Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 26 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Англияның әлемдік экономикалық дағдарыс кезіндегі сыртқы саясаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Англияның Еуропадағы 1921-1929 жж. саясаты 6
1.1 Еуропадағы қауіпсіздік мәселесіндегі ағылшын саясаты 6
1.2 Ағылшын билеуші топтарының антисоветтік саясаты 10
1.3 Болдуин-Чемберлен үкіметі саясатының қорытындысы. Лейбористердің билікке екінші рет келуі 12
2 Англияның әлемдік экономикалық дағдарыс кезіндегі сыртқы саясаты 15
2.1 Ағылшын империализмі және әлемдік экономикалық дағдарыс 15
2.2 Еуропадағы Англия саясаты 16
3 Агрессорлар бейбітшілігі кезіндегі ағылшын саясаты, 1933-1937 жж. 18
3.1 Ағылшын «араласпау» саясаты 18
3.2 Англияның ағылшын-француз-совет келіссөздеріндегі екілік ойыны 20
3.3 Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ағылшын империализмі 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ
Соғысаралық жылдары халықаралық саясатта үш негізгі бағыт болды: бірінші социалистік елдің капиталистік елдермен бейбіт қатынаста болуды, халықтар арасындағы бейбітшілікті қолдау және агрессияны басуға ұжымдық қауіпсіздік жүйесін құруды қамтамасыз етуге арналған Кеңестік Одақтың бейбітсүйгіш бағыты, өздері үшін тиімсіз Версаль-Вашингтон бейбіт реттеуін қайта қарастыру және әлемдік үстемдікке қол жеткізу мақсатындағы халықаралық соғысты дайындау мен өрбітуге арналған антикоминтерн лактісінің державалары – Германия, Италия және Жапонияның өте агрессивті бағыты және КСРО-ға әскери шабуыл ұйымдастыру мақсатымен Кеңестік Одаққа қарсы агрессивті бағыттары үшін агрессорлармен келісуге арналған батыс державалары – Англия, Франция және АҚШ-ң мюнхен бағыты.

1 Англияның Еуропадағы 1921-1929 жж. саясаты
1.1 Еуропадағы қауіпсіздік мәселесіндегі ағылшын саясаты
Версаль жүйесі қатысушыларына не мықты қауіпсіздік, не Еуропада ұзақ бейбітшілік әкелмеді. Алайда соғыстан кейінгі алғашқы жылдары ағылшын билік басындағылары өз еліне ұзақ уақытқа берік қауіпсіздікті қамтамасыз еттік деп ойлады.
1919 жылы Англияның әскери кабинеті әскери министрліктерге « Британ империясының он жыл ішінде ешқандай соғысқа қатыспайтындығы » туралы қамтамасыз етуін тапсырды. 1927 және 1928 жылдары Британ үкіметі империялық қорғаныс комитеті « он жыл ішінде ешқандай соғыс болмау » жағдайын тағы да он жылға ұзартты. « Он жыл соғыссыз » атты формуласы 1932 жылдың 23 наурызына дейін өз күшінде болды, себебі сол кезден бастап Макдональдтың ұлттық үкіметі халықаралық жағдайды ескере отырып бұдан бас тартуды ұйғарды.Сонымен қатар сол уақытқа қарай ағылшын билеуші топтары Версаль бейбіт реттеуі Англияның қауіпсіздігін ұзаққа дейін қамтамасыз ете алмайтындығын түсінген еді.

1.2 Ағылшын билеуші топтарының антисоветтік саясаты
Ағылшын капитализмінің тұрақтылық кезеңіне түсуі ағылшын сыртқы саясатының белгілі өзгерісіне, алып келді. бұл саясат Болдуин-Чемберлен консервативтік үкіметі кезінде бұрынғыға қарағанда реакциялы және агрессивті сипатқа ие болды. Франциямен европалық істерде бас р.өлді өз пайдасына шешіп, Англия көңілін басқа сыртқы саяси проблемаларға назар аудара алды.

