Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 22 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Өнімді өткізу және тарату.


Мазмұны
1 Өнімді өткізу және тарату 3
1.1 Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері 3
1.2 Өткізудің маркетингтік жүйелері 8
1.3 Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі 14
1.4 Көтерме сауданың мәні, рөлі және қызмет аясы. Көтерме делдалдарың негізгі тиіггері мен сипаттамалары 15

1 Өнімді өткізу және тарату

1.1 Тауар өткізу арналарының мәні, қызмет аясы, түрі және деңгейлері

Өндірілген тауарды тұтынушыға міндетті түрде жеткізу керек. Өндірушілер осы қызметті екі әдіспен жүзеге асырады: өзіндік өткізу бөлімшелері арқылы немесе дербес делдалдар арқылы. Тауарды тікелей өткізу әрқашан да тиімді емес, сондықтан өндірушілер делдалдардың қызметін қажет етеді. Өзінің байланыстары, тәжірибесі және мамандануы арқасында делдалдар бірқатар қызметтер ұсынып, фирманың өз бетінше ала алатын шамадан көбірек пайда табуға жәрдемдеседі. Дистрибьюторлармен, бөлшек сауда дүкендерімен, тәуелсіз делдалдармен келісім негізінде құрылған арналарды қажет кезде өзгерту өте қиын. Сондықтан, басқарушы қызметкерлер өткізу арналарын құруға байсалды, байыпты қарауға тиіс.
Өткізу - өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс-әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай-ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда: өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.
Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы (5):

1.2 Өткізудің маркетингтік жүйелері

Өткізудің маркетингтік жүйелерінің түрлері өткізу арналарының құрылымына байланысты болады.
І.Дәстүрлі - бұған тәуелсіз өндіруші, бір немесе бірнеше көтерме немесе бөлшек сатушы кіреді. Жүйенің әрбір мүшесі өз қызметін атқарып, максималды табыс табуды көздейді. Жүйе мүшелері бір-бірінің қызметін толық бақылай алмайды. Таратудың дәстүрлі арналарының басшылығы пәрменсіз және тиімділігі төмен болады. Мысалы, көптеген тамақ өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындардың өткізу жүйесін өзара іс-қимыл жасау сипаты бойынша дәстүрлі жүйеге жатқызуға болады. Бұл жүйенің әрбір арнасы басқаларға тәуелсіз және тек қана өзінің пайдасын көбейтуге ұмтылады.

1.3 Кәсіпорындағы өткізу қызметінің рөлі

Кәсіпорынның өткізу қызметі - компанияны тұтынушылармен тығыз байланыстыратын буын. Өткізу қызметінің құрылымы территориялық, тауарлық белгісіне қарай жасалынуы мүмкін. Территориялық белгісіне қарай ұйымдастыру кезінде агенттер мен өткізушілер белгілі бір географиялық аймаққа бекітіледі. Ал егер компанияның өнімдері көп, техникалық құрылымы күрделі және сан алуан болса, онда өткізу қызметі тауар белгісіне қарай ұйымдастырылады. Мұндай жағдайда сауда агенттері тауардың арнайы түрін немесе ассортиментті тобын өткізуге негізделеді.