Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде 4
1.1 Негізгі терминдер мен ұғымдар 4
1.2 Тікелей франчайзинг 6
1.3 Шебер франшиза 7
2 Артықшылықтары мен кемшіліктері 8
2.1 Франчайзинг артықшылықтары 8
2.1.1 Франчайзор еншісі 8
2.1.2 Франчайзи еншісі 9
2.2 Франчайзинг кемшіліктері 10
2.2.1 Франчайзор не ұтылады? 10
2.2.2 Франчайзи не ұтылады? 12
3 Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері 13
3.1 Мәмілеге қатысушыларға қойылатын талаптар 14
3.1.1 Франчайзорға қойылатын талаптар 14
3.1.2 Франчайзиге қойылатын талаптар 15
3.2 Франчайзингтік келісім-шарт 16
3.2.1 Франчайзингтік келісім-шарттың негізгі элементтері 16
3.2.2 Үш фаза 17
3.3 Қатынастардың даму фазалары 19
4 Франчайзингтегі психологиялық фактор 20
4.1 Идеалды франчайзор 20
4.2 Идеалды франчайзи 20
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиет тізімі 23
Кіріспе
Қазір кез келген кәсіпкер өз тауар маркасын дүниеге алып келіп, оны заңи тіркей алады. Бірақ тауар маркасын брендке айналдырып, оны қоғамға танымал ету үшін қыруар қаражат керек. Сонымен қатар коммивояжерлердің белсенді жұмысы, жарнамалық кампания, тағы басқа рухани және материалдық ресурстарды қажет ететін жұмыстар жасалуы керек. Мұндай инвистицияны Қазақстан кәсіпкерлерінің басым бөлігінің қалтасы көтермейді. Сондықтан, қазіргі кезде кәсіпкерлерге франчайзинг арқылы танымал тауар маркасын қолдану құқығын сатып алған өте ыңғайлы. Бұл жағдайда ірі компания-франчайзор кәсіпкерге қажетті технологиямен қамтамасыз етіп, қызметкерлерді оқытуға кепілді. Ал кәсіпкер болса, тек осы компанияның тауар маркасын қолдануға міндетті (көбінесе халықаралық деңгейде).
Қазақстанда франчайзинг жаңадан ғана дамып келе жатыр, бірақ оны тұтыну нарығына оңды енгізу тәжірибесі баршылық. Отандық сауда жүйелері франчайзинг элементтерін сауда жұмысын ұйымдастыруда белсенді түрде қолдануда.
1 Франчайзинг – кәсіпкерлік түрі ретінде
1.1 Негізгі терминдер мен ұғымдар
Франчайзинг – технологияны, лицензияны, ноу-хауды иемденетін ірі фирманың (франчайзердің) өзінің серіктесіне (франчайзиге) сауда мен қызметтер саласын таңдауда, жарнама компаниясын өткізуде, қызмет көрсетуші қызметкерлерді кәсіпке даярлауда т.б. көмек көрсету және ақыл-кеңес беру жөніндегі қызметі. Франчайзи франчейзер қойған бизнес жұмыс жүргізу талаптарын бұлжытпай орындауы тиіс. Франчайзер талаптарына келіскен франчайзи компанияның тауар маркасын қолдану құқығына, оның репутациясына, өнім өндіруге немесе қызмет көрсету құқығына, маркетинг технологиясына, экспертизаға т.б. ие болады. Осылайша франчайзи франчизердің талаптарын орындап, тұтыну нарығында өз пайдасын кепілді, тәуеклсіз ала алады. Бірақ бұл құқықтарға ие болу үшін, кәсіпкер ірі компанияға бастапқы қаржы төлемдерін жүзеге асырып қана қоймай, ай сайын белгілі бір мөлшерде қаражат төлеп отыруы шарт. Мұны аренданың бір түрі ретінде қарастыру керек, себебі франчайзи тауар маркасының толық иесі болмайды және жоғарыда айтылған құқықтарға тек ай сайынғы төлемдерді төлеу мерзіміне ғана ие болады. Ал төлемдердің көлемі франчайзигтік келісім-шартта белгіленеді. Франчайзингтік пакет (франчайзер беретін бизнес жүргізудің толық жүйесі) франчайзиге кәсіпкерлік тәжірибесіз, бұл кәсіпкерлік түріндегі білімісіз-ақ пайдалы бизнес жүргізуге мүмкіндік береді.
1.2 Тікелей франчайзинг
Франчайзордың франшизаны жергілікті кәсіпкерге (франчайзиге) тікелей сатуы. Бұл франчайзор мен франчайзи арасындағы жақсы байланысты орнатудың ең тиімді жолы болып табылады. Халықаралық франчайзинг тұрғысынан қарайтын болсақ, бас компания мен жергілікті кәсіпорынның арасы алшақ болуына байланысты франчайзи кәсіптенетін жер ерекшеліктеріне тиісті назардың аударылмауы-кемшілік болуы мүмкін. Көптеген шағын франчайзорлар франчайзингтің бұл түрімен көп шұғылдана бермейді, себебі мұндай франчайзиді қолдау көп уақыт пен күш жұмсауды талап етеді.
