Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту
Мазмұны
Кіріспе 3
I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы 8
1.1 Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі 8
1.2 Қылмыстық істі қысқартудың маңызы 15
2 Қылмыстық істі қысқартудың негізгі шарттары 18
2.1 Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі 18
2.2 Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту 21
2.3 Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту 29
3 Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы 60
3.1 Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық тәртібі 60
Қорытынды 68
Нормативтік құқықтық актілер 71
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі 72
Кіріспе
Тақырыпты зерттеудің өзектілігі Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-бөлігінде «Адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары еліміздің ең қымбат қазынасы».
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде орнықтыру жолындағы ең маңызды міндеттерінің бірі – құқықтық жүйенің реформаларының конституциялық, халықаралық құқықтың қағидаларына сәйкес келуі. Елімізде мызғымас құқықтық мемлекет орнату үшін осындай шарттарды қажет етеді.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді.
I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы
1.1 Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
1.2 Қылмыстық істі қысқартудың маңызы
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады, нәтижесінде қылмыстық процессуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процессуалдық маңызы жағынан айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келеді.
Г.М.Миньковский дұрыс көрсетеді, істің қысқаруы, алдын ала тергеудің аяқталу нысаны ретінде, өзінің мақсаты мен мәні бойынша істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберумен бірдей маңызға ие.
Дәлелдемелер толық жеткілікті болып, өндірісті қылмыстық қудалауды жалғастырмай жиналған дәлелдемелердің негізінде белгілі бір қорытындыға келуі тиіс. Мысалы: тәжірибеде тергеушілер көбінде қылмыстық істі қылмыс құрамының жоқтығы және қылмыс оқиғасының орын алмағанын негіздеп істі қысқартады. Тергеуші қысқартса оның заңдылығы мен негізділігін прокурор тексереді, ал сот қысқартқан жағдайда тараптардың қарсылығы болса апелляциялық тәртіппен қайта қаралады. Егер бұзылған құқықтар мен мүдделер болса қалпына келтірілуге жатады деп түсінуге болады.Негізгі маңызы қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.
2 Қылмыстық істі қысқартудың негізгі шарттары
2.1 Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі
Қылмыстық істі қысқартудың негіздерінің түсінігі және жүйеленуі. Қылмыстық істі қысқартудың негізгі жағдайы мен себебі болып, істі қысқартудың негізі табылады. Әрбір негіздің өзіндік сипаттамасы бар. Олар бір бірін алмастыра да толықтыра да алмайды. Заңы әдебиеттерде қылмыстық істі қысқартудың негіздерін жүйелеу енгізілмеген.
2.2 Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1- бөлігінің 1-тармағы (қылмыс оқиғасының болмауы), 2-тармағында (қылмыс құрамының болмауы) анықталған. Негіздерді ажырату кезінде тәжірибелік қызметте алдын ала тергеу органдарының жұмысында қиындықтар туады. Қылмыстық іс жүргізушілік әдебиеттерде де осы сұраққа қатысты пікірталас бар. Ақтайтын негіз бойынша негіздерді ажыратуда көптеген қарсылықтар Ресей ғалымдарының арасында жиі кездеседі1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқарту.
2.3 Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту
Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту негіздерінің шеңбері біршама кең. Олардың барлығын ақтамайтын негіздердің кез - келгені бойынша істі тек қана тұлғаның бұрын ол бойынша қылмыстық іс қозғалған қоғамға қауіпті әрекетті шындығында жасағаны анықталған және ол әрекет қылмыс сияқты қоғамға қауіпті болып келетін жағдайда қысқарту мүмкіндігін біріктіреді.
Осыған сәйкес ақтамайтын негіздерді екі топқа бөлуге болады:
3 Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің заңды және дәлелді болуы
3.1 Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық тәртібі
Күшіндегі қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту құқығын анықтау органына, тергеушіге, прокурорға және сотқа береді. Сонымен бірге, қылмыстық іс жүргізу заңы қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту процедурасын қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын (ҚР ҚІЖК-нің 37-бабы) және қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән-жайларға сілтеме жасай отырып регламенттейді. Бұл мән-жайлардың әрқайсысында қарастырылып отырған шешімді қабылдаудың іс жүргізушілік тәртібінің белгілі бір спецификасы бар.
Қорытынды
Бұл жұмыста қылмыстық істі қысқартуға байланысты негізгі сұрақтарға тоқталып, тәжірибеде қолдану барысында қиындық тудыруы мүмкін негізгі ережелеріне талдау жасалды. Қылмыстық іс жүргізу құқығында қылмыстық істі қысқарту күрделі институттың бірі болып табылады. Себебі бұл институт теориялық жағынан да тәжірибелік жағынан да терең зерттелмеген.
Б.Қ.Төлеубекованың берген түсініктемесі бойынша: қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізушілік қызметінің аяқталғаны туралы шешімі.
Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процессуалдық құқықтың институты. Аталған институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексте шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексте шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар туғызады. Қылмыстық іс жүргізу кодексінде аталған институтты жеке бөліп, тарау ретінде қараса тиімді болар еді.