Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Салық және салық өндіру

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 20 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері


Жоспар
1 Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері 3
1.1 Салық жүйесі,салық түрлері,экономикалық мәні және атқаратын қызметтері 3
1.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі 9
1.3 Жылжымайтын мүліктің құнын анықтауда қолданылатын әдістерге салыстырмалы талдау 12

1 Жылжымайтын мүлікке салық салудың жалпы теориялық негіздері

1.1 Салық жүйесі,салық түрлері,экономикалық мәні және атқаратын қызметтері

Кәсіпорындардың шаруашылық субъектілері мемлекетпен арасындағы экономикалық қатынастары негізінде салықтар, яғни салық жүйесі төлемдер арқылы реттеледі.
Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар-шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді.

1.2 Қазақстан Республикасының салық жүйесі

Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен іске асуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың 25-желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы» Заңы, тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесін құрудың ең алғашқы бастамасы болып табылады. Бұл еліміздің экономикасын реформалаудағы күрделі істердің бірегейі. Осы мезгілден бастап ел экономикасында бұрын болмаған жаңа құбылыстар іске аса бастады. Оларды атап айтсақ: шаруашылықты жүргізудің еркіндігі; меншік түрлерінің бір-біріне өзара тепе-теңдігі; шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет арасындағы қатынастардың құқықтық негізде жүргізілуі және тағысын тағы.

1.3 Жылжымайтын мүліктің құнын анықтауда қолданылатын әдістерге салыстырмалы талдау

Жылжымайтын мүлікті бағалаудың барлық әдістерін мамандар үлкен үш топқа бөледі:
1. шығын әдісі,
2. табыс әдісі;:
3. салыстырмалы сатулар әдісі.
Жалпы алғанда, шығын әдісі объектіні салуға кеткен шығындар мен осы объект орналасқан жер учаскелерінің құны бүкіл жылжымайтын мүлік объектісінің толық нарықтық ұнын анықтайтын бағыт болып табылады деген тұжырымдамаға негізделген. Шығын әдісінің тобына төрт негізгі тәсілдер кіреді: