Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Режиссура мамандығы студенттеріне актерлік шеберлік заңдылықтарын оқытудың кейбір мәселелері

Актердің образ жасау барысындағы шығармашылық ізденісіне бағыт сілтеуші немесе қойылым қою барысында олардың партнерлік, рөларалық карым - қатынасын үйлестіруші бір адамның болуы шарт. Ол - үйретуші - ұйымдастырушы немесе қоюшы - режиссер. Режиссура өнерінің шығармашылық - педогогикалық аспекті осы элементте, яғни оның актермен жұмысында көрінеді.

Демек, режиссер - үйретуші , қойылым және автор мәтінімен жұмыс процесін талдаушы, түсіндіруші.
Режиссер - актер, өзі, көкірек көзі арқылы сахналық ойын үлгісін түйсініп, өрнектеуші.
Режиссер - педагог, саналы түрде талданып, санасыз түрде творчествоға айналған сахналық образдардың туу процесін үйретуші.

Осы бағытта іздене отырып студенттердің актерлік психотехникасын жетілдіруге арналған жұмыстар жоспарлы жүргізілу керек. «Актер шеберлігі» тәжірибелік пәндерге жатады. Ең алғашқы жұмыстар әдетте жаттығулардан басталады.

Бұл этюдтардың сахналық нұсқасы жазылады; онда тақырып, оқиға, оқиға орны, мезгіл - уақыт, ұсынылған тосын жағдай, киелі күш «Егер де», зат, сөз, дыбыс, жоспарлар, ақылға сыймайтын оқиғалар түгел дерлік талдаудан өтіп жалғыз, екеу немесе көпшілік қатысатын көрініс ретінде практикалық сомдалады.

Бұл мақсаттарға базалық және кәсіби пәндер - сахна тілі, сахна қозғалысының негіздері, би, вокал т.б. сабақтарынан игерілген білімі жеткізеді. Заңдылықтар мен қағидалады түсініп, меңгергенде ғана режиссура мамандығы студенттері актер шығармашылығының маңызын түсінеді. Бұл болашақ мамандардың кәсіби білімі дәрежесінің көрсеткіші ретінде қаралады.