Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі
Мазмұны
1 Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі 3
1.1 Ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері 3
1.2 Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі 5
1.3 Сауықтыру бағытындағы дене тәрбиесі амалдарынын сипаты 11
1 Ересек және үлкен жастағы адамдардың дене тәрбиесі
1.1 Ересек адамдардың дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы мен міндеттері
Біздің мемлекетіміздегі адамдар жалпы және кәсіптік білімді 17-21 жастары кезінде алады. Оқуларын аяқтаған, армия катарында Отан қорғаған жастар әр түрлі өнеркәсіп, мекеме, ұжымдарда еңбек қызметтеріне кіріседі. Осы кезеңде еңбекшілер мен қызметшілердің еңбек қызметтері мен денсаулыктарына жағымды әсер беретін дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Ол төмендегідей мәселелерде айқын көрінеді.
1. Еңбек етудің кандай түрлерінде болмасын адамдар дене және психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жүмысқа қабілеттіліктері төмендейді. Осы кезде дене тәрбиесі амалдары көмегімен шаршаған адам ағзасын тез қалпына келтіріп, жұмыска қабілеттіліктерін жоғарылатуға болады.
2. Көптеген еңбек түрлері арнайы дене қуаты дайындығын керек етеді. Ол дайындықтар арнайы амалдар және дене дайындығы әдістерімен іске асырылады.
1.2 Ересек адамдардың еңбек қызметтері кездеріндегі дене тәрбиесі
Негізгі дене тәрбиесі және спорттық жұмыстар адамдардың жұмыс істеген ұжьімдарында, мекемелерде, тұрған жерлерінде, әр түрлі спорттык ғимараттарда, мамандардың басқаруымен, өздерінің құрған топтарымен және өз бетімен жеке жүргізіледі.
Біздің еліміздегі ересек, орта, үлкен жастағы адамдармен дене тәрбиесі, сауықтыру дене тәрбиесі және спорт жұмыстары өнеркәсіп орындарындағы, әр түрлі мекемелердегі, оқу орындарындағы спорт клубтары, ерікті спорт қоғамдары, кәсіподақ комитеттері аркылы іске асырылады.
1.3 Сауықтыру бағытындағы дене тәрбиесі амалдарынын сипаты
Сауыктыру бағытында дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің жаттығуларын таңдағанда негізгі орынды аэробты тәртіптегі циклділік жаттығулар алады. Циклділік жаттығулар, жаттығу орындау кезінде көп оттегіні пайдаланатын үлкен бүлшық ет топтарын жұмыска кірістіруді керек ететіндіктен тыныс алу және жүрек қан тамыры жүйесінің қызметін дамытады. Бұл жүйелердің жаксы жұмыс істеуі - мықты денсаулық кепілі. Қазіргі кезде адамдар арасында кең тараған, төзімділікті дамытуға бағытталған циклді жаттығулар түрлері: жүру, жүгіру, суға жүзу, шаңғы тебу және т.б. жатгығулар. Осы жаттыгуларға, ол жатгығулармен сауықтыру мақсатындағы жаттықтыру әдістемесіне сипаттама берейік.
5. Велосипедпен тебу. Велосипед тебу жүрек қан тамыры және тыныс алу жүйесін нығайтады. Денсаулықты нығайту үшін жетісіне 3 рет, ең аз дегенде 30 мин уақыт, тоқтамай велосипед теуіп отыру керек. Жаттық-тырудың жақсы әсері сағатьша 25 км/сағ жылдамдықпен жүру. 15 км/сағ жылдамдықпен жүру темен аэробты әсер береді. Кәрі жастағы адамдарға сағатына 4-5 км/сағ жылдамдықпен ақырындап жүрсе жеткілікті.