1.3 Болдуин-Чемберлен үкіметі саясатының қорытындысы. Лейбористердің билікке екінші рет келуі
1929 жылдың парламенттік сайлаулардың жақындауы ағылшын қоғамын Болдуин-Чемберлен үкіметі қызметінің қорытыныдысын жасауға шақырды. Ішкі саясат саласында консерваторлар үкіметі қызметінің қорытындылары айтарлықтай болмады. Өндіріс және сыртқы сауда саласында тоқталыс жалғасты, бұқаралық жұмыссыздық қалды.
Сыртқы саясат саласындағы қорытындылар да мәз болмады. Ағылшын саясаткерлері мен тарихшылары арасында үлкен қуаныш деп есептелген Локарно Англия пайдасына Франция арасындағы европалық істерге соғыстан кейінгі жеңісті табыс етті. Германия Ұлттар Лигасына кірді. Алайда “Локарно сәттілігінен” басқа Болдуин-Чемберлен үкіметі бірнеше ірі сыртқы-саяси сәтсіздіктерге де ұшырады. Оның КСРО-ға қатысты саясаты сәтті болмады. Консерваторлар антисоветтік блок құру және Кеңестік Одаққа соғыс және интервенция ұйымдастыру саясаты іске аспады. Сонымен қатар ағылшын империализмі интервенция тәсілімен қытай революциясына қарсы күресу ойы да жүзеге аспағанын байқаймыз. Тіпті консерваторлар билік басында болған кезеңде Англиямен АҚШ қатынастары соғыстан кейінгі жылдарды алып қарағанда, ең тиімсіз жағдайда болды. Осы үш жағдайларда консерваторлар соғыс қатері қарсаңында тұрған себептен ағылшын халқы бұл істерге қолдау көрсетпеді.

2 Англияның әлемдік экономикалық дағдарыс кезіндегі сыртқы саясаты
2.1 Ағылшын империализмі және әлемдік экономикалық дағдарыс
1930 жылдың бірінші жартысында 1929 жылы АҚШ-нда басталған әлемдік экономикалық дағдарыс Англияға тарады, сол кезден бастап кейінірек лейбористер үкіметінің қаржы министрі Ф.Сноуден “аптадан аптаға” Черчиль айтқан “әлем білген дауылдардың ең жаманы” күш жинай бастады1 деп жазды. Англияны жаулап алған экономикалық дауыл 1932 жылдың екінші жартысында күшінің тасқан деңгейіне жетті. Ол кезде елдің өндіріс өнімінің ең төмендеуі байқалды. Англияның өндіріс өнімінің көлемі дағдарыс жылдары 15% қысқарды; 1929 жылы 100 құраған өндіріс өнімнің индексі 1930 жылы 92-ге, 1931 жылы – 84-ге дейін, 1932 жылы85-ке, ал 1933 жылы 93-ке дейін түсті.

3 Агрессорлар бейбітшілігі кезіндегі ағылшын саясаты, 1933-1937 жж.
3.1 Ағылшын «араласпау» саясаты
30 жылдардың ортасы капиталистік елдердің қоғамдық өмірінде майдан ұйымдарының жаңа формаларының пайда болуымен көркейтілді. Халықтық майдан буржуазиялық елдерде фашистік қауіптің және екінші дүниежүзілік соғыстың өршуінің пайда болуымен келді. Ол жұмысшы топтың жанына түрлі әлеуметтік қабаттың қосылуымен түсіндірілді: жұмысшылардан ұсақ буржуазиясына дейін және интеллигенция фашизм жолына тосқауыл құруға бағытталған халықтың демократиялық күш ұйымы коммунистік партиялардың белсенді араласуымен және солардың бастамасымен іске асып отырды.

3.3 Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы ағылшын империализмі
1929-1933 жылы әлемдік экономикалық дағдарыстан әзер шыққан Англия экономикасы ұзақ әрі ауыр депрессияны басынан кешірді, ал содан кейін қысқа экономикалық көтерілімінен кейін 1937 жылдың ортасында келесі циклді экономикалық дағдарысты көрді.

ҚОРЫТЫНДЫ
ХХ ғасырдың 30 ж. әскери қауіптің басты қайнар көзі фашистік елдер – Германия мен Италия жүргізген өте аггресивті саясат болды. Германияда нацистер Герман қанындағы халық “жоғарғы раса” деп жарияланған доктринаны шығарды. Билікке келген Гитлерліктер жемдік жауап алу бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мочульский Н. Англия в 1929-1933 годах. М., 1955ж. – 46 бет.
2. Мочульский Н. Англия в 1934-1937 годах. М., 1957ж. – 104 бет.
3. Мочульский Н. Кризис лейбористкой партии в 1931 году.. М., 1956ж. – 235 бет.
4. Николаев Н. Внешняя политика правых лейбористов Англии (1935-1940гг.) М., 1953ж. – 253 бет.