Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

«Халық банкінің» бухгалтерлік есепті ұйымдастыру


Жоспар
Кіріспе 3
1 - бөлім. «Халық банкінің» бухгалтерлік есепті ұйымдастыру 5
1.1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы тұралы заңдарына шолу 5
1.2 «Халық банктің» жарғысы 26
1.3 Бухгалтерлік балансы және қаржылық талдауы 41
1.4 Несиелер мәні,түрлері және несиелеуді ұйымдастыру 49
1.5 Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және оны құрастырудың әдістемесі 55
Қорытынды 62

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық әлеуметтік әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан. Сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б.Де-Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдармен өнердің ең алдында тұрады. Басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» деген болса оның әріптесі Р.А.Фулки «Есеп бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы деп атаған. Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында «Есептей алмаған, басқара алмайды» деген сөздің бекер айтылмағанын атап өтуге болады.
Кәзіргі қоғамда бухгалтерлік есептің мәні өте зор.Ол тек бухгалтерлік кітапты жүргізу ғана емес, сонымен қатар банктің қызметіне қатысты барлық қаржылық ақпараттарды талдау, қаржылық есеп беруді өңдеу, бухгалтерлік есептік жүйесін құру, салық салу мәселелерімен бірге жоспарлар мен болжаулардың жасалуын қамтиды.Ақша – несие саясатын анықтау және соған байланысты шешім қабылдау банктік операцияларды бейнелеуге және бірінші кезекте банк басқармасына одан кейін пайдаланушыларға ақпараттар ұсынуға негізделген бухгалтерлік есептің жүйесін ұйымдастыру сапасымен деңгейіне тікелей қатысты, себебі сапалы ақпараттарды неғұрлым үлкен экономикалық пайда алу үшін тиімді пайдалану қажет.

1 - бөлім. «Халық банкінің» бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
1.1 Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы тұралы заңдарына шолу
Банк – осы Заңға сәйкес банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.
Банктің ресми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы болуымен белгіленеді.
Банкінің ресми мәртебесі жоқ бірде-бір заңды тұлға «банк» деп атала алмайды немесе өзін банк қызметімен айналысушы ретінде сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер банк тұрған жер деп танылады.

1.2 «Халық банктің» жарғысы
Басқарма құрылымы 10.07.1998.ж. №281-1 Қазақстан Республикасының Заңы «Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Банк басқармасы орындарының жарғысына сәйкес мыналар болып табылады:
- Жоғары орын басқармасы – акционерлердің ортақ жиналысы.
- басқарма орны – директорлер Кеңесі
- атқарушы орын – Басқарма.
- бақылаушы орын – Ревизиялық комиссия.
Акционерлердің ортақ жиналысы. Дайындық тәртібі мен жылдық кезектен тыс және қайталанған акционерлердің ортақ жиналысын өткізілуі, ортақ жиналысты өткізілу туралы мәліметтердің жеткізілуі және кворум анықтамасы 10.07.1999.ж. №281-1«Акционерлік қоғам туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қатысты сұрақтарды шешу мәселесімен Банк қызметін және акционерлердің ортақ жиналысының компетенциясын шығарушы Банк жарлығын ортақ басшылық жүзеге асырады. Сайлау тәртібімен директорлар кеңесінің құрамы Банк жарлығымен заңдар талабына негізделген акционерлердің ортақ жиналысымен анықталады.

1.3 Бухгалтерлік балансы және қаржылық талдауы
Қаржылық есеп беруді ұсыну пайдаланушыларды Халық банктің қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі және есепті кезеңдегі оның жағдайының өзгеруі туралы маңызды, қажетті және маңызды ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Екінші деңгейлі банктер үшін жылдық қаржылық есеп берудің келесі нысандары белгіленген:
- бухгалтерлік баланс;
- табыс және шығыс туралы есеп;
- ақша қозғалысы туралы есеп;
- капиталдағы өзгеріс туралы есеп;
- түсіндірме жазбалар.
Сонымен бірге бұлардың құрамына тоқсан сайынғы қаржылық есептің қолданыстағы нысаны жүргізіледі. Халық банкі сонымен қатар ай сайынғы және әр күндік балансты да ұсынады.

1.5 Шоғырландырылған қаржылық есеп беру және оны құрастырудың әдістемесі
Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді құрудың негізгі мақсаты - бас және еншілес банктердің қызметін біртұтас шаруашылық етуші субъект ретінде ұсыну.
Бас банк - бір және бірнеше еншілес немесе тәуелді ұйымдары бар банктер. Еншілес банк - жарғылық капиталын 50%-дан көбі бас банкке тиесілі, екінші деңгейдегі банк.
Қазақстан заңдарына сәйкес еншілес банктердің басқа еншілес банк құруға құқы жоқ, егерде тиісті заңдылықтарға сәйкес еншілес немесе тәуелді ұйымдарға қатысудың барлық үлесі болатын жағдайды есептемегенде.
Тәуелді ұйым - бас банк айтарлықтай әсер ете алатын және оның еншілес ұйымы болып табылмайтын заңды тұлға.

Бас компания еншілес ұйымның 100% акциясын ұйымның баланстың құнына толығымен сәйкес келетін бағамен сатып алады делік. Еншілес ұйымның баланстық құны 85000 тг. құрайды (105000-20000). Бас компанияның бухгалтерлік есебінде бұл операция келесідей көрсетіледі:
Дт 1471 «Еншілес ұйымдарға инвестиция» 85000
Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» 85000
Бас және еншілес компанияның баланстағы мәліметтеріне түзету енгізу үшін келесі жұмыс кестесін кұру керек.
Шоғырланған баланс құруға арналған жұмыс кестесі.

Қорытынды
Қорыта келе, Қазақстан Республикасы «Халық банкі» Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы 1995 жылғы 31 тамызда №2444 заңына сәйкес қызметін жүзеге асырады. Банк басқармасы тұрған жер банк тұрған жер деп танылады.
Қазақстан Республикасында екі деңгейлі банк жүйесі бар. Ұлттық банк мемлекеттің орталық банкі болып табылады және ол банк жүйесінің жоғарғысы саналады, оның міндеттері, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттілігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» заңымен белгіленеді.