2 Артықшылықтары мен кемшіліктері
2.1 Франчайзинг артықшылықтары
Өзінің бизнесіне құқықты сату франчайзорға не үшін қажет? Франчайзиді тарту үшін, өз бизнесінің белгілі бір дәрежеде билігін жоғалту франчайзиге не үшін қажет? Неліктен франчайзор өз бизнесі туралы еш хабары жоқ адамдарды ынтымақтастыққа шақырады? Қандай мақсатпен франчайзор франчайзингті дамытқысы келетіндігі туралы дау – дамай сұрақтар өте көп. Франчайзингтік өнеркәсіпке инвестициялау аясында франчайзиде де біраз сұрақтар туындайды. Мұның бәріне жауап бір, ол – пайда.
2.1.1 Франчайзор еншісі
Франчайзор ол – жұмыс істеуші бизнесті дүниеге алып келген адам. Бұл бизнес оған жақсы табыс әкеледі. Бизнес моделінің бұл түрі тиімді қайталану үрдісіне оңай берілуі тиіс. Яғни, бизнес моделі франчайзордікіндей құрылатын, басқа да кәсіпорындар ашу тиімді болуы әбден мүмкін. Франчайзор бизнесі уқытпен дәлелденген тұтынушылар нарығына және бағалы репутацияға әрдайым ие. Бизнесінің табыстылығымен өміршеңдігін дәлелдегенінен кейін, франчайзор өз ісінің кеңейгендігін қалайды. Бұл орайда екі жол бар: табысты инвистициялау арқылы бизнесті дамыту немесе франчайзинг жүйесін қолдану. Франчайзинг жүйесін пайдалану мен қолдануда, бизнес өкілдері бес позиңияны ұстанады:
2.1.2 Франчайзи еншісі
Жеке франчайзиге берілетін қолдаулар материалдарды франчайзор франшизаны күшейту мен дамыту үшін береді. Нақты артықшылықтарды атап айтсақ: материалдар, оқыту мен консалтинг. Бірақ кеңірек қарасақ, ең басты франчайзи үшін маңызды – франчайзор мен франчайзи арасындағы қарым-қатынас.
Франчайзинг – сізде жеке бизнес бар, бірақ мәселелерді шешу мен тәуекелдермен бірге-бір емессіз деген сөз. Франчайзи франчайзингтік кәсіпорынға ақша салуға келіссе де, тәуелсіз бизнес иесі болвп қалады. Бұл тәуелсіздік франчайзидің ешқашан жұмысынан қуылмайтындығының кепілі. Франчайзи франчайзордан маман қолдауын алады. Бұл қолдаулар франчайзиге басқа кәсіпкерлер шалдыққан қателіктерге ұшырамауына мүмкіндік береді.
2.2 Франчайзинг кемшіліктері
Бизнес концепция ретінде франчайзинг франчайзи мен франчайзерге көп артықшылықтар ұсынады. Бірақ кемшіліктер де бар. Франчайзингке келгенде, оның артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерін де қарастырған жөн. Мәмілеге қатысушы екі жақ төмендегідей негізгі кемшіліктерге назар аударуы тиіс.
2.2.1 Франчайзор не ұтылады?
Жүйе ережелерін ұстанбайтын ұстанбайтын франчайзимен қарым-қатынасты өз еркімен доғара алмайтындығы. Франчайзингтік келісім-шарт екі жақ қарым-қатынасының табиғатын анықтайды. Ол келісім-шартта франчайзи мүддесін қорғайтын бірнеше баптар бар. Осы баптардың бірінде франчайзор франчайзимен өз еркімен қарым-қатынасты тоқтата алмайтындвғв жазылады. Сондықтан франчайзингтік келісім-шарт франчайзордың бизнес ережелерін орындамайтын франчайзиді жүйеден шығаруын қиындата түседі.
2.2.2 Франчайзи не ұтылады?
Франчайзингтік келісім-шарттың орындалмауы. Франчайзи франчайзингтік келісім-шарт ережелерін орындауы тиіс. Бұл ережелер франчайзингтік келісім-шартта көрсетілген, оны әр-бір франчайзи бұлжытпай орындауы тиіс. Фракнчайзи өз жаңашыл идеяларын ұсына алады, бірақ франчайзингтік келісім-шартты өзгерте алмайды.
3 Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері
Қазақстан нарығында франчайзинг жүйесін қолдануға мүдделілік мемлекеттік жүйе әкімшіл-әміршілден нарыққа өту кезеңінен кейін басталды десек болады. Жылдар өте франчайзинг жүйесін сатып алу тәжірибелері көбейіп келеді. 1995-1999 жылдар аралығында елімізде 9 франчайзингтік жүйе болса, 2000-2001 жылдары ол сан 14-ке өсіпті (кейбір деректер бойынша 12). Ал 2003-2004 25-ке жуық франчайзинг жүйесі қызмет істеді. Нарықта франшиза сатушылармен қатар франшиза іздеушілер де көбейіп отыр. Қазір Қазақстанда франчайзинг жаңалық емес, тарих болып отыр. Ең алғашқы франшизаны Қазақстандық кәсіпкерге «Coca-Cola Bottlers» компаниясы 1992-1993 жылдары сатқан екен. Кітап дүкендерінде франчайзингке қатысты әдебиеттер де көбейіп келеді, жәрмеңкелік выставкалар да өтіп тұрады, интернеттік ақпарат дамуына байланысты елімізде франчайзингтік ақпараттану жақсы деңгейде.
3.1 Мәмілеге қатысушыларға қойылатын талаптар
Франчайзор мен франчайзи жауапкершілігі:
Франчайзингтік қарым-қатынастың шешуші элементтері.
Егер де сіз франчайзингті даму құралы немесе инвестиция ретінде қарастырсаңыз, франчайзор мен франчайзи арасында нақты міндеттер барын түсінуіңіз абзал. Тек осы міндеттерді орындау барысында екі жаққа да тиімді қарым-қатынасқа жетуге болады.
3.1.1 Франчайзорға қойылатын талаптар
Барлық төлемдерді белгілеу. Яғни, франчайзингтік жүйеге байланысты барлық төлемдерді франчайзор белгілеуі тиіс. Бұған алғашқы салымдар, белгілі бір уақыттан кейін қайта қарастырылып отыратын тауар белгісін қолдану сервис ақысы, жарнамалық қорға төлемдер және тағы басқа франчайзор беретін қосымша қызметтер ақылары кіреді. Бұл салымдар мен төлемдік міндеттемелер франчайзингтік келісім-шартта белгіленеді. Кәсіби және техникалық ақпаратпен қамтамасыз ету. Франчайзор негізінде техникалық ақпарат жатқан сәтті бизнес концепция құрды делік. Франчайзингтік кәсіпорын тиімді жұмыс істеуі үшін, бұл ақпарат франчайзиге қолдау және оқыту жүйесі арқылы берілуі тиіс.
3.1.2 Франчайзиге қойылатын талаптар
Алғашқы төлем төлеу. Келісім-шартта айтылғандай, франчайзи франшиза алу үшін алғашқы ақша салымын жүзеге асыруы тиіс. Келісім шартта басқа да міндетті төлемдер жазылады.
Қызметтік төлем төлеу. Франчайзи франчайзор белгілеген барлық қызметтік төлемдерді дер кезінде төлеп тұруы қажет. Төлеу мерзімі франчайзингтік келісім-шартта жазылады.
Басқа да төлемдер. Франчайзор франчайзиден басқа да франчайзинг жүйесіне қатысты төлемдік міндеттемелерді мойнына алуын талап етуі мүмкін. Ол жарнама қорына мерзімдік төлемдер немесе бастамашы технологияны, жиһазды, инвентарь сатып алу міндеттемелеріне қатысты болуы мүмкін. Бұл төлемдер франчайзингтік келісім-шартта белгіленеді және дер кезінде төленуі керек.
3.2 Франчайзингтік келісім-шарт
Франчайзингтік келісім-шарт, барлық ресми келісім-шарт сияқты, өте маңызды құжат болып табылады. Бірақ басқа ресми келісім-шарттардан бірқатар ерекшеліктері бар. Көптеген контрактілер аз уақыттық қарым қатынастар регламентін белгілеп, кейін күшін жояды.
3.2.1 Франчайзингтік келісім-шарттың негізгі элементтері
Франчайзор көптеген франчайзилермен көптеген келісім-шарттарға отырады, сондықтн әр франчайзи ұсынысы бойынша кейбір баптарды өзгерту орынсыз болар еді. Франчайзор ең бастапқы кезден-ақ франчайзи өзгерткісі келмейтін мінсіз келісім-шарт дайындауы тиіс. Егер де бір франчайзи өзіне қатысты келісім-шартты өзгерте алған болса, басқа франчайзилердің көңілі толмай, бұлдануы мүмкін. Бұндай франчайзилер өзіне қатысты келісім шарттың дұрыстығына күмәндана бастайды. Сондықтан франчайзингтік келісім-шарт барлық франчайзиге бірдей болуы тиіс. Франчайзингтік келісім шартта «франчайзор интеллектуалдық меншігі» анықтамасы болады. Интеллектуалдық меншік болып сауда маркасы, ноу-хау, өндірістік үрдістің арнайы бөлікшелері, сауда және өндіру құпиялары немесе басқа конфиденциялды ақпарат табылуы мүмкін. Бұл мәселені қарастыруға кәсіптік заңғардың қатысуы дұрыс болады.
