Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: География

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қытай мәдениеті

Қытай – ежелгі мемлекеттердің бірі. Қытай елінің тұрғындары - ерекше материалдық және рухани мәдениетті жасаушылар болды. Олар өмірді - құдайдың табиғаттан тыс күштерінің сыйы екендігіне кәміл сеніп, дүниедегінің бәрі де ұдайы қозғалыста болады және жарық пен қараңғылық атты бір – біріне қарама – қарсы екі космостық күштердің өзара қақтығысының әлем ұдайы өзгерістерге ұшырап отырды деп санады.
Қытайлықтар жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты табиғат күштеріне, яғни жердің, күннің, айдың, таулардың, өзендердің, желдің, жаңбырдың және т.б. рухына табынды және олардың құрметіне құрбандықтар шала отырып, халықтың қажеттілігіне байланысты игі өтініштер жасады.

Біздің заманымыздың бастауында Қытайда кескіндеме өнері гүлдену сатысында болды. Көптеген ғалымдар өнердің осы саласындағы мұндай алға басушылықты будда ғибадатханаларында түрлі құдайлар мен әулиелердің мүсіндері көптеп орын ала бастады. Әсіресе, жібекке, қағазға тушпен салу кеңінен тарап, фрескалар өнері бой көрсете бастады. Бір айта кететін жәйт, ежелгі Қытайдың кескіндеме туындыларының әрқайсысының өзіндік мән-мағынасы бар. Мысалы: шырша – ұзақ өмір белгісі болса, бамбук - қажымас қайрат пен ерліктің, ал көкқұтан – жалғыздық пен қасиеттіліктің белгілері болып саналады. Осы тұрғыдан алып қарастырғанда, бүкіл көне Шығыс көркемдік мәдениеттің ең басты елементі – «Күн» болып саналатынын да атап өткенді жөне көрдік. Күн әдетте, Аспан құдайының мұрагері және туған ұлы ретінде адам бейнесінде беріледі. Күн «Аспан құдайының» бәрін көре де, біле де білетін қасиетін мұра еткен. Күн сонымен қатар Шығыс елдері мәдениетінде сұлулықтың басты мәдениеті болып саналады.
Қытайдың көркемдік мәдениетінде кескіндеме өнері мен әдебиеттің арасында үзілмес сабақтастық байқалады. Өйткені, қытай поэзиясы кескіндемелік сипатта болса, кескіндеме өнері поэтикалық сарында болып келеді. Жалпы алғанда, Қытайдың көркемдік мәдениеті элиталық сипатта болды, ал бұл қасиет көне Шығыс елдерінің көпшілігіне тән екендігін ешкім де жоққа шығара алмас.

Ежелгі заманда салынған Ұлы Қытай қорғаны сияқты алып құрылыстардың барлығы да, шындап келгенде дәл осындай адамдардың күшімен тұрғызылған. Күн сайын өлген ондаған мың адамдар келесі күні-ақ қайтадан жаңа жұмыс күштерімен толықтырылып отырған. Цинь Шихуанди дүниежүзіндегі ең әйгілі әскери – инженерлік құрылыс – «Ұлы Қытай қорғанының» негізін салдырған тарихи тұлға болып есептеледі.
Қорыта келгенде айтарымыз, ұлы Қытай халқы - мәдениет пен өнердің қай саласында болса да қомақты табыстарға жетіп, дүниежүзілік өркениетке өзіндік үлестерін қоса білген дарынды да, еңбекқор халық болды.