Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 13 стр.

Полный просмотр работы

Жұмыс уақыты қолдану

Жоспар
Кіріспе 3
1. Жұмыс уақыты статистикасы 4
2. Жұмыс уақыты қорын пайдаланылуды зерттеу 8
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13

Кіріспе
Статистика тәжірибесінде жұмыс уақытының өлшем бірлігі ретінде адам-күн және адам-сағат пайдаланылады. Адам-күн ретінде бір адамның толық жұмыс күні ішінде жұмысқа келуін есептейді. Статистикада жұмысшының істеген адам-күні деп оның жұмысқа келуі саналады. Мұнда оның жұмыста қаншама уақыт болғаны есептелмейді. Толық күндік тоқтап қалулар күні деп жұмысшының жұмысқа келіп, бірақ оған тәуелді емес жағдайларға байланысты жұмысқа кіріспеген күндер саналады. Кәсіпорын тізімінде тұрған жұмысшы үшін жұмысқа келмеудің (неявка) адам-күні деп жұмысшының сол күні жұмыс істеуіне тиісті, әлде тиісті еместігіне қарамастан жұмысқа келмеген күндері саналады. Жұмыс уақытын адам-күнмен есептеу жалпы жұмыс күні ішінде болуы мүмкін жұмыс уақытының шығындалуын анықтап бере алмайды. «Істелген адам-күн» ұғымының өзі бұл жағдайды түсіндіреді.

1. Жұмыс уақыты статистикасы
Адам-сағат және адам-күн бойынша жұмыс уақытын есептеу мәліметтері негізінде жұмыс уақытын қолданудың келесі көрсеткіштері есептеледі:
1. Жұмыс күнінің орташа арифметикалық ұзақтығы.
2. Бір тізімдік жұмысшыға келетін орташа жұмыс күндерінің саны.

Берілген кестенің мәліметтері негізінде: адам-күн күнтізбелік қоры: 111780 + 17644 + 47883 = 177307 (1, 2, 11 жолдарын қараңыз); адам-күн табельдік қоры: 177307 - 47883 = 129424 (күнтізбелік қор минус 11 жол); максималды мүмкін болатын адам-күн қоры 129424 - 9040 = 120384 (жұмыс адам-күннің максималды мүмкін болатын қоры минус 4 жол).
Күнтізбелік қор уақытының әрбір көрсетілген элементі өндірісте белгілі бір мәселелерді шешу үшін пайдаланылуы мүмкін.

2. Жұмыс уақыты қорын пайдаланылуды зерттеу
Зерттеліп отырған кезеңде еңбек ресурстарының толығымен пайдаланылуын есептеу үшін бір жұмысшының жұмыс істелген күндер мен сағаттар санын немесе жұмыс уақыты қорын пайдалану дәрежесін пайдаланамыз. Мұндай зерттеу жұмысшылардың әрбір категориясына, әрбір өндірістік бөлімшеге және жалпы кәсіпорынға жүргізіледі. (2.1 кесте).

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Савицкая Г. В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия. М.: Инфра-М, 2001
2. Шеремет А. Д., Баканов М. И. Теория экономического анализа. М.: Финансы и Статистика, 1997
3. Негашев Е. В. Анализ финансов предприятия в условиях рынка. М.: Высшая школа, 1997