Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері

МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері 5
2 Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық -қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты 8
3 Қылмыстың арнаулы субъектісі 15
4 Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық 18
Қорытынды 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

Кіріспе
Қылмыс жасаған кезде қылмыстық заңда көзделген белгілі бір жасқа толған және есі дұрыс жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.
Қылмыс субъектісінің белгілері жайлы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 14-бабының бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс, осы кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс”.
Қылмыс субъектісі - ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

1 Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
Қылмыс субъектісі - қылмыс құрамының бір элементі, онсыз қылмыстық жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.
Қылмыстың субъектісі болып қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4,6,7 - баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам - азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немее табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысал, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс

2 Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық -қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты
Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам қылмыстық жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек.
Жоғарыда аталып кеткендей, есі дұрыстық дегеніміз – адамның қоғамға қауіпті әрекет жасаған кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі сипатын, қоғамға қауіптілігін ұғына алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстың субъектісі болып табылмайды. Сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89-95 баптар). Есі дұрыстықтың белгісіне тоқталып өтсек, ол адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып табылады, өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Кылмыстық Кодекстің іс-бабында есі дұрыс еместіктің түсінігі берілген. Онда:

3 Қылмыстың арнаулы субъектісі
Есі дұрыстық және заңда белгіленген жасқа толу, бұл айтылған екі белгі кейбір қылмыс құрамдары үшін жеткіліксіз, ондай құрамдарға субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша белгілер болуы қажет.
Қылмыстың арнауы субъектісі дегеніміз субъектінің жалпы белгімен (есі дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша – арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз. Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы субъектісі туралы жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы субъектісін сипаттайтын белгілер Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында көрсетілген.

4 Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық
Профессор Е.Қайыржанов: “Әуелі маскүнемдіктің қоғамдық өмір негізі - өндіріске тигізетін зияны көп” – дейді . Еңбек тәртібінің бұзылуы, шығарылатын өнімнің саны мен сапасының төмендеуі, өндірістегі түрлі жарақат, еңбек адамының жұмыстағы өлімі немесе мүгедекке ұшырауы, тағы басқа жағдайлар маскүнемдікке байланысты екенін нақтылы, толық көрсеткен.
1958 жылғы шыққан заңға дейінгі заңда (1934 жылғы) мас күйінде жасалған қылмыстардың жауапкершілігі әртүрлі болып келеді. Мысалы, 1934 жылғы заңда мас күйінде жасалған қылмыстар үшін есі дұрыс еместікті пайдаланбайтын, маскүнемдіктің қандай түрі болады, соған жауапкершілікке тартылаатындығы айтылған. 1937 жылғы заңның 10-бабында өзін-өзі мастық жағдайға келтіріп, уақытша өзі ісіне есеп бере алмай қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін жаза тағайындалуы керекделінген. 1958 жылғы заңның негізі де соған сәйкес. Біздің республикамыздың Қылмыстық Кодексінде (12-бабында) қылмысты мас күйінде жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды делінген.
Көрнекті психиатр-ғалымдар маскүнемдік адамның екі жағдайын аңғаруға болады дейді. Ішпеген соң уақытында өте сабырлы, ал мас күйінде аянышты, әжуалы, сиықсыз болып көрінеді. Дегенмен, заңда мас күйінде қылмыстық іс-әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылуы, жаза тағайындалуы қажет екенін көрсетеді.

Қорытынды
Сонымен, Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектілері болып қылмыстық заң тыйым салған қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) жасаған және онысы үшін қылмыстық жауаптылық арқалана алатын адам есептелінеді.
Жауаптылыққа қабілеті - айыптаудың есінің дұрыстығы. Қылмыстық заң бойынша есі дұрыс адам ғана жауапқа тартылып, оған жаза тағайындалады. Есі дұрыс, қабілеті бар адам ғана өзінің кінәсін түсіне алады. Есінің дұрыстығы - айыптының өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатындығы, іс-әрекетті болдырмауға қабілетінің барлығы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 ж. 30 тамыз.
2.Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі. 1997 ж.
3.ҚР-ның қылмыстық кодексіне түсінік.
4.Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001 ж.
5.Әбілезов Е.Т. Қазақстан Респуликасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
6.Бапанов Т.Ә. Әбілезов Е.Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлім. (Альбом үлгі). Алматы. “Жеті жарғы”. 2002 ж.
7.Құлжақбаева Р.Б. Қылмыстың құрамы. Қарағанды. “Болашақ -баспа”. 2000ж.
8.Молдыбаев С.С. Рахметов С.П. Субъект преступления по уголовному праву Республики Казахстан. Алматы. “Жеті жарғы”. 2001.
9.Наумов В.Н. Қылмыстық құқық. Астана. 2001 ж.
10.Орымбаев Специальный субъект преступления. Алма-ата. 1972.
11. Сарыбаев «Қылмыстық құқық»