Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика


Жоспар
Кіріспе 3
1 тарау. «Қаржы жүйесі» мәні 4
1.1 «Қаржы жүйесі» ұғымы, оның құрамы 4
1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, маңызы 8
1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары 12
2 тарау. Экономикадағы қаржы жүйесінің рөлі 14
2.1 Қаржы жүйесінің құрылымын жылдық салыстыру 14
2.2 Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі 20
3 тарау. Қаржы жүйесін жетілдірудегі іс-шаралар 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі және әлемдік практика». Менің бұл тақырыпты таңдау себебім, еліміздегі қаржы жүйесін зерттеу, құрылымын терең түсіну және қазіргі таңда бұл мәселе өте актуалды болып табылады. Болашақ қаржыгер ретінде, Республикамыздың тәуелсіздік алғаннан бергі жағдайын салыстыра келе қаржы жүйесінің өзгерісін білу.
Біз білетіндей, 14 жыл ішінде тек қаржы жүйесінде ғана емес сонымен қатар, экономиканың басқа да секторлары елеулі түрде ілгері дамыды.
Курстық жұмыс барысында, мен қаржы жүйесі жайлы біраз мағлұматтарды жаздым. Астана қаласындағы елбасы--- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 18 ақпанда халыққа арналған жолдауында қаржылық сектор жайлы үшінші бөлімде көрсетілген. Бұл бөлімшеде әлеуметтік-экономиканың дамуында қаржы жүйесінің маңызы зор болып табылатындығы көрсетілген. Қаржы секторын одан әрі дамыту үшін 2005-2007 жылдар аралығындағы бағдарламалар қабылданды. Ендігі біздің мақсатымыз білімімізді шыңдап, білікті маман болып шығу. Халықаралық стандарттарға сай болу арқылы қаржы жүйесін жетілдіру.

1 тарау. «Қаржы жүйесі» мәні

1.1 «Қаржы жүйесі» ұғымы, оның құрамы

Жалпы, қаржы жүйесі ұғымын түсіну үшін қаржының не екенін ұғыну қажет. Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық айналымы бар өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Елдің біртұтас қаржы жүйесі тиісті ақша қорлары құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде тар мағынада, тек мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде қолданылады.

1.2 Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі, маңызы

Мемлекеттік бюджет –экономиканы, әлеуметтік-мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байланысты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңи және жеке тұлғалармен пайда болатын ақша қатынастарымен көрінетін экономикалық категория. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер тән: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік тән, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.
Құндық бөліністің айрықшалықты белгісі ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгешеліктермен сипатталады:

1.3 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидаттары

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидаттар қойылған:
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген.
Бұл қағидат жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын ала айқындайды.
Салалық қаржыларды басқарудағы демократиялық негіз шаруашылық жүргізуші органдарға капиталды (негізгі және айналымның капиталдарын) бекітіп беруге, оларға әр түрлі мақсатты арналымның ақша қорларын жасауға және оларды пайдалануға құқық беруде көрінеді. Жоғарғы тұрған органдар өзінің құзыры шегінде салалық қорлар мен резервтерге орналастырылатын қаражаттардың бір бөлігін қайта бөлу туралы шешім қабылдайды, оларды мақсатты пайдаланудың тәртібін анықтайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі неғұрлым толық көрінеді:оның қатысушылары мемлекеттің қаржы жүйесі алдындағы міндеттемелерді орындағаннан кейін қаржы ресурстарын еркін иемденеді.

2.2 Қаржы жүйесінің әлемдік тәжірибесі

1995 жылдары республика бюджеті түпкілікті өзгерді. Бұл экономиканың макроэкономикалық көрсеткіштерінің үнемі өзгеріп отыруымен, шаруашылық субьектілердің қаржылық жағдайларының өзгеруімен байланысты болды. Сондықтан, бюджет құрамын жүйелі түрде зерттеу арқылы, біріншіден, бюджетті жоспарлау механизмін талқылау, екіншіден, бюджеттің орындалуындағы экономикалық байланысты зерттеу, үшіншіден, қаржы жүйесі туралы негізгі қағидаттар ойлап табу және заманға сай атқарылдым жасау қажет болды.

3 тарау. Қаржы жүйесін жетілдірудегі іс-шаралар

Президенттің жолдауында бюджет қорын тиімді жұмсау жайлы соңғы 3-4 қаржы жылында аз айтылып жүрген жоқ. Елімізде 2001 және 2002 жылы бюджетте дефицит болған жоқ. өкіметтің 2000-2002 жылғы бағдарламасында мемлекеттік қаржы жүйесін оптималдау жөнінде аз кілтті бағыттар болған жоқ. Бұлар:
1. кіріс мөлшерін, шығыс, несиелендіруді, бюджет дефицитін ескере отырып, 3-5 жыл кезеңінде бюджеттің негізгі параметрлерін орта мерзімді жоспарлауға көшу;
2. бюджетті қаржыландыруда приоритетті дұрыс таңдау;
3. негізгі бюджеттік жоспарлауда нормативті бағдарлама ретінде қолдану, орталықсыздандыруды жалғастыру арқылы жергілікті бюджеттерге өз қаржысын өзі жұмсауға мүмкіндік беру;
4. несиелік қарыздарды қысқарту, қаржы міндеттемелерін тіркеу механизмін жетілдіру, заманға сай бюджетті жоспарлау және міндеттерін тіркеу, соның ішінде азаматтық-құқықтық келісімдер;
5. бюджеттік тапшылықты азайту мақсатында жергілікті бюджеттермен байланыс жүйесін нығайту;
6. мемлекеттік қаржыны орнымен жұмсау, мемлекеттік сатып алулар жүйесін нығайту, мемлекеттік сатып алуларды заңды және ашық түрде қадағалау;
7. қаржылық жоспарлауда методология енгізу арқылы мемлекеттік қаржы саясатын жүргізу және түзету.

Қорытынды

Жоғарыда айтып кеткендей, кез-келген елде қаржы жүйесін ұйымдастыру басты және өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Біздің еліміздің қаржы жүйесін дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып жасауда. Бюджеттік кодекстің 37 бабында айтылғандай басты назарды бюджет тиімділігіне және нәтижесіне аудару қажет, кодексте осы екі мағынаға анықтама беріліп кеткен.
Белгілі профессор өзінің мақаласында айтып кеткендей, кез-келген елдің қаржы жүйесі тарихи түрде қалыптасады. Қаржы жүйесіне тікелей әсер ететін құралдар: қаржылық механизм, қаржылық құқық және қаржылық саясат болып табылады.
Терең экономикалық өзгерістер, әлемдік қауымдастыққа енуі мемлекеттің қаржы жүйесін сәйкес түрде өзгертті. Алғашқы жылдардағы шұғыл шешімдер тек қаржы жүйесін емес, сонымен қатар, тауарлардың бағасының өсуіне, инвестициялық ресурстардың жоқтығына, инфляция көрсеткішінің жоғарылауына алып келді.