Жеке тұлғаға несие берудің
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Жеке тұлғаға несие берудің 5
1.1 Қолдану саласына талдау 5
1.2 Қызметінің сипаттамасы 6
1.2.1 Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы 6
1.3 Осы қызметті жүзеге асырушы тұлғалар және ұйымдық құрылымдар 8
1.3.1 «Несие беру операциялар бойынша қызмет көрсету» АЖ-сіне қойылатын талаптар 9
1.3.2 Несиелер есебінің ақпараттық жүйесінің құрылымына қойылатын талаптар 10
1.4 Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар 11
1.5 Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 13
1.5.1 Машинадан тыс ақпараттық база 14
1.5.2 Машина ішіндегі ақпараттық база 14
1.6 Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 15
1.7 Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 16
1.8 Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 17
1.9 Математикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 18
1.10 Лингвистикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар 19
1.11 Концептуалдық сызба нұсқасы 20
2 Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен түрлері 21
2.1 Кіріс ақпараты 25
2.2 Шығыс ақпараты 25
2.3 Ақпараттық модель 28
Қорытынды 30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31
Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы - «Жеке тұлғаға несие берудің» ақпараттық жүйесі.
Курстық жұмыстың мақсаты –несие беру жүйесінің мәнін ашып көрсету, біздің еліміздегі несие жүйесін жетілдірудің мүмкін болатын жолдарын анықтау және ақпараттық жүйесін құру болып табылады.
Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
- Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің ерекшеліктері мен мақсатын анықтау;
- «Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету» ақпараттық жүйесін (АЖ) құрудың мақсатын анықтау;
1 Жеке тұлғаға несие берудің
1.1 Қолдану саласына талдау
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие жүйесі туралы екі түрлі ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие – қаржы институттарының (мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуы мен оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды. Несие жүйесі несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
1.2 Қызметінің сипаттамасы
1.2.1 Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару – адамзаттың данышпандық табысы. Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады. Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге, ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға, не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
1.3 Осы қызметті жүзеге асырушы тұлғалар және ұйымдық құрылымдар
Несие беру қызметтері жүзеге асырушылар заңды немесе жеке тұлғалар және экономиканың әр түрлі секторында қызмет ететін көп қызметті мекемелер, корпорациялар, акционерлік компаниялар, орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының қаржылық мекемелері, коммерциялық емес ұйымдар, сондай – ақ басқа да үкіметтік ұйымдар болып табылады. Несие беруді жүзеге асырушы ұйымдық құрылымдар төмендегі сызба нұсқада көрсетілген:
1.3.1 «Несие беру операциялар бойынша қызмет көрсету» АЖ-сіне қойылатын талаптар
Ақпараттық жүйе (АЖ) – бұл қолданушыларға олардың сұраныстарына сәйкес түрде ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және жеткізу үшін арналған. АЖ бағдарламалық құралдар кешенінен шешілетін есептерді өзіне қосады. Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы және жақсы интерфейске және санкцияланған әрекеттерден қорғауға ие болуы қажет.
1.3.2 Несиелер есебінің ақпараттық жүйесінің құрылымына қойылатын талаптар
АЖ құрылымы - жүйешіктердің функционалдық міндеті мен олардың сыртқы ортамен өзара әрекетін анықтайтын, оның жеке жүйешіктері мен элементтері арасындағы қатынастар мен ішкі кеңістіктік – уақыттық байланыстардың салыстырмалы орнықты реті.
1.4 Несиелік операциялар бойынша қызмет көрсету АЖ-нің ресурстарына қойылатын талаптар
Ақпараттық ресурстар деп – материалдық ресурстар ретінде жүретін және қандай да бір форма үшін құндылықты білдіретін, мәліметтердің жиынтығын атайды. Оларға сыртқы жадыда сақталатын мәліметтердің негізгі және көмекші массивтері, және кірістік құжаттар жатады.
Автоматтық тәртіпте жүйені қалыптастыру үшін жүйенің қамтамсыз ету бөлігі қажет, ол мына ресурстардан тұрады – техникалық жабдықтаудан, математикалық жабдықтаудан, программалық ақпараттық және ұйымдастырушы жабдықтаудан.
1.5 Ақпараттық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Басқару үрдісі ақпаратты пайдаланусыз мүмкін болмағандықтан, АЖ-де ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әсіресе маңызды.
Ақпараттық қамтамасыздандыру (АҚ) болып автоматтандырылған жүйеде пайдаланылатын, ақпарат массивтерінің және құжаттаманың үйлестірілген жүйелерінің, экономикалық ақпаратты кодтау және жіктеудің ортақ жүйесінің жиынтығы табылады.
1.5.2 Машина ішіндегі ақпараттық база
Машина ішіндегі ақпараттық база – белгілі белгілері бойынша топтастырылған, жүйенің машиналық тасымалдаушыларында АЖ-де пайдаланылатын мәліметтер жиынтығын білдіретін, ақпараттық базаның бөлігі. Машиналық тасымалдаушылар ЭЕМ-да немесе ДЭЕМ-да ақпаратты автоматты енгізу үшін жарамды, материалдық объектті білдіреді.
