Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 38 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі


Мазмұны
Кіріспе 3
І Тарау. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы 6
1.1 Қаржылардың түсінігі мен мәні 6
1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі 14
ІІ Тарау. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі 18
2.1 Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және құрылымы 18
2.2 Қаржылық құқықтық қатынастардың түрлері 19
ІІІ Тарау. қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері 26
3.1 Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті 26
3.2 Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері 32
3.3 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің құзыреті 35
Әдебиеттер 38

Кіріспе

Бiтiру жұмысымда қаржылық құқықтық қатынастар: түсінігі, белгілері, құрылымы және түрлері, сондай-ақ мемлекеттің қаржылық қызметі, мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреттері қарастырылады. Басқару қызметінің бағыт-бағдарлары және жаңаша сипатта дамуы мемлекетіміздегі әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйедегі процестермен айқындалып отыр. қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның міндеттері мен функцияларын ақшалай қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептелінеді. қаржылар қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінен елеулі орын алады, сондай-ақ қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикасының өсіп дамуына белсенді және қарқынды түрде ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылар мемлекеттің материалдық тірегі, базасы болып табылады және базистік құрамына жатады.
Қаржылық құқықтың маңызы әсіресе экономиканы нарықтық негізге көшіру, түрлендіруге байланысты өсіп отыр.
Бірінші кезеңде бұл түрлендірулердің салық жүйесіне тигізген ықпалына байланысты барлық шаруашылық субьектілерінің материалдық мүдделеріне тікелей әсер етеді. Нарықтық инфрақұрылымның күрделі элементі болып табылатын банкілік және сақтандыру істерінің де еліміздегі маңызы айтарлықтай өсіп отыр.

І Тарау. Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы

1.1 Қаржылардың түсінігі мен мәні

Қаржылардың қоғам және жекелеген азаматтардың өмірінде алатын орны, олардың мұқтаждықтарын қамтамасыз ету жөнінде ата қаратын рөлі өте зор екені әркімге белгілі. қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және тірегі, сондай-ақ оның міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. қаржылық құралдар арқылы мемлекет еліміздің экономикалық өсіп дамуына белсенді, пәрменді түрде ықпалын тигізеді. Бұл жерде күнделікті қоғам өмірінде, тіптен өндіріс аясында да көбінесе қаржыларды ақша немесе қаражат деп түсінетінін айта кетуіміз қажет. Ақшалардың атқаратын функциясын білмейтін адамдар кемде-кем шығар. Ақшалар құн өлшеу, айналым, айырбас және т.б. құрал ретінде жалпыға бірдей құндылық баламасын көрсетеді.
Ал қаржылардың атқаратын басты рөлі мемлекетке жүктелген функцияларды орындау қоғам және экономика мұқтаждықтарын қанағаттандыру болып саналады, сондай-ақ сатып-алу, сату, айырбастау және тұтыну процестерін жүзеге асырмайды. Тағы бір айта кететін жәйт, ақшаларды пайдалану А-Т және Т-А процесінде, тікелей жұмсау түрінде көрініс тапса, ал мемлекеттік қаржыларды жұмсау – бөлу нысанында жүзеге асырылып, тікелей пайда табу көзделмейді. Бірақ теориялық тұрғыдан алғанда, ақша қаражаттары мен қаржылардың арақатынасын қарастырсақ онда кейбір ақша қаражаттарының қаржылық ресурстарды білдіргенімен қаржы түсінігінің өте кең мағынада болатынын байқаймыз.

1.2 Мемлекеттің қаржылық қызметі

Мемлекеттік ақша қорлары, әрқашанда мемлекеттің қаржылық қызметінің түпкілікті объектісі болып есептелінеді. қаржылық қызметінің процесінде қаржылардың үш функциясы жүзеге асырылады. Олар мына төмендегідей болып келеді:

ІІ Тарау. Қаржылық құқықтық қатынастар, мемлекеттің қаржылық қызметінің нәтижесі

2.1 Қаржылық құқықтық қатынастардың түсінігі, белгілері және құрылымы

Құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың ерекше түрлері болып есептеледі. Сондықтан оған қатысушы екі жақтың да өзара, өздеріне тән құқықтары мен міндеттері болады.
Бұл жерде айта кететін бір жай, қандай да болмасын қоғамдық қатынастар бірден құқықтық қатынастарға айналып кете алмайды.
Құқықтық қатынастар құқықтық қатынас түрінде болу үшін; біріншіден, осы қатынастардың әлеуметтік құндылығы болуымен қатар, реттелуі кезінде мемлекет еркіне сай болуы қажет. Екіншіден, осы қоғамдағы қатынастар мемлекет тарапынан бекітуді қажет етеді. Ал бекіту қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін көздейтін құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырылады.
Тек осы құқықтық нормаларды жүзеге асыру кезінде ғана қоғамдық қатынастардың қоғам мұқтаждықтарына, талаптарына қаншалықты қажеттілігін, сондай-ақ мемлекеттің құқықпен реттеу мақсаттарына қаншалықты сәйкес келетінін анықтап білуге болады.

ІІІ Тарау. қаржылар саласындағы мемлекеттік басқаруды іс жүзіне асыратын органдардың қызметінің құқықтық негіздері

3.1 Мемлекеттік басқару органдарының қаржылық қатынастарды реттеу саласындағы құзыреті

Енді қаржылық реттеу мәселелеріне тоқталамыз. қаржыны реттеу дегеніміз, мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамына кіретін қаржыларды теңдестіру процесі. Республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттердің теңдестірілуі өкімет органдары пен атқарушы - әкімші органдардың бюджеттік – қаржылық саясаты жөніндегі басты мақсаты болып табылады. Яғни, қаржыны реттеудің мақсаты қаржы жүйесінің барлық құрама бөліктерінің өзара қатынастарын қамтамасыз ету және тұтастай алғанда әрбір қаржы қорын теңдестіру.

3.2 Республикалық қаржы бақылау комитетінің қызметінің құқықтық негіздері

Қаржы бақылау комитеті республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылауды Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі құзыретінің шегінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің негізгі міндеттері:

3.3 Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің құзыреті

Бітіру жұмысымды қорыта келгенде қаржылық қатынастардың қазіргі таңда біздің мемлекетімізде алатын орны үлкен зор.
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бері үлкен жетістіктерге жетті деуге болады. Ол демократиялық жолға тұрып, халықаралық аренада өзінің заңды орынын алуға тырысуда. Бізді алғаш таныған Түркиядан бастап, көптеген мемлекеттер қазақстанды өзінің тең құқылы серігі ретінде танып отыр.
Халықаралық қарым – қатынастардың, сауданың дамуы уақыт өте келе халықаралық құқық нормаларында заңды көрініс табуда. қазақстанның да әр түрлі мемлекеттермен халықаралық қарым-қатынастарға түсуі, оның халықаралық құқық нормаларына сай жасалған түрлі халықаралық конверсиялардың, келісімдердің шарттардың мүшесі болуын талап етеді.