3.2.2 Үш фаза
Франчайзингтік келісім шарт франчайзор мен франчайзи арасындағы қарым-қатынасты үш фазалық дамумен реттейді.
Алғашқы фаза. Қарым-қатынастың бірінші фазасы – бұл франчайзор франчайзиді тауып, франчайзингтік келісім-шартқа қол қойылып, іске көшкен кезең. Бұл фазада франчайзи оқытылып, тиісті территория табылып, негнізгі және айналым қорымен қамтылып, өз ісін істеуге кіріседі.
3.3 Қатынастардың даму фазалары
Көптеген консультанттар франчайзор мен франчайзи арасындағы қатынасты бала мен ата-ана арасындағы қатынас фазаларымен салыстырады. Бастапқы кезде франчайзи жаңа бизнес және кәсіпорын туралы аз біледі. Франчайзи жаңа ақпараттарды тез қабылдап, үйрене бастайды. Бұл жерде оның бүкіл тағдыры жазылған десе болады. Кішкене болған үзілістер мен кедергілер дамуындағы ғаламдық дағдарыс ретінде қабылдануы мүмкін. Бұл франчайзор мен франчайзи арасындағы қатынастарының дамуындағы «балалық шақ» фазасы деп атаса болады. Франчайзи толығымен франчайзорға тәуелді болып келеді, өйткені оның бақылауында болып, оның тарапынан қолдаулар көрсетіледі. Бұл уақытта франчайзор тұрақты техникалық қолдаулар көрсетуі, кеңестер беруі және де франчайзимен жақсы қатынастар орнатуы қажет. Франчайзор үшін бұл фаза ең бір жақсы кезеңі болып табылады.
4 Франчайзингтегі психологиялық фактор
Франчайзингтік қарым-қатынастың ең маңызды факторларының бірі – франчайзи мен франчайзор арасындағы кәсіби диалог сапасы. Франчайзор да, франчайзи де серіктік қарым-қатынасқа өз жоспарлары мен үміттерімен түседі. Көпшілік франчайзилер білетіндей, сапалы франчайзингтік қарым-қатынас құру үшін, қатаң франчайзилік таңдау жүргізілуі керек. Бірақ франчайзорды таңдау мәселесі жиі кездеспейді.
4.1 Идеалды франчайзор
Идеалды франчайзордың белгілі бір қасиеттері болуы тиіс. Франчайзор жалпы мақсаттары мен жолдарын ойлап тауып, оған жете білу керек. Ол басқаларды мотивациялап, оларға франчайчизнг жүйесіндегі мақсаттарды таныстырып, оған жету жолдарын үйретуі тиіс.
Сонымен қатар, франчайзор шыдамды және төзімді болуы тиіс. Бұл батапқы кезеңде өте қажет, өйткені франшизаны сатқаннан кейін оларға көптеген жан жақты көмектер көрсету керек.
4.2 Идеалды франчайзи
Франчайзи үшін франчайзинг көбінесе мына сөзбен суреттеледі: « Өз бизнесің болады, бірақ сол бизнесте жалғыз болмайсың » . Франчайзи алға мақсат қоя білуі және франчайзинг жүйесіндегі ережелер мен тәртіпті орындайтындығын дәледеуі тиіс. Ол елдермен сөйлесіп, олармен жақсы қатынас ұстауы қажет, өйткені ол клиенттермен қарым қатынас жасауы, франчайзингтің өкілдерімен, жабдықтаушылармен сөйлесуі қажет. Франчайзи бизнесте әділетті адам болуы және франчайзинг жүйесін жетілдірудегі ұмтылыстарын бөлісе білуі қажет.
Қорытынды
Әлемдік статистикаға сәйкес, франчайзингтік жүйемен басталған бизнесте жалпы бизнеске қарағанда тәуекелділік төмен. Бірақ бұл франчайзингтік жүйенің барлық жағдайда оңтайлы екендігінің кепілі емес. Ондай болған жағдайда әлемде басқа кәсіпкерлік түрлері қалмас еді.
Франчайзщингтің тиімді жақтары да, көзіміз жеткендей кемшіліктері баршылық. Ең алғашқыда танымал брендке ие болған франчайзи, әрине үлкен жеңілдікте болады. Дегенмен танымал бренд оңтайлы бизнес кепілі емес. Брендпен қатар, әр кәсіпкер үлкен жұмыс күшін жұмсауы тиіс, себебі брендің танымал болып, өнімің екінші сортты болса, бизнесің ұзаққа бармайтындығы аян.