Алдын ала тергеу барысында қылмыстық істі қысқарту
Жоспары
Кіріспе 3
1 тарау. Қылмыстық істі қысқарту - алдын ала тергеудің бір нысаны ретінде 4
1.1 Қылмыстық істі қысқарту - алдын ала тергеудің бір нысаны ретінде 4
1.2 Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі, мазмұны мәні және қылмыстық іс жүргізудегі маңызы 7
2 тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізді 11
2.1 Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту 11
2.2 Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту 23
3 тарау. Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық тәртібі 33
3.1 Қылмыстық істі ақталатын және ақталмайтын негіздер 33
3.2 Қылмыстық істі қысқартудағы процессуалдық кепілдіктер 36
3.3 Қылмыстық істі қысқартудың салдары 38
3.4 Қылмыстық істі қысқартудағы прокурорлық қадағалау 41
Қорытынды 43
Қолданылған нормативтік актілер 46
КІРІСПЕ
Мемлекетіміздегі құқықтық реформалардың негізгі бағыттарына сәйкес қылмыстық заңда қылмысты ашуға барынша септігін тигізетін зиянды зардаптардың туындауын болдырмау, шын жүректен өкіну, кінәсін мойындап өзінің келуі ,келтірілген материалдық және моральдық зиянды өз еркімен өтеуі сияқты жазадан босатудың бір қатар жаңа негіздері көзделуі тиіс екендігі көрсетілді.
1 тарау. Қылмыстық істі қысқарту - алдын ала тергеудің бір нысаны ретінде
1.1 Қылмыстық істі қысқарту - алдын ала тергеудің бір нысаны ретінде
Қылмыстық сот өндірісінің маңызды міндеті қылмыскерді әшкерелегеннен және жазалағаннан гөрі, кінәмізді қылмыстық жауаптылыққа тартып, соттауға жол бермеу болып табылады. Алдын ала тергеу сатысында бұған қылмыстық істі қысқарту, істі сотқа жібермей өндірісті аяқтау қызмет етеді.
1.2 Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі, мазмұны мәні және қылмыстық іс жүргізудегі маңызы
Қылмыстық істі қысқартуды Барабаш А.С. «көп аспектілі құбылыс және қылмыстық іс жүргізу құқығының теориясында әр тараптан: процессуалдық әрекеттің маңызы алдын ала тергеуді аяқтаудың бір нысанының заңды фактісі ретінде, қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартуға қарсы процессуалдық кепілдік ретінде және дербес құқық институты ретінде» қарастырады.
2 тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізді
2.1 Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқарту
1. Қылмыстық оқиғасының болмауы. Қылмыс оқиғасының болмауына байланысты істі қысқартудың негізі ҚІЖК 37 бабының 1 бөлігінің 1 тармағында көрсетілген.
2. Жалпы бүл норманы тәжірибеде қолдану қылмыс оқиғасының болмауы және әрекетте қылмыс құрамының болмауы түсініктерін бір - бірінен ажыратып қарау күрделігіне байланысты белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Заң күшіне байланысты осылардың әрбірі қылмыстық істі қысқартудың дербес негізін құрайтындықтан, көрсетілген түсініктердің мағынасының айқындығы мен дәлдігі заңды және негізді процессуалдық шешімнің қажетті шарты болып табылады.
2.2 Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту
1. Рақымшылық актісінің ( кешірім жасау актісінің ) болуы.
Рақымшылық туралы акті жеке белгісіз тұлғалар шеңберіне қатысты ҚР Парламенті шығарады. Ал кешірім жасау туралы актіні заңды күшіне енген айыптау үкімі бар жеке белгілі бір тұлғаларға қатысты ҚР Президенті қабылдайды.
3.2 Қылмыстық істі қысқартудағы процессуалдық кепілдіктер
Жалпы процессуалдық кепілдіктер ретінде іске қатысушылардың заңда белгіленген құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндігін түсінеміз. Бұл мүмкіндіктер ҚР Конституциясынан бостау алады.
3.3 Қылмыстық істі қысқартудың салдары
Қылмыстық істі қысқартудың жеке тұлғалардың құқықтары мен мүдделеріне, мекемелерге, кәсіпорындарға және қоғамдық ұйымдарға қатысты әр түрлі салдарлары болады. Барлық осы салдарларды қылмыстық құқықтыққа, азаматтық құқықтыққа және процессуалдық бөлінуге болады. Қылмыстық құқықтық салдар болып аталуы оның, ең алдымен, тұлғаны қылмыстық құқықтық жауапкершіліктен босатуын білдіреді.Олар әр түрлі болуы мүмкін және ол істі қысқартудың негізіне байланысты.
3.4 Қылмыстық істі қысқартудағы прокурорлық қадағалау
Прокурор алдын ала тергеу және анықтама өндірісіне қадағалауды жүзеге асыра отырып, қылмыс жасаған кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тартылуына , бірде бір қылмыс ашылмай қалмайына және бірде-бір қылмыскер жауаптылықтан бой тасалап кетпеуіне шаралар қабылдауға тиіс. Сонымен бірге, прокурор негізсіз, заңсыз қылмыстық істі қысқаруға жол бермеу үшін және қылмыскер дұрыс қысқартылмаған істің нәтижесінде жазалаудан қашып кетуіне жол бермеу үшін қадағалап отыруы керек.