Сырттай сот өндірісі және сырттай шешімі
Сырттай сот өндірісінің түсінігі, маңызы және негіздері. Істі сырттай қараудың ерекшеліктері. Сырттай шешімнің түсінігі, мазмұны және заңды күші. Сырттай шешімге шағым беру және оның құқықтық салдары.
Сырттай сот өндірісінің түсінігі, маңызы және негіздері. ҚР АІЖК 24-тарауы «сырттай шешім» ұғымын және жаңа азаматтық істерді қарастыру процедураларын қарастыратын «сырттай сот өндірісі» деп аталатын ұғымды кіргізді.
Сырттай шешімнің түсінігі, мазмұны және заңды күші. Сырттай шешімнің мазмұны сот шешімінің мазмұнына сай келуі тиіс (ҚР АІЖК, 221-бап). Сырттай шешіс кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөлімдерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде сырттай шешімді шығарған мерзімі мен орны, шешім қабылдаған соттың атауы, сот құрамы, тараптар, іске қатысушы басқа тұлғалар, соттағы өкілдер; даудың пәні немесе қойылған талап туралы баяндалады.
Сырттай шешімнің заңды күшіне енуі ҚР АІЖК 235-бап талаптарына сай жүзеге асырылады. Шығарған шешімдер, егер оларға шағым немесе наразылық келтірілмесе, оларға апелляциялық шағымдану, наразылық келтіру мерзімі өткен соң заңды күшіне енеді. Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімнің күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді.