Мұнай
Жоспар
Кіріспе 3
1 Мұнай. Мұнай өнімдері 4
2 Мұнайды өнеркәсіптік өңдеу 7
Қорытынды 10
Қолданылған әдебиеттер 11
Кіріспе
Мұнайдың физикалық қасиеттері. Мұнай - жанғыш, қара-қоңыр түсті өзіне тән иісі бар май тәрізді сұйықтық, ол судан жеңіл және суда ерімейді.
Мұнайдың негізінен көмірсутектер қоспасы екеніне тәжірибеде көз жеткізу қиын емес. Егер мұнайды көрсетілгендей құралда қыздырсақ, оның жеке заттарға тән белгілі бір температурада емес, температураның кең аралығында айдалатынын байқауға болады. Жайлап қыздырған кезде ең алдымен молекулалық массасы аз, содан кейін жоғары температурада молекулалық массасы үлкен заттар айдала бастайды.
1 Мұнай. Мұнай өнімдері
Құрамы. Мұнайлардың құрамы бірдей емес. Бірақ олардың бәрінде де көмірсутектің үш түрі - алқандар (көбінесе қалыпты құрылысты), циклоалқандар және аромат қосылыстар кездеседі, бұл көмірсутектердін мөлшері әр мұнай кендерінде әр түрлі болады. Мысалы, Маңғыстау мұнайы алқандарға, Баку аймағындағы мұнай циклоалкандарға бай келеді.
Мұнайда көмірсутектерден басқа аз мөлшерде құрамына оттегі, азот, күкірт және басқа элементтер кіретін органикалық қосылыстар болады. Ным (смола) және асфальт заттары түрінде жоғары молекулалық қосылыстар да бар. Мұнай құрамында жүздеген әр түрлі қосылыстар болады.
2 Мұнайды өнеркәсіптік өңдеу
Енді халық шаруашылығына қажетті мұнай өнімдерінің өнеркәсіпте қалай алынатынымен танысайық. Табиғи мұнай құрамында су, минералды тұздар және әр түрлі механикалық қоспалар болады. Сондықтан ең алдымен мұнайды сусыздандырып, тұзсыздандырып және басқа да қоспалардан тазартады.
Мұнайды айдау. Мұнайдан айдау арқылы бір фракциясынан кейін екінші фракциясын зертханадағыдай іске асырып, мұнай өнімдерін алу әдісі өнеркәсіп жағдайы үшін жарамайды. Бұл әдістің өнімділігі өте төмен және көмірсутектердің молекулалық массаларына сәйкес фракцияларға дәл бөлінуін қамтамасыз етпейді. Үздіксіз жұмыс істейтін қондырғыларда мұнайды айдау әдісінде мұндай кемшіліктер жоқ.
Қолданылған әдебиеттер
1. Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. 1-бөлім. Мұнай шикізатының құрлымын өзгертпей өңдеу процестері. Алматы.: Білім, 2001-395 б.
2. Серіков Т.П., Ахметов С.А. Мұнай мен газды терең өңдеу технологиясы.1- 3 томдары; Атырау: Атырау мұнай және газ институтының шығармашы-лық баспа бөлімі.,2005.-318 б.
3. Омаралиев Т.О. «Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы». 2- бөлім. Мұнай шикізатының құрлымын өзгертіп өңдеу процестері. Алматы.: Білім, 2001- 225 б.
4. Нұрсұлтанов Ғ.М., Абайұлданов Қ.Н. Мұнай мен газды өндіріп, өңдеу. Алматы.: Өлке, 2000 – 512 б.
5. Надиров Н.К. Нефть и газ Казахстана. В 2-х частях. Ч-1.-Алматы: Ғылым, 1995.-320 б.