Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 25 стр.

Полный просмотр работы

Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер

Саяси партиялар – мемлекеттік билікті меңгеруге немесе оның жүзеге асыруына шешуші түрде әсер етуде ортақ мүдделер, мақсаттар немесе идеялар мен біріккен қоғамның белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Шетел мемлекеттерінің саяси жүйесіндегі маңызды орындардың бірін саяси партиялар алады. «Партия» терминінің өзі латын тілінен «pars» - бөлік дегенді білдіреді, ол саяси жүйеге үйлестіре қарағанда бір ортақ мақсатты сыбайлас топты білдіреді. Саяси үрдістегі партиялардың ролінің күшеюі мен олардың ұйымдастырушылығының өсуімен партиялар белгілі саяси мақсатқа жетуге қызмет ететін ұйымдастырылған құрылым, доктрина және әлеуметтік механизм ретінде қарастырыла бастады.

Консерваторлар – мемлекет тұтастылығының қағидалы жақтастары. Консерваторлар ұлттық азат ету қозғалысын, өзін-өзі басқаруға халық құқығын қолдауға беиімді емес. Олар қоғамды ортақ мақсатқа жетуге біріктіретін саясат әрекетін ұсынады. Консерватизм әсіресе қоғамдық-саяси қайшылық шиеленісу, әскери немесе экономикалық қауіп кезеңінде танымал. Консерватизм элиталық қабаттан сүйеу табады және осы элитаны қолдауға қамқорлық етеді. Дәстүрлі американдық құндылықтардың жақтастары Рейган консерватор мәртебесіне ие болды. Билік басында көп уақыт социалистер тұрған мемлекеттерде, олар өздерін соңғы кезеңде консерваторлар сияқты ұстайды. Бұл партияларға АҚШ-тың Республикалық және Демократиялық партиялары, Ұлыбританияның Консервативтік партиясы, ГФР-нің Христиан-демократиялық одағы, Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы және басқалары жатады.

Саяси партиялармен жүзеге асырылатын негізгі қызметтері оның саяси жүйедегі орнын және олардың ролінің ерекшелігін сипаттайда және белгіледі.
Саяси партиялардың бірінші қызметі үкіметттік билік орталығына және орындарына ие болуға жекелеген қарсылас топтар арасындағы күрес құралы ретінде көрінеді.

Ұйымдастырушылық рәсімделмеген партиялар, оларда ресми мүшелік институтының жоқтығымен сипатталады. Партия мүшесі деп саналатын тұлғалар онымен ұйымдастырушылық байланыста болмайды. Олардың партиялық билеті болмайды, партиялық жарна төлемейді және партиялық тәртіп оларға тарамайды.

Штаттағы жоғарғы партиялық инстанция болып штаттың сәйкес заңшығарушылығына негізделіп құрылған партиялық комитет (кейде ол орталық комитет немесе атқарушы комитет аталуы да болады) табылады. Штаттардың партиялық комитеті бір-бірінен көлемі бойынша, қалыптасу әдісі бойынша, ұйымдық құрылымы бойынша айырылады. Штаттардың партиялық комитеттері не лауазым бойынша орнын босату жолымен, не «праймеризмге» комитет мүшелері төмен тұрған партиялық сайлаушылармен сайлау жолымен қалыптасады. Штаттардың партиялық комитеті әдетте губернаторды сайлау жолында қайта ұйымдастырылады.

Партиялық жүйе-бұл қоғамның саяси ұйымын сипаттайтын және партиялармен мемлекет арасындағы қатынастармен сипатталатын, сонымен қатар партиялардың басқа да саяси жүйенің қоғамдық құрлымдарымен және азаматтармен өзара қатынастарымен сипатталатың құрлымның қасиеті.
Көп партиялық негізі болып әр түрлі қарама қарсы мүдделі топтардан тұратын қоғамның өзі табылады. Әр бір әлеуметтік топ саяси сақынаға өзіне сәйкес партиялар арқылы шығады.