Экономикалық өсудің теориялық және практикалық аспект жетістіктерін оқу
Жоспар
Кіріспе 3
1 Экономикалық өсудің теориялық негіздері 4
1.1 Экономикалық өсу және экономикалық даму 4
1.2 Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері 7
1.3 Экономикалық өсудің типтері 10
1.4 Инвестициялар және экономикалық өсу 12
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі 14
2. Экономикалық өсудің негізгі модельдері 17
2.1 Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі 17
2.2 Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі 19
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы 20
2.4 Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу 21
3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы және болашағы 23
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы 23
3.2 ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы 24
Қорытынды 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30
Кіріспе
Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және туындайтын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
1 Экономикалық өсудің теориялық негіздері
1.1 Экономикалық өсу және экономикалық даму
Экономикалық өсу – шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.
Экономикалық өсу – ұзақ уақыт аралығындағы нақты және әлуетті (мүмкін) ұлттық табыстың өсуі.
Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті және товар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады.
1.2 Экономикалық өсудің факторлары, көрсеткіштері
Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).
1.3 Экономикалық өсудің типтері
Мінезіне қарай (сандық немесе сапалық ) экономикалық өсудің екі типін ажыратамыз: экстенсивті және интенсивті (4-сурет).
1.4 Инвестициялар және экономикалық өсу
Экономикалық өсудің кез келген түрі қосымша инвестицияларды қажет етеді. Инвестициондық процестің мүмкіншілігі және оның өткізілімдігі экономикалық өсудің ең басты қозғауышы және реттегіші болып келеді.
Инвестициондық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті алғышарттарды талап етеді:
1.5 Экономикада және оның өсуіндегі мемлекеттік реттеудің ролі
Өнеркәсібі дамыған барлық елдерде экономиканың мемлекеттік секторлары бар. Олардың мөлшері мемлекеттің экономикалық рөлінің өлшеуіші болып табылады.
Экономикалық өсудің тарихы экономикадағы мемлекеттік реттеудің бірнеше модельдерін біледі.
2. Экономикалық өсудің негізгі модельдері
2.1 Динамикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық моделі
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дж.М. Кейнстің ізбасарлары динамикалық тепе-теңдіктің әр түрлі жағдайларын түсіндіре алатын жаңа модельді ойлап табуды өз алдына қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық модельдері ішіндегі аса танымалдары – Р. Харрод (Англия) және Е. Домар (АҚШ) модельдері. Бұл модельдер екі алғышартқа негізделген:
2.2 Экономикалық өсудің неоклассикалық моделі
Экономикалық өсуге анализ жасағанда, неоклассиктер біріншіден, өнімнің бағасы барлық өндіріс факторларымен жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір факторы өнімнің бағасан жасауға барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің үлесін қосып, осы шекті өнімге тең табыс көреді; үшіншіден, өнім өндіруге қажетті өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан; төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара ауыспалдығынан шығады. Неоклассиктердің моделі бірфакторлы неокейнсиандыққа қарағанда, көп факторлы болып келеді.
2.3 «Нөлдік экономикалық өсудің» концепциясы
ХХғ 70-жылдарының басында шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын «әлемдік апат» концепциясымен шықты.
2.4 Салааралық баланс (шығын-шығару) моделіндегі экономикалық өсу
Экономикалық өсудің маңызды модельдерінің бірі – салааралық баланс моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері бірінші бесжылдыққа әкелген жылдары СССР-да жасалған болатын. Бірақ рәсімделген түрінде алғашқы болып американдық экономист В. Леонтьев «шығын шығару» деген атпен шығарды. АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі кестелерді және сызықтық алгебра құралын қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен американдық экономиканы зерттеу үшін қолданылған болатын.
3 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы және болашағы
3.1 ҚР-дағы қазіргі экономиканың жағдайы
Қазақстандағы ЖІӨ көлемі 2002 жылда 9 ай ішінде шамамен 3 млрд. теңгеге жетті . Қазақстанда 2002 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының аралығында ЖІӨ көлемі 2797,9 млрд. теңгені құраса, өсу 2001 жылдың сол уақыт аралығына қарағанда 9,4% өсті. Қазақстанның статистика агенттігі көрсетілген уақыт аралығында өнеркәсіптегі өндіірс қарқыны 9,5 %, ауыл шаруашылығында 6,6% және құрылыста 7,7% өсті.
3.2 ҚР-дағы экономикалық өсудің болашағы
Алдыңғы қатарлы халықаралық қаржы институттары өте ұстамды болды. Осылайшы, қайта құру мен дамудың Еуропалық банкі (ЕБРР) өзінің сараптамасында 2004 жылы ТМД елдерінде экономикалық өсу 5,6% -ке баяулайтындығын, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2проценттік деңгейге төмендейтінін анықтаған. 2003 жылы Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның және Украинаның экономикалық өсуін итермелеген мұнайдың бағалары, шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейі бұл елдерге енді өзінің өсу қарқынын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Обзорда ТМД елдерінің экономиканы әртараптандыруға аз көңіл бөлетіндігіне алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар ЕБРР Ресей және ТМД елдерінің Армения, Грузия және Беларусия сияқты бірқатар елдерінің экономикалық өсуін көрсетсе, Қазақстан экономикасын сол баяғы бағада қалдырған.
Қорытынды
Экономикалық өсу ұлттық экономика масштабында өндірістегі товар және қызмет көлемінің өсу түрінде көрсетілуі мүмкін. Экономикалық өсуге анализ жасауда тек қана нақты ЖІӨ-нің өзгеруі назарға алынатындығы маңызды болып келеді. Номиналды өзгерістердің көрсеткіштері экономикалық өсу болып қарастырыла алмайды. Экономикалық өсу ішкі және халықаралық әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алатын өндіріс өсуін қамтамасыз етеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Жатқанбаев Е.Б. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. – Алматы, 2002.
2. Ломакин В.К. / Мировая экономика. Учебник. М.: ЮНИТИ. 2000. 727с.
3. Макконнел Кэмпбелл Р., Стенли Л. Брю./ Экономикс.М.: 2000
4. В фазе устойчивого экономического роста // Казахстанская правда, 2002. 8 октября.
5. Курс экономической теории: Учебник./ Под ред. М.Н. Чепурина, Е.А. Киселевой. – Киров: АСА, 2003.
6. Экономическая теория: Учебник / Под общ. ред. В.И. Видяпина, Г.П. Журавлевой. – М.: Изд-во ЭРА, 2000.
7. Экономика: Учебник / Под ред. А.С. Булатова. – М.: БЕК,2003.
8. Терминологиялық сөздік. Алматы: Рауан, 2000.
9. Қазақша-орысша сөздік. Алматы: Аруна, 2002.