ҚР тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет орнату жолындағы даму бағыттары
Жоспар
1 ҚР 1993 жылғы Конституциясы 3
2 ҚР мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы 4
Әдебиеттер 6
1 ҚР 1993 жылғы Конституциясы
1993 жылғы Конституция қайшылықты өтпелі кезеңде қабылданды. “Конституциялық құрылыс негіздері” бөлімінің қағидалары мен принциптері Ата Заңның басқа бөлімдеріне негіз болып табылды, оны өзгертудің тәртібі ерекше қиындатылды. Конституцияның бірінші бөлімі (27 бап) азаматтардың құқығы, бостандығы мен міндеттеріне арналған. Мемлекет құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік береді, азаматтарды кемсітушіліктің кез келген түріне тиым салады деп көрсетіледі. Республиканың әрбір адамының азаматтық алуға және оны өзгертуге құқығы бар. “Қоғам, оның құрылыс негіздері” деп аталатын екінші бөлім “Меншік және кәсіпкерлік”, “Отбасы”, “Қоғамдық бірлестіктер” атты үш тараудан тұрды.
2 ҚР мемлекеттік құрылысы мен құқығының онан әрі дамуы
Әлі де көптеген мәселелер шешілмеді. Бірнеше ауқымды мәселелер бойынша елде ұзақ даулар болды. Олардың ішінде: қос азаматтық, тіл мәселесі, ұлттық мемлекет пе азаматтық қоғам құру ма? , әкімшіліктер мен кеңестер арасындағы қайшылықтар, Жоғарғы Кеңес пен Үкімет арасындағы қайшылықтар болды. ҚР “Азаматтық туралы” заңы қабылданып (1991ж. желтоқсан), елде қос азаматтыққа жол берілмеді.