Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы
Жоспар
Кіріспе 3
1 Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы 4
1.1 Германияның сыртқы саяси доктринасының қалыптасуы 4
1.2 Үшінші рейхтің негізгі идеологтары 5
1.3 Нацизм идеологиясының негіздері 5
Қорытынды 7
Әдебиеттер тізімі 8
Кіріспе
Шамамен жүз жыл бұрын талай соғыстарды көріп шаршаған Еуропа 20 ғасырмен кездесуді аса шапшаң күткен. Ол ғылымның, рухани мәдениеттің қарқынды түрде дамуымен басталып алайда ақырында қан ғасыры аталып жер жүзінде адам баласының тіршілік етуіне күмәндік туғызды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен Еуропа дағдарысқа түсіп Германияда, Португалияда, Ресейде революциялар мен төңкерістер бет ала бастады. 1922 жылы Муссолини Италия үкіметінің басшысы болды, 1926 жылы Польшадағы билік басына диктатор Пилсудский келеді, ал 1933 жылы заңды сайлаумен Германияның билік басына Адольф Гитлер келіп мемлекет ішіндегі НСДРП-нан тыс басқа партияларының қызметін толығымен тоқтатады. 1934 жылы Гитлер президент пен рейхсканцлер орындарын біріктіріп толық билікті өз қолына шоғырландырды.
1 Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасы
1.1 Германияның сыртқы саяси доктринасының қалыптасуы
Карл Хаусхоффердің «өмір сүру кеңістігін кеңейту» (Lebensraum) атты концепциясы Германияның сыртқы саяси доктринасының негізін қалады. Бұл концепция бойынша Германия бұндай қажеттілікті қамтамасыз ету үшін үздіксіз күрес жүргізу керек. Нәтижесінде мемлекет өзінді сыртқы күштерден тәуелсіз етіп сонымен қатар өзінің экономикалық автаркиясын қамтамасыз етеді.
1.2 Үшінші рейхтің негізгі идеологтары
Нацизмнің негізгі идеологтарының ішінен осы тұлғалрды атап шығаруға болады:
1) Адольф Гитлер
Идеологияның басын қалаған. 1925 жылы оның Mein Kampf («Менің күресім») атты алғашқы әрі соңғы кітабі жарыққа шығады. Бұл саяси манифест әрі автобиография Үшінші рейхтің билік құрушы топтарының Библиясына айналды, национал-социализм идеологиясының негізі.
2) Альфред Розенберг
Гитлердің рухани және идеологиялық мәселелеріне байланысты орынбасары, нацистік партияның мүшесі, шығыстағы оккупацияланған территориялардың басқару министрі, «расизмнің» философы. «Германия сыртқы саясатының болашағы» (1927), «20 ғасыр мифі» (1929).
1.3 Нацизм идеологиясының негіздері
Нацизм идеологиясы негізгі үш заңнан тұрады:
1) Биологиялық гравитация заңы
Бұл заңды Гитлер ойлап шығарды. Ол бойынша адам баласы әлеуметтік организм болғандықтан ол қоғамның ішінде тұру керек. Бірақ та қоғамның өзі белгілі бір әрі шектеулі болу керек. Баланы туылғанынан бастап отбасы қоршау керек. Бір адамнан тұратын отбасы. Гитлер немістердің бір территорияда тұруын қалаған. «Германия неміс халқы үшін» атты ұраны Гитлердің ойынша толығымен заңды әрі ғылыми тұрғыдан дәлелденген болатын. СС-тің ережелер жиынтығында осындай сөздерді мысалға келтірсе болады: «Саясатта тек екі жақ бар: Германия әлде ештеме... Бізде тек бір жау бар – Германия жауы, және бір дос – Герман халқы».
Қорытынды
Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасының қалыптасуы ұзақ уақытты қамтыған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесі қалыптастырған тәртіп Германияны қанағаттандырмай керісінше мемелекет ішінде радикалды экстримистік әрі нацистік күштердің пайда болуына алып келді. Тез арада жоғалтып алынғанды қайтарып алу және кек алу негізде жүргізілген сыртқы саясат сәтсіздікке ұшырады. Өз күшінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмаған герман қарулы күштері ақырында жеңіліс табады.
Әдебиеттер тізімі
1. Збигнев Бжезинский «Великая шахматная доска»
2. История Международных Отношений и Внешней Политики Ж.У. Ибрашева