Бастауыш мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Қазақстан Республикасы нарықтық экономика жағдайында ғылыми - техникалық жаңалықтарды меңгеру мен ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Болашақта жаңарған қоғамның жастарына асқақ руханилық пен адамгершілік қадір - қасиеттерін тәрбиелеу мемлекеттік саясаттың басымдылығы ретінде білім беру мекемелеріне міндет етіп белгіленген.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазакстан-2030» Жолдауында: «...оқушыларды казақстандық патриотизм шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім.
Әрбір балаға жеке тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі, өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар екенін ескере отырып, төмендегі міндеттерді жүзеге асыру көзделеді.
Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің, мазмұнын, әдіс-тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі қағидалар мыналар:
Мектепте бастауыш сынып оқушыларының рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруда және дамытуда тәрбиенің формалары мен әдістерін пайдаланудың маңызы зор. Ол үшін сыныптан тыс өткізілетін тәрбие жұмыстарында рухани - адамгершілік кұндылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі қандай екенін анықтауды қажет етеді.
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және коғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, коғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуге ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым-қатынас тәжірибесін меңгереді. Сыныптың тазалығын ұжым болып атқарса, онда өзара міндеттерін бөлісу тәжірибесін меңгереді. Спорттың әрекетте балалар «Бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін» деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с.
Мектептен және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұндық жүйесін, мектептік оқу-тәрбие процестерінің тиімділігін арттыруға бағыттап кайта құру, жас ұрпаққа саналы тәрбие берудің алдағы міндеттерін шешуге бағытталған негізгі бағыттары, әдістері, бүгінгі мектеп өмірінде жүргізіліп жатқан реформаның стратегиялық бағдарламасының негізгі мазмұны болуы да сондықтан.