1.6 Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
АЖ-нің қызмет етуі мен құрудың маңызды шарты ұйымдастыру - шылық қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру – ақпараттық жүйенің қызметкерлерінің қызметін оның қызмет ету объектті басқарудың қолда бар жүйесін талдау және оның тиімділігін өсірудің бағыттарын қалыптастыру. Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз – АЖ-ны тұрғызу мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістер мен жабдықтардың жиынтығы. Ол АЖ-ны тұрғызу мен қолдануға қатысты ең көлемді мәселелерді қарастырып және элементтердің құрамын, байланысын, өзара әрекетін, ұйымдастыру құрылымын анықтайды, сондай ақ жүйе қызметін реттейтін заңдық актілерді қамтиды.
1.7 Техникалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Техникалық қамтамасыздандыру (ТҚ) деп автоматтандырылған АЖ-нің жұмысын қамтамасыз етуге арналған, техникалық құралдар кешені (ТҚК) аталады.
АЖ-ні техникалық қамтамасыз ету келесі талаптарды қанағаттандыруы қажет:
- өнімділік, сенімділік және функционалдық мүмкіндіктер АЖ-нің берілген есептік және ақпараттық есептерін автоматтандырылып шешілуін қамтамасыз етуі тиіс;
1.8 Бағдарламалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Бағдарламалық қамтамасыздандыру (БҚ) – АЖ-нің техникалық құралдар кешенінің әрекет етуін қамтамасыз ететін, есептер мен мақсаттарды жүзеге асыру үшін бағдарламалардың жиынтығы.
БҚ-ге қойылатын жалпы талаптар мына түрде қалыптасады:
- түрлі есте сақтаушы құрылғылар мен сыртқы тасымалдаушыларға кітапханаларды ұйымдастырудың дамыған құралдарын пайдаланудың мүмкіндіктері;
- қажеттіктің мөлшері бойынша қызметкерлердің ЭЕМ-мен тіл табысудың мүмкіндіктері;
1.9 Математикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Математикалық қамтамасыздандыру – бұл ақпаратты өңдеудің математикалық әдістерінің, модельдер мен алгоритмдердің жиынтығы. «Депозиттік операцияларды жүргізудің» АЖ-нің математикалық қамтамасыздандыруы нақты есептерді шығаруға және оның дұрыстығын бақылауға тиімді программаны дайындауға мүмкіндік береді,осы есептерді шешу үрдісінде ДЭЕМ жұмысын басқару және оның жұмысының дұрыстығын бақылау тиіс.
1.10 Лингвистикалық қамтамасыздандыруға қойылатын талаптар
Лингвистикалық қамтамасыздандыру – бұл АЖ-нің әрекетінде есептеуіш техникасының құралдарымен АЖ қызметкерлердің тілдесуінде ақпараттық бірліктерді құру мен сәйкестендірудің, табиғи тілді қалыптастыру үшін тілдік құралдардың жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтауға мыналар жатады:
1.11 Концептуалдық сызба нұсқасы
Концептуалдық сызба бас әдістемелер кезінде ақпараттық жүйенің жұмыс жасауын және оның құруын көрсетеді.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жобалы құжаттарының өңделуі кезінде жүйенің әр түрлі элементтерінің графикалық суреттелуі маңызды орынға ие болады, мысалы ақпараттық үлгілердің, блок-схемалық алгоритмдердің, ақпаратты өңдеудегі технологиялық процестердің, айналым құжаттарының, ақпараттардың көптігі және т.б.
2 Несиенің қызметтері және несие берудің формалары мен түрлері
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді. Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды.
2.1 Кіріс ақпараты
Кіріс ақпараты – АЖ қызметін орындау үшін қажетті құжаттар, мәліметтер түріндегі түсетін ақпарат.
2.2 Шығыс ақпараты
Шығыс ақпараты – бұл берілетін басқару объектісіне, қызметшіге немесе басқа басқару жүйелеріне құжаттар, бейнелеулер, мәліметтер және сигналдар түрінде берілетін және ақпараттық жүйелер функцияларын орындау нәтижесінде алынған ақпарат. Шығыс мәліметтерінің тізімі 7 - кестеде көрсетілген.
2.3 Ақпараттық модель
«Жеке тұлғаға несие беру бойынша қызмет көрсету» есебінің ақпараттық моделі – ақпараттық ағындардың өзара байланысын көрсетеді, сондай-ақ, осы есепті жүзеге асыру үрдісінде пайдаланылатын, тасымалдаушылардың түрлерін көрсетеді.
Ақпараттық модель ақиқаттылықты модельдеудің ресми тәсілдерін бермейді, алайда, есептер кешенің жобалаудың әдістемелерінің негіздерін жинайды. Оны келесі сызбадан көруге болады.
Қорытынды
Менің курстық жұмысымда елдегі банк ісін ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, елдегі ақша және несие саясатының бірлігі, несиелік мекемелер торабын барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, яғни жеке тұлғаларға несие беру жұмысын жетілдіріп, оларды өңдеу және автоматтандыру арқылы ақпараттық жүйесін тұрғыздым деп ойлаймын.
Демек курстық жұмыс өңделген, автоматтандырылған ақпараттық жүйесін ұсынады.