Қазақ хандығының тарихы
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында (ХІV-ХV ғ.ғ.) қазақ тайпалары Сібірден Сыр бойына, Ертістен Жайық жағасына дейінгі аралықта қоныстанған болатын. Қазақ халқының және оның хандығының негізін құраған қазақ мына жерлерде орналасты: Арғыңдар Ертістен батысқа қарай орталық Қазақстанды, ішінара Сырдарияны және Батыс Жетісуды мекендеді. Наймандар Ұлытаудан Есілге дейінгі аудандардың көпшілігін қоныстанды; Қоңыраттар Түркістан мен Қаратау аудандарын мекен етті; Керейлер Жетісуда және Тарбағатайда, сондай-ақ Ертіс бойын Зайсан көлінен Ом және Тобыл өзендеріне дейінгі өңірде өмір сүрді. Дулаттар Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Ыстық көлден оңтүстікке қарай, соңдай-ақ Оңтүстік Қазақстанда «Отырар жасыл алқабын» мекендеді, Қаңлылар, Қаратау баурайы, Сырдария және Батыс Жетісудағы өзендердің ежелгі мекендерінде болды; Үйсіндер Жетісу өңірін қоныстанды. Жалайырлар Қаратау баурайын, Орта Сырдария өңірі менен Жетісуда қоныстанған.
Алғашында қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Міне, осы территорияға деректемелерде түңғыш «Қазақстан» деген атау қолданды. Қазақ халқының алдында тұрған міндеттер:
Хақназар орнына келген Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) және оның ұлы Тәуекел (1586-1598) Бұхара ханы Абдолламен біріге отырып Баба сұлтанды талқандайды.
Тәуекел кезінде Қазақ хандығы мен Россия арасында дипломатиялық қатынас нығая түсті.
Қорыта келе айтқанда, «қазақ» сөзінің тарих сахнасына шыққан кезі XV ғ. екінші жартысы десек, бүл кезең - қазақ халқының қалыптасып біртүтас ел болған кезі. Оның құрамына үш жүздің жерінде өмір сүрген қыпшақ, арғын, найман, үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр, Әлімұлы, Байұлы, т.б. кептеген үлкенді-кішілі тайпалардың біріккен мезгілі болып табылады. Түркі тілдес тайпалардың халық болып қалыптасудың тек тілдік бірлігіне ғана емес, әдет-ғүрып, салт-сана, діни наным-сенімдері, экономикалық, физиологиялық ұқсастық, территориялық бірлестік сияқты халық болып қалыптасудың шартты белгілері толық пісіп жетілген.
Шыңғыс хан дәуірі мен Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі тақырыбымызда тарих ғылымында орын алған дәстүрлі көзқарастарды ғана баяндадық. Бүгінгі таңда, еліміздің тәуелсіздігінің он жылдығыңда тарих ғылымында орын ала бастаған жаңа көзқарастарды да айға кеткіміз келеді. Бүл көзқарастар толық орныққан жоқ, әлі пікірталасын туғызуда:
Қазақ мемлекетінің тарихы өзінің дамуында мынандай кезеңдерден өткен: