Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономикалық теория

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 11 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері


Жоспар

1 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері 3
1.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері 3
1.2 Пайданы барынша көбейту 7
1.3 Олигополия 9
1.4 Монопсония 10
Әдебиеттер 11

1 Жетілмеген бәсеке жағдайындағы рыноктық құрылымдардың негізгі типтері

1.1 Рынок құрылымдары және бәсеке түрлері

Жетілмеген бәсекелі рынокты талдауға көрнекті үлес қосқан экономистердің қатарына О. Курко, Э. Чембирлин, Дж. Робинсон, Дж. Хинс және басқалары жатады. Жетілмеген бәсекелі рынокты механизмін анығырақ түсіну үшін рыноктық құрылымдарды жіктеуді қарау маңызды. Солай болғанда жетілген мен жетілмеген бәсекелердің арасындағы айырмашылықтар анығырақ көрінеді.
Нақты жағдайда тек таза (жетілген) немесе жетілмеген бәсекелі "таза" монополия болмайды. П. Самуэльсонның пікірінше, нақты өмірде монополиялар жетілмеген бәсекенің элементтерімен ерекше қабысуы ретінде көрініс алады.
Монополияны талдауда "монополия" ұғымының бір мәнді еместігін есепке алудың маңызы бар. Бәрінен бұрын бұл құбылыстың мәнін өз этимологиясынан ("моно" — біреу, "полео — сатамын") шығару дұрыс емес. Нақты өмірде рынокта бір ғана фирма — тауар өндіруші әрекет ететін жағдай болмайтын нәрсе.
Олай болса, сұраныс қисық сызығы абсолютті түрде икемді емес фирманы табу мүмкін емес. 1.1 суретте ДД сызығы сұраныстың абсолютті түрде икемді емес екенін көрсетеді, қандай баға болса да (тіпті өте жоғары бағада), сатып алушы бәрібір Q1 санындағы тауарды сатып алады. Бірақ, бұл не тауар? Қатерлі ісік ауруына дәрі ме? СПИД-ке қарсы ваксина ма? Ақыр соңында төлем қабілетті сұраныс шектеулі (мысалы Р3 деңгейімен), және фирма ОР тіктігі арқылы шексіз жоғары (бағаны өсіріп) қозғала алмайды.

1.2 Пайданы барынша көбейту

Пайданы көбейту жағдайларын талдаудан бұрын алдымен жетілген және жетілмеген бәсекелі екі фирма өкілдерінің тауарларының қисық сызықтарын салыстырамыз. Бұл графиктерден көрінгеніндей жетілген бәсекелі фирма (1.3 а-сурет) рыноктық бағаға әсерін тигізбей қанша сатамын десе, сонша сата алады. Сондықтан оның ДД сұраныс қисығы көлбеу жатыр.
Рыноктық бағаға әсер ете алмауы, салаға кіретін фирманың өндірісі көлемінің салыстырмалы түрде үлкен еместігінде.

1.3 Олигополия

Қазіргі рыноктық құрылымдарды олигополия ұғымымен дәл сипаттауға болар еді. Сөзбе сөз олигополия ұғымы, "аздаған сатушылар" дегенді білдіреді. Бұл бірнеше үлкен фирмалардың өндірісті және өнімнің негізгі көлемін өткізуді басып алатын рынок типі.
Олигополия жағдайында бәсеке бағалық сипат алмайды. Қысқаша айтқанда, негізгі тұтынушыны бағаны төмендету арқылы тарту емес, басқа факторлар есебінен, тауарлардың сапасын жақсарту, жарнама, сатылғаннан кейінгі техникалық қызмет көрсету, т. б. арқылы тартуға негізделген. Сондықтан бағаның төмендеуімен байланысты бағаны бірінші болып төмендеткен фирмаға ұлғайған сұраныстың бір бөлігі ғана өтеді. Ал егер осы фирма бағаны жоғарылатса, басқа фирмаларда оның соңынан
ермеуі мүмкін. Сондықтан оның өніміне сұраныс бағалардың жалпы өскені жағдайына қарағанда тым шұғыл қысқарады.

1.4 Монопсония

Алдыңғы талдау монополияны сатушы рыноктық бағаға билік етудің ерекше құбылысы ретінде караумен байланысты. Алайда бағаларға белгілі бір бақылау сатып алушы жағынан да болады. Егер монополия ұғымы "жалғыз сатушы" дегенді білдірсе, монопсония ұғымы "жалғыз сатып алушы" дегенді білдіреді. Монопсония мәселесін зерттеу Дж. Робинсонның аса маңызды ғылыми еңбегі болып табылады. Осы тақырыпшада осы экономистің логикасына сүйенеміз. Монопсония жағдайында бағалардың орнығуын талдаудан бұрын "сатып алушының көзімен" жетілген және жетілмеген бәсекелі рыноктарды салыстырамыз. Жетілген бәсеке кезінде көптеген сатушылармен бірге көптеген сатып алушылар әрекет етеді. Жеке сатушы бұл жағдайда рыноктық бағаға әсер ете алмаса, жеке сатып алушы да жетілген бәсекеде сатып алатын тауарлардың бағасына әсер ете алмайды. Жетілген бәсекелес сатушының сұраныс сызығы абсолютті икемділігімен (эластикалығымен) сипатталады.

Әдебиеттер

1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі Астана 2003
2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория Оқу
құралы. 2 өлім. Экономика 2003
3. Крылова В. Экономикалық теория А. 2003
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. А.2002