Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 22 стр.

Полный просмотр работы

Жетілмеген бәсеке және оның түрлері

Кіріспе
Кіріспе 3
1 Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты 4
1.1 Бәсеке және монополия. Мазмұны мен ерекшеліктері 4
1.2 Монополиялық бәсекелес нарық 7
1.3 Жетілмеген бәсеке 7
2.1Фирманың пайданы молайту әрекеті 11
2.2 Жетілмеген бәсеке нарығында жарнама мен тауарды өткізудің маңызы 14
2.3 Жетілмеген бәсеке нарығында фирманың өніміне сұраныс және жалпы табыс 16
3 Жетілмеген бәсеке нарығының теориясы 18
3.1 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы 19
Қорытынды 21
Пайдаланылған әдебиеттер 22

Кіріспе
Жетілмеген бәсекелес нарықта әр түрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.
Әр түрлі, бір-бірінен ерекше тауарлар ұсынатын фирмалар нарықта азды-көпті билік орнатады. Сонымен қатар монополиялардың ұсынатын тауарлары қаншама ерекше болғанымен, бірін-бірі алмастыра алады. Сондықтан осы нарықта ұсынылатын тауарларға сұраныстың икемділігі жоғары болады.

1 Монополияның түрлері оның пайда болу себептеріне байланысты
1.1 Бәсеке және монополия. Мазмұны мен ерекшеліктері
Бәсеке – нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену және шығу шектелмеген. әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.

1.2 Монополиялық бәсекелес нарық
Монополиялық бәсекелес нарықта әртүрлі тауарлар мен қызметтер өндіретін немесе сататын көптеген фирмалар нарықтағы үлестері үшін бір-бірімен бәсекеге түседі. Бұл нарықтың негізгі ерекшеліктері: әр түрлі тауарлар мен қызметтер ұсынылады; өндірушілер мен сатушылардың саны көп; салаға кіруге кедергілер жоқ; фирмалар өнім көлемі мен баға туралы шешім қабылдағанда бір-бірімен санаспайды.

1.3 Жетілмеген бәсеке
Жетілген бәсекеге қажетті жағдайлардың жоқ дегенде біреуі орындалмаса, нарық жетілмеген бәсекеге көшеді. Кәсіпкерлер мен тұтынушылар бағаға әсер ете алған жағдайда нарық жетілмеген бәсекелі деп аталады. Жетілмеген бәсекелі нарықтың бірнеше түрі болады, олардың негізгілеріне монополистік бәсеке, олигополия және таза монополия жатады.

2.1Фирманың пайданы молайту әрекеті
Фирманың мақсаты табысты молайту арқылы пайданы максималдау болып табылады. Пайда табыстың бір бөлігі: TRr=TR-TC , яғни жалпы табыс пен жалпы өндіріс шығындарының айырмашылығы.
Жалпы табыс (TR ) деп фирманың нарықта өткізген барлық өнімінен түскен кірісті атайды. Ол TR= P x Q тең. Мұнда Р өнім бағасы, Q- сатылатын өнім көлемі.

2.2 Жетілмеген бәсеке нарығында жарнама мен тауарды өткізудің маңызы
Жетілмеген бәсекелес нарықты фирмалар тауарлардың сапасына, түрі мен түсіне, қасиеттеріне, тауарды өткізудің әр түрлі әдістеріне көп көңіл бөледі. Сондықтан монополиялық бәсекелес нарықтағы фирмалар үнемі жаңа тауар өндіру немесе ескі тауарларға жаңа қасиеттер беру сияқты қызметтермен көп айналысады. Атақты фирма белгілерімен өндірілген тауарлар белгісіз фирмалардың тауарларына қарағанда қымбат болады. Фирманың алдындағы негізгі мақсат - тұтынушыларды өздерінің тауарларының басқа фирмалардың тауарларынан ерекше екеніне сендіре отырып, оларды қымбат баға төлеуге дайындау. Ол үшін фирмалар белсенді түрде жарнамамен айналысады.

2.3 Жетілмеген бәсеке нарығында фирманың өніміне сұраныс және жалпы табыс
Фирманың нарықта монополиялық билік орнатуы, оның сататын тауар көлемін өзгерте отырып, бағаға әсер ету мүмкіншілігіне байланысты.

3 Жетілмеген бәсеке нарығының теориясы
Нарық механизмдері дербес қабылданған шешімдерді бір-бірімен келістіре отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды.

3.1 Еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығы
Сатушылар немесе сатып алушылар нарықтағы ресурстардың бағасына әсер ете алатын болса, ондай нарықты жетілмеген бәсекелі нарық дейді. Ресурстарға сұраныс дайын өнімдердің сұранысына байланысты болғандықтан, ресурстар нарығы тауар нарығымен байланысты талданады. Бұл тақырыпта еңбектің жетілмеген бәсекелі нарығындағы тепе-тең еңбекақы ставкасының қалыптасу механизмдері мен жұмысбастылық мәселелері қарастырылады.

Қорытынды
Тауартану мәселесі әлемнің дамыған елдерінде жоғары деңгейге көтерілген.Нарықтық экономикаға көшуге байланысты біздің алдымызға да жаңа міндеттер қойылады. Терезесі тең мемлекеттер қатарындағы Қазақстан Республикасында шығарылатын өнімдер сапасының әлемдік деңгейге көтеріліп, республиканы мекендейтін адамдардың тауарға деген сұранымын өтеп, әр адамның нарықты экономиканың жан-жақты дамуына үлес қосуы ғылыми негізделген тауартанудың басты міндеті болып саналады.Тауарды тұтыну үшін тек сапа көрсеткіші емес сонымен қатар тауардың өз қызметін толық атқаруы және адамның сұранымын қанағаттандыруға жұмсалатын уақыт мөлшері де маңызды рөл атқарады. Бұл тауардың белгіленген техникалық-экономикалық пайдалану және басқа да қасиеттерін толық тануға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Бердалиев,К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: оқу құралы /ҚР білім және ғылым министірлігі; Т.Рысқұлов ат.Қазақ мем.басқару акад.-Алматы: Экономика, 2001. -129б.
2. Жанаева, М. Шағын және орта бизнестің шаруасы қалай: //Жас қазақ үні.-2005.-1-7 шілде.-4б.
3. Қазақстандағы шағын бизнес:статистикалық жинақ /жауапты дайындаған. З.М. Султанов., А.М. Мамедалиев, Е.В. Кругова; Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.-Алматы: Қазстатақпарат, 2005.-27 сәуір.-2б.
4. Омаров, Атымтай. Шағын кәсіпкерлікпен шұғылданушылар заң талаптарын жете білмейді: [Қазақстан-2030] //Заң газеті.-2005.-27 сәуір.-2б.
5. Райхан, Нұрақым.Шағын кәсіпкерлік: кеше мен бүгін: [Өзекті мәселе] //Ақиқат.-2005.-№5.-44-47б.
6. Сәбден, Оразәлі. ХХIғасырға қандай экономкамен кіреміз. –Алматы:Қазақстан, 1997ж.-192 б.
7. Шайынғазы, Сейфолла. Шағын кәсіпкерліктің шыңы қашан биіктейді? //Егемен Қазақстан.-2005.-30желтоқсан.-5б.
8. Шәріпов, С. Шағын кәсіпкерліктің күнгейі мен көлеңкесі: //Жетісу.-2005.-21шілде.-2б.
9. Яковлева, Татьяна. Елорда:экономикалық қуаттар: [Экономикалық сараптау] //Астана. Бүкілқазақстандық журнал. -2001.№ 1. -14-17б.