Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Баяндама

Объем: 7 стр.

Полный просмотр работы

Ақпарат және мәліметтер баяндама

Қоғамның қазіргі кездегі дамуының ең басты белгісі-бұл өндірістің, тұтынудың және адам әрекетінің барлық салала-рында ақпарат жинаудың артуы болып табылады. Адамның бар өмірі-қалай да болсын-ақпарат алу, жинау және өңдеу-мен байланысты. Адам не істесе де:кітап оқығанда, теледи-дар қарағанда, сөйлескенде-ол әрқашан үздіксіз ақпарат алады және оны өңдейді.
Біз өмір сүріп отырған ғасырға-автомобиль, электр, атом энергиясы, авиация, космонавтика, электрондық техника сияқты-ғылымның, техниканың және жаңа технологиялар-дың бұрын болмаған жылдамдықпен дамуы тән. Мысалы: кітап басып шығаруды ойлап тапқаннан радиоқабылдағыш-қа дейін 440 жылға жуық, ал радио мен теледидар арасында 30 жылдай уақыт өткен. Ал алғашқы транзистор мен интре-гралдық схеманың арасындағы уақыт не бары 5 жыл болды.

Екінші теория ақпаратты материяның қасиеті ретінде қарастырады. Оның пайда болуы кибернетиканың пайда болуымен байланысты және адам немесе аспап қабылдай-тын кез-келген хабарламада ақпарат болады деген паымдау-ға негізделген. Ақпаратты бұлай түсінуді академик В. М. Глушков айқын бейнелеп жеткізген. Ол "Ақпаратты тек әріптермен шималанған кітап беттері немесе адамның тілі ғана емес, күн сәулесі де, тау жоталарының қыртысы да, сарқыраманың шуылы да, шөптің сыбдыры да жеткзеді" деп жазады. Яғни ақпарат материя қасиеті ретінде оның табиғаты мен құрылымы, реттелуі, көп түрлілігі және т. б. туралы түсінік береді. Ол материядан тыс болуы мүмкін емес, демек, ол болған және мәңгі болады. Оны жинауға, сақтауға және өңдеуге болады.

Информатика - ақпарат алу, жіберу, өңдеу, сақтау, ұсыну процестерін зерттеумен, қоғам өмірінің барлық саласында ақпараттық техника мен технология жасау, ендіру және тиімді пайдалану мәселелерін шешумен шұғылданатын ғылыми-техникалық прогрестің басты бағыттарының бірі.
Информатика:
• ақпарат жинау, сақтау, жіберу, өңдеу және беру әдістері мен құралдарын зерттеумен байланысты-техникалық ;
• ақпараттың мәнін сипаттау тәсілін анықтайтын, оның сипаттау тілдерін зерттейтін-семантикалық ;
• ақпаратты кодтау әдістерін сипаттайтын-прагматикалық;
• ғылыми-ақпараттық іс-әрекеттің кейбір түрлеін, оның ішінде индекстеуді, автоматты реферлеуді, машиналық аударманы формальдау және автоматтандыру мәселелерін шешумен байланысты синтактикалық мәселер топтарын зерттейді.