардың оқиғасын, кейіпкерлердің тағдырына ортақтасады, көркемдігін терең сезініп, жүрек тебірентер әсерін бойынан өткізіп отырады, ал бұның өзі – бала қиялының шарықтауына негіз болмақ. Осы жөнінде М.Жұмабаевтың пікірімен де келісеміз. «Жанындағы ойды, әсерді жарыққа шығаруға ынталы бала не жарытылыстан алады, не искусстводан алады. Әр бала бір жерге қамалмай, еркін жаратылыстың құшағында болады. Эскурсцияға бір план бойынша барып, белгілі бір заттарды, яки көріністерді бақылау үшін. Мысалы, көктің түсін, бұлттың түрін, құмырсқаның ұясын, құстардың ұшуын, жапырақ, көлдердің түр-түстерін бақылау сықылды. Мұндай бақылау уақыттарында әсерлерін сөзбен жарыққа шығаруға ұмтылуы, һәм баланың аузына дәл, терең, сұлу сөздердің түсуі анық нәрсе» дей келіп ғалым-жазушы ойын әрі қарай жалғастырады.
«Искусство. Бала искусстводан көп нәрсе алсын. Күй, ән тыңдасын, сұлу картиналарды көрсін, театр сахнасымен таныс болсын, кестелі әдебиет түрлерін тыңдасын. Осылай жалаңаш әсер алып, дағдыланған соң мұғалім фәлсафа соқпай, қарапайым, жұмсақ әңгімемен балалардың алған жалаңаш әсерін анық ұқтырсын. Сонда бала жалаңаш әсерлерін киіндіру үшін сұлу сөзді өзі-ақ іздейді»,- деді М.Жұмабаев. қиял процесін дұрыс қолдану арқылы табиғат пен көркем сөз байланысын, тұтастығын, олардың туу жағдайын ашып берді.
2.2 Оқу сабақтарында оқушыларды эстетикалық тәрбиелеу тәжірибесі
Эстетикалық қабылдау деп көркемөнер туындыларының басқадай заттар мен құбылыстардың эстетикалық құндылық ретінде санада көркем бейнелеуін айтады, яғни қабылдаушы оған сұлу, аса сұлу ұсқынсыз, ұнамсыз, традегиялы, комедиялы, деп қарауы, сондай тұжырымға келіп, сол тұрғыдан өз қатынасын білдіреді. Эстетикалық қабылдауда ой эстетикалық сана-саезім күйі, көңіл күйі қатар жүреді: шаттану, тебірену, күйгелу, ренжу, қуану, таңдану, жан ашу, т.б. эстетикалық қабылдауда сөйтіп қабылдаушы субъектінің, шығарманың ішкі пафосына қарай бағытталатын шығармашылық әрекетінің қатынасуымен туады. Оқушы өзінің рухани жан сезім, ақыл-ой қажеттілігін көркем шығармадан іздейді, автормен бірге жазып шыққандай күй кешеді. Шығарманың пафосы автор мен оқушының ортақ игіліне айналады. Сөйтіп, көркем шығарманы эстетикалық қабылдаудың нысанасы- пафосты түсініп сезіну болып табылады. бұл жерде мынаны ескеру керек. Шығарма мен қабылдаушы субъект арасында әрқашан эстетикалық арақашықтық туады. Ол арақашықты алшақтық- оқушы мен болмыстың көркем бейнеленген, сұрапталған кейпімен аралықтағы қашықтық.
Осы арақашықты дұрыс жүріп өтіп. Дұрыс көркем қабылдауы үшін адам өзінің ойымен жан дүниесінің алдын ала құлақ келтіріп, қабылданатын шығарманың белгілі бір шындықтың шартты бейнесі екенін есте ұстауы тиіс. Осылайша эстетикалық қабылдау екі жақты амал: қабылдаушы субъект бейнеленгеннің ақиқаттылығына әрі сенеді, әрі сенбей күй кешеді. Эстетикалық қабылдаудың бұл күрделілігі шығарма идеясының кәдімгі тұрмыстық күнделікті санадан өзгеше жасырын келуінде. Алайда әр шығармада оның идеясын аша алатын кілті болады. Эстетикалық талғам мен эстетикалық білім арқылы адам ол кілтті тауып, эстетикалық қабылдауға жетеді. Оқытудан детальдан тұтастық тудыру әдісінің негізгі эстетикалық кілт заңдылығында.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, эстетикалық тәрбие адамның рухани бейнесін қалыптастырудың ауқымды саласын қамтиды. Эстетикалық тәрбие - сұлулық тәрбиесі - баланың әдемілікке деген көзқарасын қалыптастыру процесі - бастауыш сатыдағы оқыту мен тәрбие жүйесінің негізгі буыны. Бұл жүйеде ана тілі пәнінің алатын рөлі ерекше. Өйткені, көркем шығармалардағы жаратылыстың сұлу суретінен, өнер адамдарының өнегелі өмірінен, сөзбен жасалған сұлу үн, сұлу түс, сұлу өлеңдерден ләззат алмайтын адам болмайды. Тек сол сұлулықты көретіндей көз, еститіндей құлақ, сезетіндей сезім туғыза алу қажет. Бұл - бастауыш сынып мұғаліміне жүктелетін міндет.
Белгілі педагог М.Жұмабаевтың пікіріне жүгінсек, «сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат ізденуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан туылуына көп көмек көрсетеді. Сондықтан баланың сұлулық сезімдері жақсы тәрбие қылғынуға тиісті».
Эстетикалық тәрбиелеу мәселесі отандық және шетел әдебиеттерінде толығымен зерттелген. Бұл осы мәселе бойынша әдебиеттерді түбегейлі таңдап, мынадай қорытынды жасауға ықпал етті. Эстетикалық тәрбиелеу оқу-тәрбие үрдісінің барлық жүйесінде маңызды орын алады, өйткені бұл мәселе айналасында адамның эстетикалық қасиеттерін дамыту ғана емес, оны жалпы дамыту проблемасы да, яғни оның күш-қуатының мәні, рухани қажеттіліктері, адамгершілік идеалдары, жеке, өзіндік және қоғамдық ұғымдары, дүниетанымы тұр.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңы. А., 1998.
2. Қазақстан Республикасының Орта білімді дамыту тұжырымдамасы. - А., 1997.
3. Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы. А., 2004.
4. Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасы. — А., 1997.
5. Шәкірім Құдайбердіұлы. Үш анық. Алматы «Қазақстан» және «Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы, 1991, 80 б.