Қатты денелер
Жоспар
1 Қатты денелер 3
1.1 Кристал деген 3
1.2 Кристалдық күйлердің айрықша белгілері 3
1.3 Монокристалдар және поликристалдар 4
1.4 Аморф денелер 6
1.5 Аморф денелердің қасиеті 6
1.6 Қатты денелер физикасы 7
1.7 Қатты денелерде болатын деформация түрлері 8
1.8 Созылу деформациясы (сығылу) 8
1.9 Қаты денелердің механикалық қасиеттері 10
1.10 Пластиколық және морфтық 11
1.11 Морттық 12
2 Қысқаша қорытындылау 13
Әдебиеттер 14
1 Қатты денелер
1.1 Кристал деген
Кристалдар - атамдары немесе молекулалары кеңістікте белгілі орындалып, реттеліп орналасқан қатты денелер. Кристалдың сыртқы пішіні дұрыс яғни бірақ әліпті болуында осыған байланысты.
1.2 Кристалдық күйлердің айрықша белгілері
Табиғаттағы денелердің көпшілігінің құралымы кристалдық болып саналады.
Мысалы:барлық минералдар немесе барлық талдар қатты күйінде кристалл болып табылады.
Бірақ сыртқы пішіні дұрыс болып келуі кристалдық реттелген құрылысының жалғыз ғана ең басты салалары бола алмайды. Бастысы - физикалық қасиеттердің кристалды таңдалып алынған бағытқа тәуелділігі. Ең алдымен, кристалдық механикалық біріктірілінің әртүрлі бағытта түрліше болатыны көзге түседі.
1.3 Монокристалдар және поликристалдар
Егер дене бір кристалдан тұрса,оны монокристал деп атайды. Кей бір минералдардың монокристалдары табиғатта табиғи күйінде кездеседі. Металдардың құрылымы кристалдық болып келеді. Сондықтанда, қазіргі кезде еңбек құралдарын түрлі машиналар мен механизмдерді жасау үшін негізінен металдар пайдаланады.
Егер едәуір бір металл кесетін алсақ, онда оның физикалық қасиеттерінен бірден көзге түсіп білінбейді. Әдеттегі күйде металдарда аназитропия байқалмайды.
1.4 Аморф денелер
Қатты денелердің барлығын кристалл денелерге жатқызуға болмайды. Көптеген аморф денелер бар.
Аморф денелерде атомдардың дәлме-дәл ретті орналасуы жоқ. Тек жақын көрші атомдар тері белгілі бір ретпен орналасады. Бірақ кристалдарға тән құрылымның қандай да бір элементінің барлық бағытта дәлме-дәл қайталануы аморф денелерде болмайды.
1.5 Аморф денелердің қасиеті
Барлық аморф денелер изотропты, олардың физикалық қасиеттері барлық бағыты бірдей. Аморф денелерге шыны, көптеген пластмассалар, смола, қант мұздығы (мөлдір кәмпит) т.б жатады.
Сырттан әсер еткенде аморф денелерде қатты денелердегі сияқты серпінділік қасиеті және сұйықтағы сияқты аққыштық қасиеті де бір мезгілде байқалады. Қысқа мерзімді әсерлер де (соққанда) олар қатты денелерге ұқсайды, ол қатты соққанда кесектерге жарылады. Бірақ өте ұзақ әсер еткенде аморф денелер ағады. Бұған ұзағырақ уақыт бақылау нәтижесінде көз жеткізуге болады.
1.6 Қатты денелер физикасы
Адамзат қатты денелерді қашанда пайдаланған және болашақта да пайдаланбақ. Егер бұрын қатты дене физикасы тікелей тәжірибеге негізделген технологияның дамуына ілесе алмаған болса, енді жағдай өзгереді. Теориялық зерттеулер қасиеттері тіпті ерекше “сынау және қателесу” әдісімен ешбір алуға болмайтын қатты денелерді жасаудың мүмкіндігін бере бастады.
1.7 Қатты денелерде болатын деформация түрлері
Қатты денелер өздерінің пішінін сақтайды бірақ олар өздеріне түсірілген күштердің әсерінен пішіндерін өзгертеді, яғни деформацияланады.
Дене пішінін немесе көлемінің өзгеруі: деформация деп аталады.
1.8 Созылу деформациясы (сығылу)
Егер бір ұшы бекітілген біртекті стерженге оның осьі бойымен, өзімен тысқары бағытта F күшімен әсер етсе, онда стержен созылу деформациясына ұшырайды .
Трос, арқан көтеру құрылғыларындағы шынжыр, вагондар арасындағы тіркеме т.б. Созылу деформациясына ұшырайды.
1.9 Қаты денелердің механикалық қасиеттері
Салынған үй материалдарының қасиеттерін білмей –ақ, ол үйде өмір сүре беруге болады. Бірақ сенімді берік үйлерді, көпірлерді салу үшін, станоктарды, түрлі машиналанарды тасу үшін оларға пайдаланылатын материалдардың – бетонның, пластмассаның т.б. – лардың қасиеттерін білу қажет.
1.10 Пластиколық және морфтық
Денелерді немесе материяларды серпінді, пластикалық не морфтық атау жиі кездеседі.
Кез келген материалдан жасалған дене аз деформацияның өзінде серпінді дене сияқты болады. Жүкті алғаннан кейін оның өлшемдері пішіні қалпына келеді. Сонымен бірге денелердің барлығында дерлік азды-көпті дәрежеде пластикалық деформация байқалады.
1.11 Морттық
Практикада қатты денелердің морты деп аталатын қасиетінің маңызы зор. Егер материал болмашы деформацияларда қирап бөлінетін болса ол материал морт деп саналады. Шыны мен фарфордан жасалғын бұйымдар морт болады. Олар тіпті шамалы биіктіктен еденге құлап түскеннің өзінде бытшыт болып сынады. Сондай ақ , шойын, мәрмәр, янтарь да жоғары морттық қасиетке ие. Керісінше, болат, мыс, қорғасын т.б. морт денелерге жатпайды.
2 Қысқаша қорытындылау
1. Қатты денелер көбінесе кристалдық күйде болады кристалл анизотропты бұл кристалдардың физикалық қасиеттерін қалап алынған бағытқа байланысты екенің көрсетеді.
2. Аморф денелердің кристалл денелерден ерекшелігі – оларда атомдардың қатаң тәртіппен орналасуы қасиеттеріне қарай қатты денеге ұқсайды, ал жоғары температура да өте тұтқыр сұйық тәрізді.
3. Шамалы аз деформацияларда жүкті алып тастағанда деформация жойылады. Денелер серпінділік қасиет байқатады. Серпінді деформацияларда кернеу, яғни серпінділік күші модулінің көлденең қима ауданына қатынасы Гук заңына бағынады: