Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 15 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Қазіргі кездегі жаһандандыру мәселелері. Саяси болжау


Жоспар
1 Қазіргі кездегі жаһандандыру мәселесі түсінігі. Жаһандандыру мәселесі типтері 3
2 Жаһандандыру мәселесін шешудегі халықаралық іс – шаралар. Жаһандандыру мәселесін және халықаралық ұйым 7
3 Жаһандандыру мәселесі жүйесіндегі қазіргі Қазақстан 10
4 Саяси болжаудың түсінігі, болмысы және ерекшелігі 13
Әдебиеттер 15

1 Қазіргі кездегі жаһандандыру мәселесі түсінігі. Жаһандандыру мәселесі типтері
Қазіргі жаһандандыру заманында өмірдің әлеуметтік - саяси, мәдени және рухани салаларының бәрінде де, адамзат өзінің әр алуан тіршілігінің жазмыштық стадиясын бастан кешіп отыр. Интеграцияның осынау ерік бермес процесі, іс жүзінде тежеуге көнбейтін, мәні бойынша жазмыштық сипат алып отыр, яғни бір қоғам бар қорғанғысы келеді - ақ, бірақ мүмкіндігі жоқ, енді бір қолқам бар өзінің даму өресінде жаһандық экспансиялық бағдарламасына қандай да бір тосқауылды сезінбейді. Жаһандану ұғымы мен құбылысына және жағымды - жағымсыз жақтарына қатысты ойдың жосығын былай қоя тұрып, мен оның принципті мәні бар бір қасиетін түсіндіре кетуді қажет деп санаймын. Жаһандану барлық елдер мен халықтар үшін ортақта жазмыштық құбылыс емес.

2 Жаһандандыру мәселесін шешудегі халықаралық іс – шаралар. Жаһандандыру мәселесін және халықаралық ұйым
Халықаралық саяси экономия халықаралық саяси зерттеулерге соны көзқарас ретінде 1970 жылдары, мұнай бағасының өсуі және Бреттон – Вуд халықаралық валюта жүйесінің құлдырауы зекіді құбылыстар жаһандық тәртіптің экономикалық негізінің маңыздылығы, бұлдырлығы және әлсіздігі туралы ағылшын –саксон академиялық пікіріне ескерту жасаған кезде, 1970 жылдары дүниеге келді. Халықаралық қатынастар дәстүрлі түрде зерттеліп, саясатқа және дипломатия тарихына баса ден қояды. Керісінше, осы заманғы экономикаға абстракциялы және өркөкірек деген айып тағылды.

3 Жаһандандыру мәселесі жүйесіндегі қазіргі Қазақстан
Қазіргідей күрделі әлемде Қазақстанның алдыңғы қатарлы мемлекеттермен иықтас тұруы үшін дипломатиялық қызметке үлкен жауапкершілік артылып отыр. Сыртқы саясаттың стратегиялық бағыттары өзгермегенімен, елдің дамуына және жаһандану талаптарына сай сыртқы қатынастардың мазмұны күрделеніп, жұмыс ауқымы арта түсуде.
Елбасының Жолдауындағы және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясындағы басты міндеттердің бірі – халықаралық сахнада Қазақстанның жауапты және сенімді серіктес екендігін нақты дәлелдеу.

4 Саяси болжаудың түсінігі, болмысы және ерекшелігі
Қазіргі таңда елімізде халқымыздың тарихын таразылау процесі жүруде. Мақсат - өткенді сүзгісінен өткізе отырып, болашаққа бағдар жасау. Шын мәнінде дамудың эволюциялық барысында белгілі бір кеңістікте қоғамға тән мәдени –экономикалық, рухани ортақтық, өркениеттік тұтастық қалыптасады. Өркениет мәселесі мемлекеттік болмыспен байланысты. Сондықтан да Қазақстан Президенті стратегиясының түпқазығы, басты арқауы - адам тағдыры.