Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Полный просмотр работы

Арал өңірінің түрлі су көздері мен топырақтың ластану деңгейі және оның аймақ тұрғындарының тиреоидты жүйесінің функциялық белсенділігімен түйісуі

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 9
1 Зерттеудің негізгі бағыттары 9
2 Зерттеу әдістері мен құралдары 9
3 Арал өңірі су көздерінің ластану деңгейінің мониторингі 12
4 Арал өңірінің әр түрлі аймақтарындағы топырақта токсиканттардың жинақталуы 18
ҚОРЫТЫНДЫ 27
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі 29

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда Арал өңірінің экологиялық жағдайы өзекті мәселелердің бірі болып тұр, сондықтан бақыланып отырған дағдарыс, топырақ пен судың өндірістік қалдықтармен және ауылшаруашылық өнімдерімен ластануы, Байқоңыр ғарыш айлағының орналасуымен байланысты, факторлардың әсері, топырақ жамылғысының деградацияға ұшырауының негізгі көріністері, шөлдену, тұздану әліде болса

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Зерттеудің негізгі бағыттары
Экологиялық дағдарыс аймағында организмге жағымсыз әсер ететін негізгі фактор су, топырақ құрамында көп мөлшерде кездесетін токсиканттар. Олар адам мен жануарлар организмдеріне тамақ арқылы, ауа арқылы, шаң арқылы түсіп отырады. Соңғы жылдары организмге токсиканттардың әсер етуі, мысалы мышьяк, кадмий, қорғасын, никель, сынап денсаулық және қоршаған ортаны қорғауда ең басты мәселе ретінде қарастырылады, өйткені бұл элементтердің көп мөлшері қоршаған ортаға келіп түсуде. Сонымен қатар, адам организмінде гомеостазды реттеуші

2 Зерттеу әдістері мен құралдары
Алдымызға қойылған мәселені шешу үшін 2002-2006 жж. Қызылорда облысының әр түрлі су көздері мен топырақтың экологиялық жағдайына жыл сайын тексерулер мен мониторинг жүргізілді. Алынған мәліметтер Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында тұратын жергілікті 77 тұрғынның қан сарысуындағы тиреоидты гормондардың құрамы салыстырылып тексерілді.

3 Арал өңірі су көздерінің ластану деңгейінің мониторингі
Жүргізілген зерттеулер тексерілген жылдарға байланысты суда металл иондарының мөлшерінің өзгерісі бар екенін көрсетті. Қорғасын иондарының ШРК 0,03 мг/дм3 тең. 2 суретте көрсетілгендей, 2002 жылы судағы қорғасын иондарының мөлшері СА, ҚҚ және ОА сәйкесінше, 0,05±0,003 мг/дм3, 0,03±0,002 мг/дм3 және 0,02±0,002 мг/дм3 құрады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Алынған мәліметтер негізінде төмендегідей қорытынды шығарамыз:
1. Арал өңірінің әр түрлі аймақтарында 2002-2006 жылдарда ашық су көздері мен топырақта ауыр металл иондарының мөлшерінің жоғары болғаны сақталды, 2004 жылы суда токсиканттардың құрамы бойынша

Диссертациялық жұмыста қойылған мақсат пен міндеттер толық шешілді. Ашық су көздеріндегі және топырақтағы ауыр металл иондарының құрамын, сондай-ақ Қызылорда облысының аудандарындағы тұрғындардың қан сарысуындағы тиреоидты гормондарды 2004 жылдың маусымдары бойынша зерттеуде айқындалған өзгерістер сол жағдайдағы адамдардың ағзасына жағымсыз әсер ететін экологиялық факторларды төмендету мен олардың бейімделушілік потенциалын арттыру іс-шараларын ұйымдастыруда қолдануға болады. Алынған мәліметтер биологиялық және медициналық оқу орындарында да экология, физиология және гигиена пәндеріне лекциялық курстарға қолдануға болады.

Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған ғылыми еңбектер тізімі
1 Ибадуллаева С.Ж., Колбай И.С., Ауэзова Н., Берденкулова А., Избасарова Ж.Ж., Балыкбаева С. Экстремальные экологические факторы Приаралья и их влияние на организм // Ветеринарная наука и практика – производству: Респ. научно-практич. конф. - Семипалатинск, 2004. - С.125.
2 Көлбай И.С., Ибадуллаева С.Ж., Бахтиярова Ш.Қ., Әуезова Н., Берденқұлова А. Арал өңірінің экологиялық проблемалар: әртүрлі қайнардағы судың құрамы мен әртүрлі аймақтары тұрғындарының қандағы иммунды глобулиндердің мөлшерінің қарым-қатынасы // ҚР ҰҒА Хабарлары. Биол. және мед.сериясы. - 2005. - № 4. - Б.50-54.
3 Kolbay I.S., Abdrasilov B., Ibadullaeva S.Zh., Bakhtiyarova Sh., Kurmanbaev R., Auezova N., Berdenkulova A., Ungarbaeva G. The effect of extreme ecological conditions in Aral Sea Basin upon the human organism // XXXV Congr.Internat. Union Physiol. Sci.: Abstracts. San Diego, 2005. LB81. P.18.
4 Берденкулова А., Ибадуллаева С.Ж., Колбай И.С. Бахтиярова Ш.К., Тлеулиев К.Д., Сактапбергенова Г. Сезонные различия содержания ряда химических элементов в почвах Кызылординской области // Физиологические основы здорового образа жизни: Международ. научно-практич.конф., посвящ. 60-летию Института физиологии человека и животных ЦБИ МОН РК. Алматы, 2005. С.32-33.
5 Колбай И.С., Берденкулова А., Ибадуллаева С.Ж. Сопряженность параметров кардиогемодинамики и дыхания у жителей Приаралья с содержанием ионов тяжелых металлов в воде и почвах этого региона // Вестник НАН РК. - 2006. - № 4. – С.32-35.
6 Берденқұлова А., Ибадуллаева С.Ж., Көлбай И.С. Қызылорда облысының топырақтағы ауыр метал иондарының мөлшері және оның Арал өнірі тұрғындарының қандағы лейкоциттер санымен байланысы // ҚазҰУ Хабаршысы. Экология сериясы. – 2006. - № 1(18). - Б.83-86.
7 Колбай И.С., Берденкулова А.Ж., Ибадуллаева С.Ж. Сезонная динамика содержания тиреоидных гормонов в крови у жителей Приаралья // Известия НАН РК. Серия биологическая и медицинская. – 2007. - № 5. – С19-23.