Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық негіздері

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Полный просмотр работы

Еңбек тәртібі және оның мәні

Жоспар
1 Еңбек тәртібі және оның мәні 3
2 Еңбек тәртібі және материалдық жауапкершілік 7
Пайдаланылған әдебиеттер 11

1 Еңбек тәртібі және оның мәні
Еңбек тәртібі жұмыс беруші мен қыметкерлердің ішкі еңбек тәртібіне мойынсұну, оның белгілеп берген талаптарын орындау жөніндегі өзара міндеттемелерінен көрініс табады.
Еңбек тәртібі сендіру және мәжбурлеу сияқты әдістердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Сендіру әдісін қолдану қызметкерлердің әкімшілік талаптарын, кәсіпорынның (ұйымның) ішкі еңбек тәртібі ережелерін саналы және ерікті түрде орындауға деген ішкі қажеттіліктерін тәрбиелеу мақсатында олардың санасы мен мінез-құлқына әсер етуді көздейді. Сендіру әдісін іске асырудың нысаны көтермелеу шаралары болып табылады.
Мәжбурлеу әдісі сендіру әдісі кажетті нәтижелерге кол жеткізбеген уақытта қолданылады. Ол еңбек тәртібін бұзғаны үшін колданылатын тәртіптік жазалау шаралары болып табылады.
Еңбекті ұйымдастырудағы жұмыс берушінің міндеттері:

Мұндай тәртіптік жазалауларды алып тастау жөнінде жеке еңбек дауларын қарау үшін белгіленген жалпы төртіп бойынша шағымдануға болады (еңбек дауларын қарайтын келісім комиссиясына, сотқа). Бағыныштылық тәртібімен берілген жазалауларды алу үшін мемлекеттік қызмет
Жоғары тұрған органға лауазым иесіне не сотқа шағымдана алады.
Тәртіптік жазалаулардың олар қолданылған күннен бастап алты ай ішінде күші бар. Егер қызметкерлерге осы мерзім ішінде жаңадан тәртіптік жаза қолданылмаса, онда оның тәртіптік жазасы жоқ деп есептеледі. 6 ай мерзім өткеннен кейін бұл туралы бұйрықтың шығарылғаны не шығарылмағанына қарамастан тәртіптік жаза өзінен-өзі күшін жояды.
Қызметкерлер жұмыста болған кезінде кәсіпорынға немесе мекемеге зиян келтіретін болса, материалдық жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда кызметкер жалақысынан төлеу арқылы келтірілген зиянның орнын толыктай етейді. Сондықтан да кызметкерді жұмыска алғанда кәсіпорынның не мекеменің мүліктеріне ұқыпты болу талап етіледі. Кәсіпорынның немесе мекеменің мүлкін ұрлағаны үшін кызметкер қылмыстық жауапка тартылады.

2 Еңбек тәртібі және материалдық жауапкершілік
Қызметкерлердің еңбек қатынастарындағы негізгі міндеттері заңның 7-бабында көрсетілген. Осы бапқа сәйкес қызметкерлер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде жазылған еңбек міндеттерін адал орындауға; енбек тәртібін сақтауға; жұмыс процесінде жұмыс берушіге мүліктік зиян келтіруге жол бермеуге; еңбек қорғау, өрт кауіпсіздігі және ендірістік санатория женіндегі ережелердің талаптарын орындауға міндетті және т. б.
«Қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары» деп аталатын X тарауда жұмыс берушінің қызметкерге еңбектегі табыстары үшін көтермелеудің әр алуан түрлерін қолдану көзделген.
Көтермелеудін, түрлері мен тәртібі жеке еңбек, ұжымдық шарттармен және жұмыс берушінің актілерімен белгіленеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. А. Ибраева, Г. Әлібаева, Қ.Айтхожин «Құқықтану» Алматы 2006 ж.
2. Баянов «Мемлекеттік құқық негіздері» Алматы 2003ж.
3. Құнқожаев «Құқық негіздері»