Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Жаратылыстану ғылымдары

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 5 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Тәжірибе бастауы – «Ұстаздық машықтану» пәнінің мақсаты мен міндеті

Ұстаздық машықтану – болашақ музыка маманының (домбырашының) ұстаздық өз бетімен жүргізетін ұстаздық қызметінде маңызды орын алатын пән. «Ұстаздық машықтану» пәнінің басты мақсаты – болашақ музыка мамандарын арнаулы оқу орындарындағы ұстаздық қызметтеріне машықтандыру, жол ашу, барлық бағытты қамту. Оқу орны қабырғасында алған білімдерін тереңдету және бекіту, тәжірибелік жұмыста пайдалана білуге үйрету.

Болашақ маманның жұмыс атқаратын өндірісіне жақындату, оған керекті шарттардың орындалуына жағдай туғызу. Консерватория студенттері үшін мұндай өндіріс орны – негізінен колледж, арнаулы музыка мектептері, жеті жылдық музыка мектептері, студиялар, өз бетімен талаптанушылар. Болашақ музыка мамандары өздеріне керекті ұстаздық әдет, дағды, тәжірибені осы оқу орындарынан ғана үйрене алады. Бірақ тәжірибе өту кезеңдеріне қандай оқу орны болса да, бір-біріне кесел келтірмейтіндей бағытта ұйымдастыру керек. Болашақ домбырашы ұстаздың тыңғылықты тәжірибе жинақтауы үшін – оқушыны алғашқы сабақтардан бастап соңғы мемлекеттік емтихандарға жеткізгені дұрыс. Бұрын оқыған оқушы алғаннан гөрі өзі бастағаны дұрыс. Дайын оқушымен көп жайлардан хабарсыз болады да, жеке жұмыста қателер жіберіп дағдарысқа ұшырайды.

Ұстаздың шәкіртке берер дәрісінің үлгілері мына ауқымда болса деген ұсыныс бар. Әрине бұл да жобамен алынған тақырыптар. Өйткені ұстаз әр талаптанушының жеке басының білім дәрежесіне байланысты жетекшілік жасайды: