Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Жоспар
Кіріспе 3
1 Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні 4
2 Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері 7
3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері 12
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19
Кіріспе
Ақша жүйесі және оның түсінігі туралы тақырыптың негізгі бөлімінің бірінші бөлігінде,ең алдымен ақшаның түсінігі туралы және ақша қай кезден бастап пайда болды деген сұрақтарға жауап береміз.Бұл сұрақтарға қысқаша тоқталатын болсақ, ақша-бұл барлық өндірістік қатынастардың жиынтығының маңызды буыны және онсыз тауар өндірісі өсір сүре алмайтындығы жайлы мәселе.Сонымен қатар ақша қажеттілігіне байланысты ежелгі дәуір кезеңіндегі ірі ойшыл , ғалым К.Маркстің берген түсінігі және одан бөлек Дж. Доланның, Д.Кэмпбеллдің сызбасымен танысамыз.Бұдан басқа ақшаның рационалистік және эволюциялық түрлерімен танысамыз.
Ал екінші бөлігінде,жалпы әр мемлекетке тән ақша жүйесі туралы түсінік және оның жекелеген элементтері туралы ұғым толықтай ашылып көрсетіледі.Бұнда,ақша жүйесі дегеніміз-тарихи қалыптасқан,әр мемлекеттің заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы болып саналады.Ал негізгі элементтері ол ақша жүйесін ұйымдастыру принципі;ақша бірліктерінің атауы;ақша бірліктерінің түрлері ;ақша айналымын реттеу тетігі және валюта бағамы туралы.Бұдан басқа ақша жүйесінің монометаллизм (алтын немесе күміс) және биметаллизм (алтын мен күміс) деп аталатын екі түрін қарастырамыз.
1 Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Нарықтық экономиканың әрекет ету механизмін түсіну үшін ақшаның мәнін айқын түсіну қажет.Сол себепті ақшаның «нарық тілі» деп аталуы бекер емес. Ақша - тауар өндірісінің тарихи категориясы немесе айырбастың ұзақ мерзімдік дамуының объективті негізделген нәтижесі.
Қоғамдағы ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі тауар айналысының дамуынан туындайды.Ақша тауар өндірісінің өнімі және оның дамуының міндетті шарты болып табылады.Егер адамның еңбек өнімі балама негізде басқа өнімге айырбасталса,онда ол тауарға айналады.Ал бұл ақшаның қажеттілігін туындатады,яғни айырбас Маркстің Т-А-Т сызбасы бойынша жүзеге асырылады.Бұл жағдайда ақша балама негізде тауарды сатып алу-сатуда делдал ретінде әрекет етеді.Бұны жүзеге асыру үшін сатылатын тауарды (Т) ақшамен өлшеу керек және осы сомаға басқа тауарды (Т') сатып алу қажет.Жалпыға ортақ балама рөлінде әрекет етуші ақша жоқ болған жағдайда осы сәттегі нарықта сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігіне байланысты айырбас жүзеге аспай қалуы мүмкін.Ақша үнемі тауарға қарама-қайшы болады.Тауар мен ақша бір-бірінен ажырамас категориялар. [5.12-бет]
2 Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша жүйесі болады.Ақша жүйесі - ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы.Алғашқы ақша жүйесі XVI-XVII ғ.ғ.капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастаған да пайда болды.Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған.Капиталистік өндірістің және тауар-ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.
Ақша жүйесінің типі: ақша-ерекше тауар ретінде жүруіне,яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша-құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады.Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
Металл ақша айналысы,бұл жүйеде ақша тауары,яғни толық құны ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды.Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
Несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып,айналыста тек ақша белгілері жүреді. [ 9.57-бет]
3 Қазақстан Республикасының ақша жүйесінің құқықтық негіздері
Негізінен ақша өте көне заманда,тіптен мемлекеттер құрылғанға дейін пайда болғанын білеміз.Ең бірінші төлем құралы ретінде біздің дәуірімізге дейінгі 2000 жылдары Крит аралында (Грекия) жүрген мыстан жасалған «талантты» атауға ие болады.Оның формасы жайып қойған өгіз терісіне ұқсас ,ал салмағы 52 кг. болған.Көне Грекияда талант (талантон) деп өте ірі салмақ бірлігі мен ақша өлшемін айтқан.1 талант – 6000 драхманға тең болған,ал салмағы 26,2 кг.-ға жеткен. [13.45-48-беттер]
Ал жалпы,негізгі қарастыратын тақырыбымыз ақша жүйесінің құқықтық негіздері дегеніміз-еліміздің ақша бірлігін «теңге» және оның құрамын ,ақшалар түрлері мен формаларын ,оларды айналымға шығару және қамтамасыз ету тәртібін,ақша жүйесін және ұлттықвалютаны қорғау шараларынғсондай-ақ еліміздің ақша айналымын ұйымдастырудың негіздерін белгілейтін қаржылық құқықтың жалпы бөлімінің институты.