Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Академиялық ұтқырлық білім берудің белесі

Елбасы Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі жылдың сәуір айында өткізілген Үкіметтің кеңейтілген отырысында - Қазақстанды әлемдік деңгейдегі білім орталығына айналдыру қажеттілігіне баса назар аударған еді. Әлемдік озық тәжірибелерді талдап, таразылай отырып жасалған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында - жоғары оқу орындарының қызметін жоғары білім берудің әлемдік үлгісіне сәйкестендіріп, академиялық ұтқырлықты қалыптастыру - жүзеге асырылуға тиісті міндеттердің бірі ретінде көрсетілген.Жоғары білім берудің Еуропалық кеңістігін құраушы дамыған алдыңғы қатарлы елдердің басты ұстанымы - Болон декларациясының қағидаларын басшылыққа алу болып табылады.

Сапалы білім алуға ұмтылған студенттер саны өсіп келеді. Шетелде 20 мыңнан астам қазақстандық білім алуда. Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының 3000 - дай иегері әлемнің 27 елінде білім алуда. Бұл қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі академиялық және мәдени интернационализациялауды нығайтуға, білім беру бағдарламалары мен ғылыми - зерттеу сапаларын жақсартуға әсер етеді.
Академиялық ұтқырлық жеке даму мен еңбекке орналасу мүмкіндігі үшін маңызды және ол жан-жақтылыққа, сыйластыққа тәрбиелейді, өзге мәдениеттерді игеруге мүмкіндік береді. Ол лингвистикалық плюрализм мен жоғары оқу орнының бәсекелестік қабілетін көтеруге ынталандырады.

Оқу жылының ұзақтығы 30 апта емтихан, қорытынды бақылау тапсыруға 6 апта беріледі.
Еуропа елдерінде бакалавриатта оқу ұзақтығы 3 - 4 жылды құрайды, соған сай 180 - 240 сынақ кредитті жинауды талап етеді.
Пәннің КАЕЖ кредитіне сәйкес қайта есептеуде ҚР кредиттерін КАЕЖ кредитінің коэффиценттеріне аудару қажеттілігіне байланысты КАЕЖ - ң 1 кредиті төменде берілген коэффицентке сәйкес аударылады:

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес қазақстандық білім беру туралы құжаттардың шет елдерде тануын қамтамасыз ету үшін және академиялық ұтқырлық жөніндегі мәселелердің тиімді шешілуі үшін болашақта елімізде (Ұлттық Аккредитациялау орталығын қайта құру негізінде) Болон үдерісі және академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.
Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық - шетелдік жоғары оқу орындарында білім алу, оқытушы - зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық - білім алушылардың, оқытушы - зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі.