Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экология

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Тұрақты даму проблемалары

Мазмұны
Кіріспе 3
1. Ғаламдық экологиялық проблемалар 4
2. Ғаламдық экономикалық-экологиялық проблемаларды шешу жолдары 10
3. Тұрақты даму концепциясы 13
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер тізімі 16

Кіріспе
Қазіргі заманғы ғаламдық экологиялық жағдайдың нашарлауын адамзаттың тұтыну ауқымымен және биосфераның ресурстық - экологиялық мүмкіндіктерінің сәйкес келмеуімен түсіндіруге болады. Ноосфера туралы ілімнің ізін қалаған академик В.И.Вернадский XX ғасырдың ортасында - ақ адамзаттың шаруашылық әрекеті географиялық ортаға табиғаттың өзінде жүріп жатқан геологиялық процестерден кем әсер етпейтіндігі туралы жазған. Одан бергі өткен уақытта адамның табиғатқа әсері одан сайын арта түсті; экологиялық проблемалар ауқымы жөнінен ғаламдық сипат алды (косарбеттегі "Дүние жүзінін экологиялық проблемалары" картасын қараңдар). Ғаламдық экологиялық проблемалар түрліше сипатта; олардың аса маңыздыларына табиғи ортаның ластануы мен ахуалының нашарлауы жатады.

1. Ғаламдық экологиялық проблемалар
Адамның шаруашылық әрекеті қоршаған ортаның шамадан тыс ластануына алып келді. Атмосфера мен гидросфераның өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қалдықтарымен, ал Дүниежүзілік мұхиттың мұнаймен ластануы, топырақ қабатында ауыр металдар мен улы заттардың шоғырлануы, тұрмыстық қалдықтар көлемінің артуы ақыр соңында адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Атмосфераны ұдайы оттекпен байытып отыратын ормандардың жойылуы топырақтың құнарлы қабатының тез жайылуына, су режимінің өзгеруіне кері өсерін тигізеді.

2. Ғаламдық экономикалық-экологиялық проблемаларды шешу жолдары
Елдердің экологиялық - экономикалық типтері. Шаруашылықтың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту мақсатында өндірістің аумақтық-салалық құрылымын өзгерту, жаңа технологияларды енгізу, қалдықтарды өңдеу мен залалсыздандыру шаралары жүргізілуі қажет. Экономикалық даму деңгейінің әр түрлі болуы елдердің экологиялық проблемаларды шешу мүмкіндігін де түрліше етеді. Іс жүзінде елдің экологиялық саясатының нақты экономикалық жағдайға тәуелді болатыны белгілі.

3. Тұрақты даму концепциясы
Адамзат өркениеті дамуының материалдық негізі болып табылатын дүниежүзілік шаруашылық қоршаған ортаға барған сайын күшті әсер етуде. Жекелеген елдердің қоршаған ортаға зиянды ыкпалдын ауқымы, ең алдымен, экономикасының даму деңгейімен анықталады. Соңғы онжылдықтарда дамушы елдердің басым көпшілігі қарқынды даму үстінде, бүл өз кезегіңде адамзаттың табиғи ортаға әсерін күшейте түсуде. Қазіргі таңда дүние жүзі қауымдастығы қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірлесе шешу қажеттілігін түсінді деуге болады.

Қорытынды
Шаруашылық құрылымын кайта көру байырғы өнеркәсіптік аудандардың мамандану бағыты мен жаңа аудандардың игерілу сипатын өзгертіп, еркін экономикалық аудандардың қалыптасуына, технополистер мен басқа да ғылыми-өндірістік бірлестіктердің пайда болуына апарып соқты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Жалпы биология, Сартаев А., Гильманов М. Алматы «Мектеп» 2006ж
2. Биология, р.Сәтімбеков, Р.Әлімқұлов, Ж.Шілдебаев Алматы, «Мектеп 2007 жыл
2. Жалпы биология Т.Қасымбаева, К. Мұхаметжанов., Алматы «Мектеп» 2006ж
3. Сүлейменов С.Қ-Қалдықсыз технология экология қызметіне /С.Қ Сүлейменов//-А; 1991.-128б
4. Жорабекова А.С. Экологиялық тәрбие-тұған өлкені сүюге баулу /А.С Жорабекова// Білім-2002.-№3-165 б
5. Таңатарова Қ.С. Экологиялық білім беру негізі /Қ.С Таңатарова// Қазақстан мектебі-2002.-№1-2.-42-44б
6. Қосанов О.С Экология және адам экологиясы /О.С Қосанов// Қазақстан