Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 43 стр.

Полный просмотр работы

Қылмыстық жаза

ЖОСПАР
КIРIСПЕ 3
1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ 5
2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР 11
3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 30
4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА
ТАҒАЙЫНДАУ 32
5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 36
6. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ 37
7. МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАЗА МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ 39
ҚОРЫТЫНДЫ 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 43

КIРIСПЕ
Қылмыстық жаза - мемлекеттік күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттің қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады.
Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.

1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Сотталушының нақты қылмыс істеудегі кінәсі анықталған жағдайда сот оған жазаны, істеген қылмысы үшін жауаптылық қаралған заңның тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте,сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және кінәлінің жеке тұлғасы жан-жақты еске алынады. Тек қана осы мәселелерді есепке алған жаза ғана әділ әрі заңға сай деп танылады.
Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген. Онда былай делінген:

2. ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖӘНЕ АУЫРЛАТАТЫН МӘН-ЖАЙЛАР
Әрбір нақты қылмыс үшін жаза тағайындағанда соттар қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесін және жазаны даралау үшін жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтауға міндетті. Істелген қылмыстың түрі мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесін, істің мән-жайын, кінәлінің жеке басын және оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды ескере отырып, жаза тағайындау кезінде соттар оған жеке тұрғыдан қарау жөнінде заң талаптарын бұлжытпай орындауға тиісті. Жаза заңды, негізді және әділ болуы үшін Қылмыстық кодекстің 53, 54-баптарында көрсетілген жауаптылықты жеңілдететін де, ауырлататын да мән-жайлар толық есепке алынуы керек.

3. ҚАТЫСЫП ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫС ҮШІН ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстық кодекстің 29-бабында қылмысқа қатысушылардың жауаптылығы туралы ғана айтылған. Бұл жерде катысудың түріне байланысты жазаны ауырлату немесе жеңілдету мәселесі сөз болмаған. Қатысып жасалған қылмыс үшін жаза тағайындау Қылмыстық кодекстің 57-бабында арнайы қарастырылған. Осы бапқа сәйкес:

4. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Сот тәжірибесінде бір адамның қылмыстық заңның әр түрлі баптарында көрсетілген екі немесе одан да көп қылмыстарды істеп, осы қылмыстардың бірде-біреуі үшін сотталмаған жағдайлары жиі кездеседі. Сондай-ақ, іс бойынша үкім шығарғаннан кейін, сотталған адамның алғашқы іс бойынша үкім шығарылғанға дейін басқа бір қылмысты істегендігі үшін кінәлі екендігі анықталатын жағдайлар да кездеседі. Мұндай жағдайлар қылмыстың жиынтығын құрайды.

5. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Қылмыстардың қайталануының түсінігі Қылмыстық, кодекстің 11-бабында белгіленген, Қылмыстық Кодекстің 59-бабының 1-бөлігінде көзделген жағдайлар қылмыстың қайталануы жағдайында жазаның түрі мен мөлшерін тағайындау мәселесін шешуде манызды роль атқарады. Қылмыстың қайталануы қылмыс істеген адамның іс-әрекетінің коғамға қауіптілігін және қылмыскердің тұлғасын сипаттайтын белгі болып табылады.

6. ҮКІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҒЫ БОЙЫНША ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
Егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бір жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдынғы үкімі бойынша жазаның өтемеген бөлігін толық немесе ішінара қосады.
Үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза, егер бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, осы Кодекстің Жалпы бөліміндегі осы жазалау түрі үшін көзделген жазалардың ең жоғарғы мерзімінен немесе мөлшерінен аспауы керек.

7. МЕРЗІМДЕРДІ ҚОСУ КЕЗІНДЕ ОЛАРДЫ БЕЛГІЛЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ЖАЗА МЕРЗІМДЕРІН ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЖАЗАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ
Қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне:
а) қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні;
б) бас бостандығын шектеудің екі күні;

ҚОРЫТЫНДЫ
Жаза тағайындау – жасаған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімі шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасы соттың таңдауы.
Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты сәті. Бұл жайында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 24. 06. 1999 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтау туралы» №3 қаулысында айтылған. Жаза мақсатының жүзеге асырылуы көбіне тағандаған жазаға байланысты.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
I. Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конститудиясы (өзгертулер мен толықтырулар қоса) 30 тамыз, 1995 жыл
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі (өзгертулер мен толықтырулар қоса). 16 шілде, 1997 жыл.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
4. Қазақстан Респулиқасының Қылмыстық Атқару Кодексі. 13 желтоқсан, 1997 жыл.
5. Қ Р Жоғарғы Сотының пленуымының «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықтарды сақтауы туралы» 30 сөуір, 1999 жыл.
II. Арнайы және оқу әдебиеттері:
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы 2001.
2. Кайыржанов Е.И. Угаловное право. Р. К. Общая часть. Алматы, 1997.
3. ҚР ҚК түсініктеме. Алматы, 2001.
4. Алауханов Е.О. Рахметов С.Н. Жаза практикалық оқу құралы. Алматы: Өркениет 1999 ж.
5. Уголовное право РК. Общая часть, Жеті жарғы, Алматы.-1998.
6. Уголовно-исполнительное право Р.К. Алматы, 1997.
7. Рахметов С.Н. Кулмуханбетова Б.А. Нурумбетов А.А. Наказание. Алматы, 1998.
8. Чукмайтов Д.С. Применение уголовное наказания в делах предупреждения редедивных преступлений. Алматы, 1997.
9. Ағыбаева А.М. Нәріпбаев М.С. Баймурзин Г.И. Русско-казахский терминологический словарь по уголовному праву. Алматы., 1994.