Әкімшілік жауапкершілік
Жоспар
1. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері 3
2. Әкмшілік жауаптылықтан босату 13
Пайдаланылған әдебиеттер 15
1. Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Республикада қоғамдық тәртіпті, басқару тәртібін орнату, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру, азаматтардың демалу мен еңбек етуі үшін колайлы жағдайлар туғызу мақсатында сақталуы кажетті болатын ережелер өте көп. Ондай ережелерге жолда жүру, санитарлық, мал дәрігерлік, өртке қарсы, кедендік, кауіпсіздік, табиғи ресурстарды қорғау ережелері жатады.
Егер осы ережелердің бұзылуы үлкен қоғамдық зиян келтіретін болса, онда олар қылмыстық жауапкершілікті туғызады. Көпшілік құқық бұзушылықтар мардымсыз қоғамдык зиян келтіреді. Сондықтан ондай кұқық бұзушы-лықтар әкімшілік құқық бұзушылықтар деп саналады және әкімшілік жауапкершілікті тудырады.
Әкімшілік жауапкершіліклік белгілері
>қоғамдық тәртіпті қорғау амалы болып табылады;
>мәжбүрлеумен байланысты, яғни құқық бұзушы үшін жағымсыз салдармен;
>іс-жүргізу нысанында жүзеге асырылады;
>сотпен, сондай-ак өзге де уәкілді органдармен қолда-нылады;
>соттауға болмайды және жұмыстан шығарылмайды;
>жұмыс орнына қарамастан, барлық азаматтарға бағытталған.
Әкімшілік жауапкершілікті жуктейтін органдар
Әкімшілік жауапкершілік органдармен және лауазымды тұлғалармен өзара бағынышты емес құқық бұзушыларға тағайындалады. Оларға келесі органдарды жатқызуға болады:
Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік жауапкершіліктің негізі болып, әкімшілік құқық бұзушылық (әкімшілік терісқылық) табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылық - жеке және заңды тұлғаның әкімшілік-құқықтық норманы бұзатын және әкімшілік жауапкершілікті тудыратын құқыққа қарсы, кінәлі іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың әкішілік жауапкершілігі
Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқык бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері - әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу ишаралары.
Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен катар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін жағдай ретінде ескеріледі
Тәрбиелік ықпал ету шараларына жататындар:
2. Әкмшілік жауаптылықтан босату
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздері, шарттары және салдарлары Қазақ ССР-і ӘПБтК-інің 20 және 21-баптарында қаралған.
Казақ ССР-і ӘПБтК-тің 20-бабына сәйкес құқық бұзушылыктың сипаты және құқық бұзушының жеке басының қадір-қасиеті әкімшілік жауаптылықтан босатудын негізі болып табылады.
Әкімшілік жауаптылықтан босатудың саддары әкімшілік жауаптылык туралы материалдарды қоғамдық ықпал жасау
шараларын қолдану үшін жіберуге саяды. Материалдар жіберілген органдар мен ұйымдар оларда көрсетілген адамдарға колданған қоғамдық шаралар туралы материалдарды жіберген органдарға (лауазымды адамдарға) хабарлауға міндетгі.
Қазақ ССР-і ӘПБтК-тің 21-бабы бойынша жасалған әкімшілік құқық бұзушылыктың мәні шамалы болған жағдайда әкімшілік жауаптылықтан босатылуы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Е.Баянов «Мемлекет және құқық негіздері» Алматы 2001ж
А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.